Қазақстандықтар, архивтегі сурет

1 маусымнан бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді?

18621
Жаздың бірінші айы бір миллионнан астам қазақстандық үшін қуанышты жаңалықпен басталғалы тұр. 1 маусымнан бастап жалақысы төмен азаматтардың қалтасы қалыңдай түседі

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Қазақстанда 2019 жылдың 1 маусымынан бастап бюджет саласының айлығы төмен қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Білім беру саласы

Бұл саласда істейтін қызметкерлердің жалақысы 10-30%-ке өседі.

Бірінші топ – еңбек жолын енді бастаған жас мұғалімдер, колледж мұғалімдері, әлеуметтік психологтар, балабақша жетекшілері мен тәрбиешілері, тәрбиешілердің көмекшілері.

Мәжіліс депутаты мұғалімнің жалақысы қанша болуы керектігін айтты

Мәселен, қалада істейтін, еңбек өтілі 2-3 жылды құрайтын әлеуметтік педагог, кітапханашы, тәрбиешілердің айлығы қазіргі 55 869 теңгеден 70 859 теңгеге дейін артады. Ауылдарда 69 837 теңгеден 88 573 теңгеге дейін көтеріледі.

Еңбек өтілі 2-3 жылға жетіп қалған педагог-психологтар (қалада) қазір 65 019 теңге алса, енді 81 565 теңге төленеді. Ауылдарда 81 273 теңгеден 101 957 теңгеге дейін ұлғаяды.

Мемлекеттік қызметшілер 1 миллион теңгенің бонусын қайда жұмсады?

2-3 жылдық еңбек өтілі бар мұғалімнің жалақысы: қалаларда 55 480 теңгеден 66 382 теңгеге дейін; ауылдарда 69 351 теңгеден 82 976 теңгеге дейін өседі.

Бүгіннен бастап жалақысы көтерілетін екінші топ –  көмекші персонал. Яғни, олар балабақшаның қатардағы қызметкерлері, еден сыпырушылар, күзетшілер, от жағушылар, сантехниктер мен электриктер.

Үшінші топ басқарушы персоналға жатады: мектеп директорлары, директорлардың орынбасарлары, балабақша басшылары.

Медицина қызметкерлерінің де еңбекақысы өседі

1 маусымнан бастап жалақысы төмен медицина қызметкерлерінің еңбекақысы 30 процентке артады.

1 шілдеден бастап полицейлердің жалақысы өседі

Мәселен, кіші медициналық персоналға қазір 48 861 теңге төленсе, енді 64 520 теңге алады, ал орта медперсоналдың айлығы 76 395 теңгеден 99 313 теңгеге дейін көтеріледі.

Тағы кімдер бар?

Әлеуметтік салада, мәдениет пен спортта, ауыл шаруашылығында және басқа да салаларда – азаматтық қызметшілер, әкімшілік және техникалық қызметкерлер, жұмысшылар, сондай-ақ орта және төмен буындағы облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлердің де жалақысы өседі.

Қазақстанда ең жоғары және ең төмен жалақыны кім алады?

Еске сала кетсек, Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясының съезінде 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын 30%-ке, аудандық және облыстық деңгейлерде тікелей халықпен жұмыс істейтін атқарушы органдардың төменгі сатыдағы қызметкерлерінің айлығын орташа есеппен 25%-ке өсіруді тапсырған болатын.

Жалақы 1 шілдеде көтерілмейді: Тоқаев үкіметке тапсырма берді

Кейінірек Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жалақысы төмен қызметкерлердің жалақысын 1 шілдеден емес, 1 маусымнан бастап көтеру туралы тапсырма берді.

18621
Кілт сөздер:
білім беру, медицина, Назарбаев, Қасым-Жомарт Тоқаев, жалақы, мұғалімдер жалақысы
Тақырып бойынша
Нығматулин: миллион теңге жалақы аласыздар да, жарытып жұмыс істемейсіздер
Еңбек министрі: жалақы жыл сайын көбеюі керек
Қазақстанда имамдар қанша жалақы алатыны белгілі болды
Қазақстанда желтоқсанда орташа айлық жалақы 174 мың теңге болды
Назарбаев Қазақстанда жалақы 4 есе артқанын мәлімдеді
Әскери қызметкерлердің қанша жалақы алатыны белгілі болды
"Құрметті сенатор" атанған Назарбаев жалақы ала ма?
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев

Министр Мырзағалиев "Алтынемелде" түсірілген видеоны жариялады

24
(Жаңартылды 18:43 28.09.2020)
Орта Азияда сирек кездесетін қар барысы көктемде "Сайрам Өгем" ұлттық паркінде де көрініп еді, дейді экология министрі

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында "Алтынемел" ұлттық паркінде алғаш рет қар барысы видеоға түсірілді. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

​Министр Twitter парақшасында қар барысының фото және видеосын жариялады.

"Жақсы жаңалықты бөліскім келіп отыр. "Алтынемел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде алғаш рет қар барысы байқалды. Жануар фототұзақ объективіне ілінген. Орта Азияда сирек кездесетін сүтқоректі көктемде "Сайрам Өгем" ұлттық паркінде де көрініп еді", - деп жазды министр.

Министрдің айтуынша, Қазақстан аумағында 120-130 бас қар барысы бар. Жануар жоғалып кетудің алдында тұр.  

"Барыстың көзге түсуі – ерекше құбылыс. Біз сирек кездесетін жануарларды барынша қорғауымыз керек. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бұл үшін бірқатар шара қабылдап, жүзеге асырады", - деп жазды Мырзағалиев.

Айта кетейік, Қазақстанның ерекше қорғалатын 13 аймағына 294 фототұзақ орнатылған.

24
Кілт сөздер:
видео
Тақырып бойынша
Белгісіз құбыжық тұрғындардың зәресін алды – жантүршігерлік видео
Шымкент зообағында жас жігіт жирафқа мініп алды - видео
Африкада түсірілген видео жұртты күлдірді
Семейде жыртқыш аң видеоға түсіп қалды
Ұялы телефон, архивтегі сурет

Мемлекеттік мекемедегі трагедия: марқұмның әкесі Назарбаев пен Тоқаевқа үндеу жолдады

735
Марқұмның әкесі ұлы департамент ғимаратының терезесінен өзі секірген жоқ, оны лақтырып жіберді деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматыда экономикалық тергеу департаменті ғимаратының терезесінен секіріп көз жұмған ер адамның әкесі Елбасы мен президенттен көмек сұрады.

Марқұм Ерлан Қоныспаевтың әкесі Сапарқали Қонысбаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінің профессоры, химия ғылымдарының докторы екен.

Айтуынша, ұлының үстінен қозғалған қылмыстық іс отбасының соңғы 30 жыл бойы айналысқан жұмысымен байланысты. Пандемия кезінде Алматының экономикалық тергеу департаменті жалған қылмыстық іс қозғаған.

"Үйде заңсыз тінту жүргізіп, компьютерлер мен құжаттарды тәркіледі. Ар-намысты қорлап, бізге үлкен моралдық қысым көрсетті", - деп мәлімдеді Сапарқали Қоныспаев.  

Ол 22 қыркүйек күні марқұм ұлын экономикалық тергеу департаментіне алдап шақырды деп санайды.

"Тергеуші іс жабылатынына сендірді. Бірақ, түннің бір уағында суыт хабар алдым: ұлымның көз жұмғанын хабарлады. Оны бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген. Ұйым басшылығының бұдан хабары болғанын сезіп отырмын", - дейді Сапарқали Қоныспаев.

Айтуынша, Ерлан Қоныспаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс бір ведомстводан екіншісіне тапсырылып, баптар өзгертіліп жатыр.

"Ерланның бірнеше дипломы болған, Францияда білім алды. Бес тіл білетін. Артында үш баласы қалды. Ол мемлекеттік мекемеде өлтірілді. Маған, Қазақстан азаматы ретінде, осының бәріне сену қиын", - деді марқұмның әкесі.

Ол соңғы уақытта өзінің және отбасының, қызметкерлерінің өміріне де алаңдап жүргенін айтты.

"Мен тергеудің әділ өткенін қалаймын. Мен үшін бұл оқиғадағы ең маңыздысы – ол шындық", - деді ол.

Ерлан Қоныспаевтың өлімі

28 қыркүйекте Алматыда аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп айыпталған ер адамның экономикалық тергеу департаменті ғимаратының терезесінен секіріп қаза болғаны хабарланды.

Қаржы министрлігі қаржылық мониторинг комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, трагедия 22 қыркүйекте болған. 44 жастағы Ерлан Қоныспаев экономикалық тергеу департаменті ғимаратының бесінші қабатынан секіріп көз жұмды.

Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, марқұм 2016 жылы білім министрлігінің ғылым комитетінен 230 миллион теңге мақсатты грант алған. Оның 88 миллион теңгесін еншілес компаниялардың шотына аударып, қолма-қол ақшаға айналдырған. Алайда келісімшартта көзделген жұмыстар орындалмаған.

22 қыркүйекте марқұмнан күдікті ретінде жауап алынады. Қасында адвокаты да болған. Ол Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-тармағында ("Аса ірі мөлшердегі алаяқтық") көзделген қылмысты жасады деп айыпталды.

Тергеуші Қоныспаевтың бұған дейін сотты болғанын және жаңа ауыр қылмыс жасағанын ескеріп, оны ұстау және уақытша ұстау изоляторына қамау туралы шешім қабылдайды.

Алайда тиісті хаттамалар толтырылғаннан кейін, ер адам терезеден секіріп кеткен.

Қазір бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұған қоса, қаржылық мониторинг комитеті ішкі қызметтік тергеу жүргізіп жатыр.

735
Кілт сөздер:
тергеу, Алматы