Назарбаев университет

Нұрсұлтан Назарбаев ел арасындағы алыпқашпа әңгімені жоққа шығарды

3585
(Жаңартылды 14:18 31.05.2019)
Назарбаев университетінде түлектерге бесінші рет диплом тапсырылды

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Бүгін Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз атындағы университеттің үздік түлектеріне диплом тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Елбасы университеттің басты жетістіктеріне тоқталып, аталған жоғары оқу орнына қатысты алыпқашпа әңгімелерді жоққа шығарды.

"Ұят": Назарбаев ЕАЭО елдеріне ұсыныс айтты

"Шыны керек, бас кезінде біздің бастамамызға күдікпен қарағандар болды. Олар осы идеяның іске асатынына сенбеді. Қазірдің өзінде сынап жатқандар жоқ емес. "Бұл университет элитаға арналған, оған тек ауқатты адамдардың балалары ғана түсе алады" деген пікір бар. Бірақ осы жерде отырған жастар ол пікірдің қате екенін дәлелдей алады. Оны өздеріңіз де айта аласыздар", - деді Назарбаев.

"Блат, сват деген жоқ". Назарбаев білім саласының болашағын қалай елестетеді?

Айта кеткен жөн, биыл Назарбаев университетінде түлектерге бесінші рет диплом тапсырылып отыр. Бұған дейін 2 500-ден астам адам аталған университетті аяқтады. Биыл 963 адам оқуды тәмамдап отыр. Олардың ішінде 565 бакалавр, 348 магистр, 14 медицина докторы бар. Бұдан бөлек, 6 студент докторантура бағдарламалары бойынша білім алды.

"Ақылға қонымды болуы тиіс" Назарбаев білім министрлігінің олқылықтары туралы айтты

"Тәуелсіздік жылдары ішінде мен жасаған көптеген жобаның ішінде ең бір жақсысы да, қажеттісі де осы университет болды деп санаймын. Назарбаев университеті тәуелсіз Қазақстанның маңызды әрі бірегей жобасы болып саналады. Қысқа уақыттың ішінде халықаралық деңгейдегі беделді оқу орындарының қатарына қосылғанын бәріміз жақсы білеміз. Қазір бұл университет заманауи білім беру жүйесін қалыптастырып, еліміздің жоғары оқу орындарының көшін бастап келеді. Оған қарап, барлығы жол түзейді, үйренеді", - деп атап көрсетті Назарбаев.

3585
Кілт сөздер:
түлектер, Назарбаев Университет
Сот отырысы

Қазақстандық судьялардың іссапар кезіндегі әрекеті әшкере болды

2
(Жаңартылды 13:55 04.06.2020)
Жоғарғы соттың судьялары іссапармен Түркістан қаласына барған. Комиссияның құрамында Шымкент қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының судьялары да болды

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым - Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Жоғарғы соттың екі судьясын тәртіптік жазаға тартуға ұсыныс жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тергеуші Данияр Биғайдаровтың айтуынша, Жоғарғы соттың судьялары Түркістан қаласына іссапармен барған. Комиссияның құрамында Шымкент қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының судьялары да болды. Олардың барлығы сот этикасын өрескел бұзған.

"Судьялар қызметтік іссапар кезінде мемлекеттің тарапынан толығымен қамтамасыз етіледі. Соған қарамастан, облыстағы әріптестерінен материалдық сый-сыяпат алған. Мәселен, Жоғарғы соттың судьялары танымал мейрамхананың VIP-кабинасында түскі асты да, кешкі асты да күтіп алушылар есебінен ішкен. Оған қоса, күтіп алушылардың көліктерін жеке мақсатта пайдаланған. Осылайша,  этиканы өрескел бұзған", - деді тергеуші Данияр Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте.      

Оның сөзіне қарағанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Жоғарғы сотқа екі судьяны тәртіптік жазаға тарту туралы ұсынысты енгізді. 

"Жалпы, бұған дейін осы іспетті ұсыныстарды қарастырғаннан кейін 272 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылған болатын. Олардың ішінде 30 адам жұмыстан босатылды", - деп атап көрсетті Биғайдаров.

2
Кілт сөздер:
сот, іссапар, судьялар
Тақырып бойынша
Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокурорларды қылмыс үстінде ұстады
Отыз жеті судья жұмыстан шығарылған: Тоқаев Жоғарғы сот төрағасын қабылдады
Алматыда судья алған парасын қайтарып жатқан жерінен ұсталды - видео
Нұр-Сұлтанда басқарма басшысын ұстау сәтінің видеосы жарияланды
Пара ретінде темекі алған полицейдің үстінен іс қозғалды
Полиция инспекторы

Пара ретінде темекі алған полицейдің үстінен іс қозғалды

20
Күдікті өз кінәсін толық мойындағаны үшін қамауға алынбаған. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Ақтөбеде карантиндік блок бекетте параны темекімен алған полицей ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпараты бойынша құқық қорғаушы жергілікті полицияда жұмыс істейді. Қызметі – патрульдік полицияның инспекторы.

"Полицей 30 мамыр күні 10 800 теңге тұратын "Парламент" темекісінің екі қаптамасын пара ретінде алған. Сол үшін "Магистраль №4" блок бекеті арқылы арнайы рұқсатсыз өткізуге уәде еткен", – деді тергеуші Данияр Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте.

Тергеушінің айтуынша, өз кінәсін толығымен мойындағаны үшін күдікті қамауға алынбаған. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасуда.

Айта кетейік, 1 маусымнан бастап республика бойынша барлық блок бекеттер алынды. Содан кейін барлық бағыттағы қалааралық автобус қатынасы ашылды. Пойыздар да жүре бастады.

Оқи отырыңыз: СҚО-да карантинде кедергісіз жүру үшін полицей 1 миллион 300 мың пара алған

20
Кілт сөздер:
пара, полицей
Тақырып бойынша
Карантин кезінде ажырап қалған: полиция балаларды ата-анасымен қауыштырды – видео
Ернар Айдар неліктен полиция ұстап әкеткенін түсіндірді – видео
Полиция Көк Жайлаудағы отырыс ұйымдастырушыларын іздестіріп жатыр
Жамбыл облысында болған оқиғаның видеосы жарияланып кетті - полиция ақпарат берді