Саясат

Қазақстан полициясы күшейтілген режимге көшеді

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстан полициясы президент сайлауы алдында күшейтілген режимге көшеді
Қазақстан полициясы президент сайлауы алдында күшейтілген режимге көшеді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сайлауға байланысты 7-12 маусым аралығында барлық полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Сайлау күні қарсаңында Қазақстанның барлық аумағында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр қазір бүкіл елдің аумағында "Құқық тәртібі" операциясы жүргізіліп жатқанын, сондықтан қауіпсіздік шаралары қолға алынғанын атап өтті.

"Операция 6 маусымға дейін жүргізіледі. Сайлауға байланысты 7-12 маусым аралығында барлық полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді", - деді Тұрғымбаев үкімет кулуарында.

Ол 8 маусым тыныштық күні екенін, сондықтан үгіт-насихатқа тыйым салынғанын еске салды.

"9 маусымда сайлау, ол өте ерте басталады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін біздің патруль барлық дерлік жерде жұмыс істейді. Бұл сайлау кезінде өткізілетін қалыпты шаралар", - деп сендірді министр.

Тағы оқыңыз: Дауыс беру аяқталғаннан кейін 12 сағат бойы санақ жүргізіледі

Тұрғымбаевтың айтуынша, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 21 мың полицей жұмылдырылмақ.

Қазақстандағы президент сайлауы

Кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Сайлау учаскелерінде дауыс беру таңғы сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.

Осы жолы Қазақстан президенттігіне жеті адам таласады. Олар:

  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • "Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.

Президент сайлауына 12 067 475 бюллетень дайындалады.

Жаңалықтар
0