Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев сайлау қорытындысын естігенде қандай сезімде болғанын айтты

2639
(Жаңартылды 19:01 10.06.2019)
Қазақстандықтардың 70,76 проценті Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдап дауыс берді

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауындағы жеңісіне қуануға да уақыты жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Сіздер таңғаласыздар, әрине, бірақ менде қандай да бір сезім болған жоқ. Біртүрлі қызық салқын сабырлық болды. Неге екенін білмеймін. Мүмкін, мен одан ары не істейтінімді ойлаған шығармын, ал жұмыс кестесі өте тығыз. Былайша айтқанда, күлетін де, қуанатын да уақыт жоқ", - деді Тоқаев БАҚ өкілдерімен кездесуінде.

Оның үстіне президент ретінде жүктелген жауапкершілікті түсінесің, деді ол.

Айта кетсек, 10 маусымда Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. Nur Otan партиясы атынан сайлауға түскен Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76% дауыс жинап, жеңіске жетті.

Тағы оқыңыз: Тоқаев сайлаудағы жеңісінен кейін мәлімдеме жасады

Өңірлер арасында қарайтын болсақ, Қасым-Жомарт Тоқаевқа ең көп дауысты Алматы облысының, ал ең аз дауысты Маңғыстау облысының тұрғындары берген.

Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы айқын жеңісімен Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Ресей президенттері құттықтады.

2639
Кілт сөздер:
президент сайлауы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев екі қаладағы митингілерге қатысты пікірін айтты - видео
Сайлаудан кейін үкімет отставкаға кете ме – Тоқаев жауап берді
Тоқаевқа қай өңірдің тұрғындары ең көп дауыс бергені белгілі болды
Президент сайлауында кім жеңіске жетті
Қазақстан президентін ұлықтау рәсімі қашан өтетіні белгілі болды
Загрузка...