Қазақстан президенті сайлауы 2019

Қазақстанның барлық өңірінде сайлау учаскелері ашылды

966
(Жаңартылды 07:20 09.06.2019)
Заң бойынша сайлау учаскелерінде аудио және бейнежазба жасауға рұқсат етіледі. Бірақ тиісті нормаларды қатаң сақтау керек

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қазақстанда сайлау учаскелері ашылды. Барша қазақстандық таңғы сағат 07:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін дауыс бере алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстан бойынша сайлау учаскелерінің жалпы саны – 9 970 (48 учаске 06:00-де ашылды). Шетелдегі қазақстандықтар үшін 51 елде 65 учаске жұмыс істейді.

Выборы президента РК 2019
© Sputnik / Абзал Калиев.
Қазақстан президенті сайлауы 2019: алғашқы сайлаушылар кезек күтіп тұр

Бюллетеньде кандидаттардың аты-жөні әліпби тәртібімен орналасады:

  • Ахметбеков Жамбыл Аужанұлы
  • Еспаева Дания Мәдиқызы
  • Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы
  • Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы
  • Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы
  • Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы
  • Түгел Сәді-Бек
Президентікке үміткер жеті кандидат
© Sputnik /
Президентікке үміткер жеті кандидат

Дауыс беру тәртібі

Дауыс беруге келетін адам алдымен сайлау комиссиясының мүшелеріне барып, жеке куәлігін көрсетуі керек. Осыдан кейін оны тізім бойынша тексереді де, қолына бюллетень ұстатады. Сайлаушы дауыс беру кабинасына жалғыз өзі кіреді. Бюллетеньді фотоға түсіруге болмайды.

Голосование тайное, посторонние лица не могут заходить в кабину
© Sputnik / Айгюзель Кадир
Сайлау учаскесі

Кабинадан шыққаннан кейін бюллетеньді шыныдан жасалған жәшікке салу қажет. Дауыс беру құқығын басқа біреуге тапсыруға болмайды.

Бюллетеньде әрбір кандидаттың аты-жөніне қарсы кішкентай квадрат болады. Сол жерге кез келген белгіні қоюға рұқсат бар. Алайда қарындашты қолдануға болмайды. Сайлаушы бір кандидаттан артық белгі қойса, ондай бюллетень жарамсыз болып саналады.

Кабинаға екі адамға кіруге болады

Заң бойынша дауыс беру кабинасына тек бір адамға ғана кіруге рұқсат. Алайда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға өзімен бірге бір көмекшіні алып жүруге болады. Бірақ ол көмекші сайлау комиссиясының мүшесі, жергілікті атқарушы органның тұлғасы, кандидаттың сенімді өкілі, журналист пен байқаушы болмауы тиіс.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі 680 мың адам бар. Олардың 500 мыңнан астамы дауыс бере алады.

Кабина для лиц с ограниченными возможностями
© Sputnik / Айгюзель Кадир
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған дауыс беру кабинасы

Сайлау күні комиссия мүшелері сағат 12.00-ден кейін учаскеге келе алмайтын азаматтарды аралап, дауыс жинайды. Бірақ ол үшін бұл азаматтар 12.00-ге дейін келе алмайтындарын ескертіп, өтініш жолдауы тиіс. Мұндай мүмкіндік денсаулығына, бала күтіміне, сондай-ақ шалғай орналасуына байланысты учаскеге келе алмайтындарға беріледі.

Дауыс санау кезеңі

Дауыс беру 20.00-ге дейін жалғасады. Содан кейін бірден дауыс санау басталады. Сағат 20.00-де сайлау учаскесінің есігі жабылады. Бірақ іште қалған адамдар дауыс беріп, шыға алады.

Избирательный участок
© Sputnik / Владислав Воднев
Сайлау учаскесі

Дауыстарды санау кезінде алдымен қолданылмаған бюллетеньдер есептеледі. Одан кейін тасымалданатын жәшіктер ашылады. Бұдан соң сайлау учаскесінде тұрған жәшік төңкеріледі.

Халық аз келсе, сайлау заңды болып санала ма?

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша жылдың басында сайлаушылар тізіміне 11 814 019 адам енгізілген болатын. Олардың барлығы дауыс бере алады.

Еуропа құқығы және адам құқықтары институтының директоры Марат Бәшімовтің айтуынша, конституция бойынша әрбір Қазақстан азаматы сайлау учаскесіне барып, дауыс беруге құқылы. Алайда сайлауға бармаса да, өз еркі.

"Сайлауға қанша адам келеді, сонша дауыс санайды. Біздің заңнамамызда сайлаушылардың ең аз саны жазылмаған. Адам аз келсе де, көп келсе де, сайлау өтті деп саналады", - дейді Бәшімов.

Сайлау учаскесінде бейнежазба жасауға бола ма?

"Қолданыстағы заңда сайлау учаскелерінде аудио және бейнежазба жасауға рұқсат етіледі деп жазылған. Бірақ, бұл жағдайда заң нормаларын қатаң басшылыққа алу керек. Ең алдымен, учаскелік комиссиялардың қызметіне кедергі келтіруге, араласуға, сайлаушылардың жеке мәліметтерін таратуға болмайды. Бұл үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деді бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев.

Избирательный участок
© Sputnik / Владислав Воднев
Сайлау учаскесіндегі дауыс беру кабинасы
966
Кілт сөздер:
сайлау
Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (176)
Тақырып бойынша
Бас прокуратура үгіт науқаны кезінде заңды бұзғандарға қатысты 7 іс қозғады
Қазақстанда электронды сайлау жүйесі неге іске аспай қалды?
Қытайлық бақылаушы: 1,5 миллиард болсақ та, сайлауға төрт-ақ адам келдік
ҰҚШҰ бақылаушылары: қазақстандықтардың сайлаудағы үміті әрқашан ақталған
ИЫҰ Қазақстандағы сайлау туралы: ислам елдеріндегі демократияның дамуына үлес қосады
Загрузка...