Ақша

Атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылатыны рас па министрлік жауап берді

12672
7 маусымдағы мәлімет бойынша, республикада атаулы әлеуметтік көмекпен 273 мың отбасы қамтылған

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмекті төлеу жуырда тоқтатылады деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде атаулы әлеуметтік көмек жақын арада тоқтатылады деген ақпарат тараған. Министрлік мұның жалған екенін хабарлады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев әлеуметтік көмек үшін ажырасуға тосқауыл қоюды тапсырды

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарады. Аталған жәрдемақы түрі "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" заңмен бекітілген және оны жою қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуді талап етеді. Қазіргі таңда бұл мәселе қарастырылмайды", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Көпбалалы отбасылар: мемлекеттен қандай жеңілдіктер мен жәрдемақы бар

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, ведомство басқа мемлекеттік органдармен және барлық деңгейдегі әкімдікпен бірлесіп, тұрмысы төмен және балалы отбасыларды жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекпен қамтудың барлық ұйымдастырушылық, рәсімдік, нормативтік және қаржылық мәселесін шешті.

7 маусымдағы жағдай бойынша республикада атаулы әлеуметтік көмекпен 273 мың отбасы қамтылған.

12672
Кілт сөздер:
әлеуметтік желілер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, атаулы әлеуметтік көмек
Тақырып бойынша
Әр балаға – 21 мың теңге: 80 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды
Тұрғындар атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін өздері есептей алады
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек мөлшері көбейеді
"Жиһазды есептемеу керек": министр атаулы әлеуметтік көмек төңірегіндегі шуға нүкте қойды
Загрузка...