Ақша

Қазақстанда 1 шілдеден бастап жәрдемақы өседі

13688
(Жаңартылды 16:09 05.06.2019)
Жәрдемақы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес 30%-ке өседі

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Биыл 1 шілдеден бастап мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға тағайындалатын жәрдемақы мен бала кезінен I топтағы мүгедекке күтім көрсететіндерге берілетін жәрдемақы көлемі өседі, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.

"Нұр-Отан" партиясының XVIII съезінде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың берген тапсырмасына сәйкес мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға берілетін жәрдемақы көлемі 30%-ке өсуі тиіс болатын.

Тағы оқыңыз: Бала күтіміне келесі жылы қанша жәрдемақы берілетіні белгілі болды

Қазір мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,05 мөлшерінде, яғни 31 183 теңге жәрдемақы алып отыр. Айта кетсек, Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі - 29 698 теңге.

"2019 жылдың 1 шілдесінде мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға берілетін жәрдемақы мен бала кезінен I топтағы мүгедекке күтім көрсететіндерге төленетін жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 мөлшеріне дейін көбейеді, демек - 41 578 теңге (1,4*29 698)", - деп мәлімет берді "Азаматтарға арналған үкімет".

Корпорацияның мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда жәрдемақының осы екі түрін 95 мыңнан астам адам алады. Олардың 82 мыңға жуығы мүгедек баланы тәрбиелеп отырғандар болса, 13 мыңнан астамы - бала кезінен I топтағы мүгедектерге күтім көрсететіндер.

Тағы оқыңыз: Көпбалалы отбасыларға мемлекеттен қандай жеңілдіктер мен жәрдемақы бар?

Жылдың ортасынан бастап өсетін жәрдемақыны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері мен еңбек комитетінің өңірлік департаменттері автоматты түрде қайта есептейді және бұл үшін жәрдемақы алушылар қосымша құжат тапсырмайды.

Жәрдемақы шілденің және келесі айлардың 1-інен 15-іне дейін жұмыс күндері тағайындалатын болады.

13688
Кілт сөздер:
жәрдемақы, Қазақстан
Тақырып:
Жәрдемақы қалай төленеді (59)
Тақырып бойынша
Балаға берілетін жәрдемақы 2019: кімге, қалай және қанша төленеді?
Мүгедек бала бағып отырған отбасыға қандай жәрдемақы төленеді
Депутат әр балаға ең төменгі жалақының 50% көлемінде жәрдемақы төлеуді ұсынды
"Жәрдемақы өскенде, азық-түлік қымбаттай ма?" - сенатор бағаны реттеу мәселесін көтерді
Көпбалалы отбасыларға жәрдемақы: еңбек министрлігі депутаттың сынына жауап берді
iPhone, архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда ірі техника дүкенінде жарық сөнгенін пайдаланып қалғандар ұсталды

524
Тұрмыстық және электронды техника сататын дүкеннің қызметкерлері 6 миллион теңгенің ұялы телефондарын ұрлаған

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. "Sulpak" дүкенінің екі қызметкері бірнеше ұялы телефон ұрлағаны үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.   

Тергеу материалдарына сәйкес, 28 шілдеге қараған түні екі жас қызметкер түнгі ауысымда жұмыс істеген. Сол кезде жарық сөніп қалған. Олар соны пайдаланып, дүкен қоймасынан қымбат ұялы телефондарды алып шыққан. Атап айтқанда,  9 iPhone мен 11 Samsung-ті қолды еткен. Ұрланған мүліктің жалпы сомасы 6 миллион теңгені құрады.

Оқи отырыңыз: Арыста танысының үйінде қонақта болған жігіт ұятқа қалды  

Тергеу кезінде екеуі де ұрлық жасағанын мойындады. Ал ұялы телефондар олардың пәтерінен табылды. Екеуі бір пәтерді жалдап тұрған.  

"Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Оған сәйкес, ірі көлемде айыппұл салудан бастап бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - дейді полицейлер.

Айта кетейік, 2020 жылдың басында ұрлық ауыр қылмыстардың санатына қосылған болатын. Енді ондай әрекеттер үшін 3-7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Оған қоса, кінәлі адамдардың мүлкі тәркіленеді. Екі жақтың татуласуына рұқсат жоқ.

524
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, ұрлық, ұялы телефон
Тақырып бойынша
Белгісіз біреулер 13 миллион теңгені ұрлау үшін Нұр-Сұлтан тұрғынын аңдыған
Ақтөбеде полиция тергеушісі ноутбук ұрламақ болды
Банк қызметкері 87 миллион теңгені қымқырып, шетелге қашып кетті
Банк қызметкері үйлену тойын жасау үшін бес жарым миллион теңге ұрлаған
Абитуриенттер

Білім министрлігі шетелде оқитын студенттерге арнайы жеңілдік ұсынды

23
Қазақстандық оқу орнына ауысу үшін студенттер университеттің виртуалды қабылдау комиссиясына жүгінуі қажет

АЛМАТЫ, 12 тамыз – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі шетелде оқитын студенттерге еліміздегі жоғары оқу орындарына ауысу бойынша көмек көрсетуге дайын, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Министрлік шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетінше түскен және коронавирус инфекциясына байланысты жоғары оқу орындарына оралу мәселесіне тап болған қазақстандық студенттерге көмек көрсете бастады.

"Шетелдік жоғары оқу орындарының көпшілігі студенттерін қашықтан оқытады. Алайда, кейбір оқу орындарында ондай мүмкіндік қарастырылмаған. Өздеріне байланысты емес себептермен оқуын жалғастыру үшін елден шыға алмайтын студенттерге министрлік отандық жоғары оқу орындарына ауысуға көмектесуге дайын", - делінген министрлік ақпаратында.

Осыған байланысты құжаттарды рәсімдеу форматы жеңілдетіледі. Қазақстандық оқу орнына ауысу үшін студент университеттің виртуалды қабылдау комиссиясына жүгінуі қажет. Оқу орнына ауысу туралы өтініш онлайн-режимде қарастырылады.

Оқи отырыңыз: Ресейде оқитын студент коронавирус жұқтырып, Қазақстанға келген

Студенттер 8 7172 74-16-24 нөміріне дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.30-дан 18.30-ға дейін хабарласып кеңес ала алады.

23
Кілт сөздер:
ЖОО, студенттер
Тақырып бойынша
"Жаны сұлу еді": қаза болған қазақстандық студент Канадада жерленді
Қытайдан эвакуацияланған студент Қазақстан халқына үндеу жасады
Ресейде оқитын студент коронавирус жұқтырып, Қазақстанға келген
Шетелде оқитын 145 студент Қазақстанға оралды
Жітіқарада студент терезеден құлаған баланы қағып алды
СҚО тасжолында КамАЗ бен Тойота соқтығысты

Солтүстік Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты болды: жеңіл көлік жапырылып қалды  

0
Апат Челябі – Новосібір  тасжолында Пеньково ауылының маңында болды. Соққыдан кейін КамАЗ жол жиегіне ұшып түсті, ал шетелдік көлік металл үйіндісіне айналды

ПЕТРОПАВЛ, 12 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында екі адамның өмірін қиған жол апатына қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апаты Челябі – Новосібір автожолында Қызылжар ауданындағы Пеньково ауылының маңында болған.

"Мағжан Жұмабаев ауданының 62 жастағы тұрғыны Toyota Camry көлігімен қарсы жолаққа шығып кетіп, Булаево қаласының 56 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан КамАЗ автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Toyota Camry жүргізушісі мен оның 1957 жылы туған жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. КамАЗ жүргізушісі зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады полиция.

КамАЗ и Тойота столкнулись на трассе в СКО
© Photo : пресс-служба департамента полиции Северо-Казахстанской области
СҚО тасжолында "КамАЗ" бен "Тойота" соқтығысты

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полковник Қанат Айтбаевтың айтуынша, барлық қажетті сараптама тағайындалды.  

Осы жылдың жеті айында Солтүстік Қазақстан жолдарында 98 жол апаты болып, салдарынан 13 адам көз жұмып, 129 адам жарақат алды.

0
Кілт сөздер:
Солтүстік Қазақстан облысы, жол апаты
Тақырып бойынша
Ақтау – Жаңаөзен тасжолында бірнеше адам көз жұмды – видео
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды  
Қостанай облысында 7 жасар бала полициядан қашқан әкесінің көлігінде көз жұмды
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші ірі апатқа себепкер болды