Избиратель в образе Толегена из поэмы Кыз Жибек

Қыз Жібек пен Төлеген сайлауға барды - фото

3375
(Жаңартылды 19:17 09.06.2019)
Театр әртістері дауыс беріп қана қоймай, сайлаушылардың алдында өз өнерін көрсетіп кетті

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ академиялық драма театрының әртістері ұлттық киіммен дауыс беруге барды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

"Біздің театр ұжымы сайлауға шығармашылық бағытта қарауды ұйғарды. Біз саяси партияларға бағынышты емеспіз, біз тек бұл сайлаудың маңыздылығын көрсеткіміз келді. Біздің ата-бабаларымыз қазақ мемлекетін құруда көптеген күрестерді басынан өткізді. Біз осыны бағалай білуіміз керек. Осы сайлауға қатыса отырып, Отанымыздың қалыптасуына өз үлесімізді қосамыз деп сенеміз, - дейді театр режиссері Жанат Телтаев.

APEC жоғары колледжінде орналасқан №90 сайлау учаскесінде театр əртістері "Қыз Жібек" қойылымынан əндерді де орындап берді.

"Барлық ұжым дауыс бермеді. Тек қана сол учаскеде тіркелген əртістер дауыс берді. Солардың арасындағы театр әртісі Нұрбек Сезхан Төлеген образында болды. Қалған əртістер өздерінің тіркелген учаскелерінде дауыстарын берді", - деп атап көрсетті Телтаев.

Айта кетейік Атырау облысы бойынша сайлаушылардың жалпы саны 409 679 адамды құрайды.

Тағы оқыңыз: Самал Еслямова дауыс беру үшін Қазақстанға арнайы келді

3375
Кілт сөздер:
президент сайлауы
Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (176)
Тақырып бойынша
Бішкекте 102 жастағы Қазақстанның халық әртісі дауыс берді
Президент сайлауы 2019: халықаралық бақылаушылар не дейді
Кезектен тыс президент сайлауы қалай өтіп жатыр – шолу
"Урнаны теуіп сындырды": ІІМ сайлау учаскелеріндегі жағдай туралы айтты
Орталық сайлау комиссиясы: қазақстандықтардың 72,9%-і дауыс берді
WhatsApp мессенджері

"Кешкісін құрбандарын іздейді": Мамлютте маньяк пайда болғаны жайлы ақпарат тарады

199
(Жаңартылды 19:46 05.08.2020)
Полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратып, елді дүрліктірген аудан орталығының 27 жастағы тұрғынын анықтады

АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданында әйел WhatsApp желісінде танысының фотосын жариялап, оның маньяк екенін айтқан. Polisia.kz порталының хабарлауынша, 27 жастағы тұрғын фотодағы азаматпен араздасып қалған соң, осындай әрекетке барған.

Автор желіде жариялаған фотосының жанына: "Сақ болыңыздар! Мамлют қаласындағы жұмысшы кентінде маньяк пайда болды. Кешкісін құрбандарын іздейді. 30 шілдеде ол жас қыздың соңынан жүгірді, қуанышқа қарай бойжеткен қашып үлгерді. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған" деп жазып, хабарламаны мессенждерлерде таратқан.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жалған ақпарат таратушыны мониторинг жүргізу арқылы тапты.

"Тәртіп сақшылары аудан орталығының 27 жастағы тұрғынын анықтады. Ол өзінің танысымен арада туындаған кикілжіңге байланысты жалған ақпарат таратқанын мойындады", - делінген ақпаратта.

3 тамызда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабының 2-бөлігі "жала жабу" бойынша әкімшілік сот отырысы өтті. Медиация нәтижесінде жәбірленуші шағымдардан бас тартып, жерлесімен татуласуға келісті.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды 

"Егер бұл жерде медиация тәсілі қолданылмағанда тәртіп бұзушыға 180 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу (500 040 теңге) немесе 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жауапкершілік жүктелетін еді. Заңда жеке тұлғаларға жала жапқаны үшін, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне, беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін дәл осындай жаза қарастырылған", - деді Мамлют аудандық полиция бөлімінің бастығы Серік Әлжанов.

199
Кілт сөздер:
Солтүстік Қазақстан облысы, жалған ақпарат
Тақырып бойынша
"Төрт адам ұсталды": министр Шорнақ ауылындағы тәртіпсіздік жайлы айтты  
Мемлекет басшысы саяси ойын жасағысы келетіндерге шүйлікті
Жамбыл облысында даулы видеодан кейін бас дәрігер науқасты сотқа берді
Жұртты дүрліктірген видеодағы тікұшақтардың не істеп жүргені белгілі болды  
Қытайдан әкелінген маскаларға инфекция жұқтырылған - министрлік түсініктеме берді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Асхат Аймағамбетов

Тоқаев білім министріне ұстаздарға қатысты екі маңызды тапсырма берді

3062
(Жаңартылды 17:58 05.08.2020)
Президент жаңа оқу жылын дұрыс ұйымдастырудың маңызды екенін ескертіп, қашықтан оқыту кезінде тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсетуге көңіл бөлуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің жаңа оқу жылына дайындығы және бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы жайында есеп берді, деп хабарлады Ақорда сайты.

Президент жаңа оқу жылын дұрыс ұйымдастырудың маңызды екенін ескертті. Әсіресе, қашықтан оқыту кезінде әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету қажеттігіне баса назар аударды.

"Мемлекет басшысы білім және ғылым министріне педагогтердің мәртебесін көтеру жөніндегі жұмысты жалғастыруды, ұстаздарды негізгі қызметінен бөлек жұмысқа жұмылдырмауды және 2021 жылғы қаңтар айына жоспарланған мұғалімдердің жалақысын 25%-ға арттыруды қамтамасыз етуді тапсырды, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін одан әрі кеңейту, жоғары білімнің сапасын арттыру және ЖОО-дағы ғылымды дамыту туралы тапсырма берді.

Оқи отырыңыз: "Ашық айтуымыз керек": білім министрі үкіметте маңызды мәселені көтерді

3062
Кілт сөздер:
ұстаздар, білім
Тақырып бойынша
Білім министрі Аймағамбетов сүйінші жаңалығын бөлісті
Депутат білім министріне ата-аналарды мазалаған мәселені жеткізді
Білім күні қалай өтеді – министр жауап берді 
Аймағамбетов жаңа оқу жылында білім алудың ерекшеліктерін атады
Білім министрлігі карантинге байланысты қандай өзгеріс болғанын хабарлады
Архивтегі фото

Қазақстан ескекшілері "Үлкен Мәскеу регатасына" қатысады

0
Ресей ескек есу федерациясы Қазақстан спортшыларының қандай талаптарды орындауы тиіс екенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан спортшылары "Үлкен Мәскеу регатасы-2020" сайысына қатысатынын растады. Ресей ескек есу федерациясының президенті Алексей Свирин Sputnik Қазақстанға ұлттық құраманың ескекшілері өз елінде коронавирусқа тест тапсыратынын айтты.

Жарыс 7-9 тамыз аралығында Крылатское есу каналында өтеді. Үлкен Мәскеу регатасына ресейліктерден бөлек, Қазақстан, Молдова және Беларусь спортшылары қатысады.

"Біз барлық талапты жібердік, жарысқа қатысатындар оны орындауы тиіс. Олар өз елінде тест тапсырады", - деп мәлімдеді Свирин.

Ол шетелдік құрамалардың мүшелері тест тапсырғаннан кейін көп ұзамай Мәскеуге жететініне сенім білдірді.

"Бұл туралы ешқандай сұрақ туындамайды. Барлық құрама Есу каналында, бір жерде тұрады", - деп атап өтті Свирин.  

Сайыстар кезінде ұйымдастырушылар спортшылар мен делегация мүшелерінің денсаулығына күнделікті мониторинг жүргізіп, дене қызуын өлшеп тұрады. Егер күдік болса, шара қолданады.

0