Нұрсұлтан Назарбаев, архивтегі фото

"Өзімізде бәрі бар" Назарбаев шетелге шыққысы келмейтінін айтты

421
(Жаңартылды 14:20 31.05.2019)
Елбасы елімізді көркейтіп, туристік нысандарды көптеп аша беретін болсақ, біз емес, жұрт бізге келетінін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН,  31 мамыр – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз атындағы университеттің үздік түлектеріне диплом тапсыру кезінде қазіргі қызметі туралы айтып, шетелге демалысқа да шыққысы келмейтінін жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазір мен Елбасы ретінде басқа өзіме жүктелген шараларды орындау барысында көп нәрсені ойға алып жүрмін. Сол ойлағанымды тұжырымдап, елге қызмет ету жағдайын қарастырып жатырмын", - деді Назарбаев.

Домалақ ана кесенесінің шырақшысы киелі жердің қасиеті туралы айтып берді 

Тұңғыш президент осы уақытқа дейін шетелдің барлық жерін аралап шыққанын атап өтті. Енді еш жерге шыққысы келмейді.  

"Мен – дүниенің барлық мемлекетін аралаған адаммын. Өз өмірімде 200-ге жуық президентпен кездестім. Премьерлер, ғалымдар, неше түрлі саясаткерлермен кездестім. Дүниенің барлық "әдемі" дейтін жерінде болдым. Шынымды айтсам, соның бәрін аралағаннан кейін Қазақстаннан басқа жерге барғым келмейді. Демалысқа да барғым келмейді. Қазір өзімізде бәрі бар", - деп атап көрсетті Назарбаев.

Оның айтуынша, теңіз іздеген адамға Каспийге баруға болады. Қазіргі кезде ол жақта үлкен кешен салынып жатыр. Негізгі мақсат – ірі туристік орталық жасау.

"Аталған кешен ешқайсынан кем болмайды. Бізде Алакөл де, Бурабай да дайындалып жатыр. Алматы облысында тау шаңғысымен демалатын жерлер ашылып жатыр. Барлығы бар. Елімізді көркейте берсек, туристік нысандарды аша беретін болсақ, біз емес, бізге келетін болады. Біздің арманымыз сол", - дейді Елбасы.

421
Тақырып бойынша
"Қазақтың қонақжайлығы аздық етеді": Қазақстанға туристер неге аз келеді?
Қазақ елін әлемге танытқан "Медеу" мұз айдыны – архив суреттер
Мысырға саяхаттап барған туристің жүрегі мен бүйрегі ұрланды
Байбек Көк Жайлаудағы курорт жайлы: Бұл химия зауыты емес
Монеталар

Қазақстанда қаржы пирамидасына қатысы бар қанша қылмыстық топ анықталды

3
(Жаңартылды 14:45 04.06.2020)
Министр орынбасары "Гарант 24 ломбард" ЖШС, "ЕSTATE ломбард", "Выгодный займ" басшыларына қатысты атышулы қылмыстық істер туралы да айтты

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігі қаржы пирамидаларымен күрес қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғали Заппаров әр өңірде қаржы пирамидасының қызметіне қарсы іс-қимыл бойынша мамандандырылған топтар құрылғанын атап өтті.

"Соңғы үш жылда Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша полиция бөлімшелері 42 қылмыстық іс қозғады. Олар бойынша қылмыстың 975 эпизоды тергелді. 2017 жылы – 11, 2018 жылы – 9, 2019 жылы – 10 және қазіргі кезде 12 қылмыстық іс қозғалған", – деді ол сенат отырысында депутаттың сұрағына жауап беріп.

Оның айтуынша, 38 қылмыстық топ, оның ішінде трансұлттық бір топ анықталған.

2017-2019 жылдары ішкі істер министрлігі Қазақстан, Ресей және Испания азаматтарына қатысты қылмыстық істі тергеді. Олар "Questra Holdings" қаржы пирамидасын құрған. Былтыр желтоқсанда кінәлі адамдар сегіз жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Оқи отырыңыз: "14 мың сал да, 114 мың ал": сарапшы жаңа қаржы пирамидасы туралы шындықты айтты

Қылмыстық топ 9 миллиард теңгеден астам шығын келтірген.

Заппаров биыл "Гарант 24 ломбард" ЖШС, "ЕSTATE ломбард", "Выгодный займ" басшыларына қатысты қозғалған атышулы қылмыстық істерге де тоқталды.

"Бұл компаниялардың филиалы 15 өңірде қызмет етіп, олар өз жобаларына 39 мыңнан астам адамды қатыстырған. Бүгінде 9 393 адам арыз түсірді", – деді ол.

Ішкі істер министрлігінің басшылығы қылмыстық істі тергеуді өз бақылауына алған.

3
Кілт сөздер:
қаржылық қызметтер, қаржы пирамидасы
Тақырып бойынша
Әлеуметтік желіде жұртты 6 миллион теңгеге алдап соққан алаяқ ұсталды
Сотталған алаяқ түрмеде отырып-ақ 500 адамды арбауына түсірген
Қызылордада "таксистерді" ерекше әдіспен алдаған алаяқ қоғамдық резонанс туғызды
Өскемендік алаяқ жиһаз жасап беремін деп 16 адамды алдап кетті
Қарағандыда қаржы пирамидасы туралы іс тергелуде
EuroMillions лотерея билеті

Заңсыз лотерея өткізетіндер қалай жазаланады сенат заң қабылдады

12
Заңда лотерея операторынан немесе таратушыларынан басқа кез келген лотерея жарнамасына тыйым салу көзделеді

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Парламент сенаты лотереялар және лотерея қызметі туралы заңды екі оқылымда қарап, қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, заң жобасы лотереялық қызметті құқықтық реттеуді жетілдіруге бағытталған.

Құжатта лотерея операторы болып саналмайтын тұлғаның лотерея ойындарын жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген.

Жеке тұлғаларға – 100 АЕК, шағын бизнес немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін – 300 АЕК, орта бизнес үшін – 500 АЕК, ірі бизнес үшін 1 000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

"Ал бір жыл ішінде қайталанып жасалған заңсыз іс-әрекеттер үшін жеке тұлғаларға – 200 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 700 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 1 000 АЕК, ірі бизнес үшін 2 000 АЕК айыппұл салынып, әкімшілік құқық бұзушылықтың табысы тәркіленеді", – деді Райымқұлова сенат отырысында.

Сонымен қатар, лотерея операторымен немесе таратушыларымен (агенттерімен) орналастырылған жарнаманы қоспағанда, кез келген лотерея жарнамасына тыйым салынады.

Оператор – біреу, таратушы – үш мыңға жуық

Үкіметтің 2017 жылғы қаулысымен "Сәтті Жұлдыз" АҚ лотерея операторы болып 15 жыл мерзімге белгіленді. Лотерея операторында 748 қызметкер жұмыс істейді.

Министрдің ақпаратынша, республикада 3 мыңға жуық таратушы (агенттер) шағын және орта кәсіпкерлерден тұрады. Олармен келісімшарттар негізінде жұмыс жүргізіледі, яғни лотерея операторы лотереяның дұрыс жүргізілуіне және таратылуына тікелей өзі жауап береді.

Таратушылар (агенттер) лотерея операторынан жалпы таратылған лотерея билеттерінің құнынан 6 процентке жоғары сыйақы алады.

Оқи отырыңыз: Енді Instagram-да лотерея өткізетін әнші-әртістер жауапқа тартылады

"Сәтті Жұлдыз" АҚ 24 жедел (оның ішінде 18-і электрондық) және 8 тиражды лотерея ойынын (оның ішінде 4-і электрондық) жүзеге асырады. 2017-2019 жылдар аралығында лотерея билеттерін сатудан түскен жалпы айналым 18,5 миллиард теңгені құраған.

Сенат заңды екі оқылымда да қабылдап, президентке жіберді.

12
Кілт сөздер:
Ақтоты Райымқұлова, заң, лотерея
Тақырып бойынша
Ұтып алған пәтерімді алмайтын болдым – вице-министр
Тікелей эфирде ұсталған Ернар Айдардың ісіне қатысты Мейрамбек Бесбаев пікір білдірді
Ернар Айдар заңсыз лотерея ұйымдастырды деген күдікке ілінді
"Котёл" ойыны: Тоқаевтың кеңесшісі өз ойын ашық айтты
Василий Левитпен бірге түскі ас: лотерея жеңімпазы анықталды