Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев зейнетке шыққаннан кейін немен айналысады?

1941
(Жаңартылды 19:32 10.06.2019)
Қасым-Жомарт Тоқаев жас кезінде журналист болғысы келгенін еске алды

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетке шыққанда кітап жазуды жоспарлап отыр. Бұл туралы мемлкет басшысы отандық және шетелдік БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тоқаев бүгінге дейін біраз кітап жазғанын, қолына қалам алғанды жақсы көретінін атап өтті.

"Жас кезімде журналист болғым келген, бірақ бола алмадым. Есесіне дипломат болдым. Қазір менде эпистолярлық жанрмен айналысуға уақыт жоқ. Зейнетте болғанда, "Бұл қалай болды" немесе "Өткен мен болашақ арасында" деп аталатын кітап жазамын", - деді Тоқаев.

Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатияға қатысты біраз еңбектің авторы. Бұған қоса, өзінің отбасы туралы жазған кітабы да бар.

Тағы оқыңыз: "Ажырасқан": Ақорда Тоқаевтың өмірбаянын жариялады

1941
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Қасым-Жомарт Тоқаевтың руы кім – президент туралы қызықты деректер
Тоқаев екі қаладағы митингілерге қатысты пікірін айтты - видео
Тоқаев сайлау қорытындысын естігенде қандай сезімде болғанын айтты
Сайлаудан кейін үкімет отставкаға кете ме – Тоқаев жауап берді
Дәрі-дәрмек, архивтегі фото

Дәрі-дәрмекті заңсыз сатқандарға қандай жаза қарастырылған?

1
Жеке тұлғалар үшін 70, ал ірі кәсіпкерлік нысандар үшін 1 000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігі дәрі-дәрмекті заңсыз саудалауға қандай жаза қарастырылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің орынбасары Алексей Калайчидидің айтуынша, карантин кезінде медициналық препараттарға сұраныс күрт өскен. Содан табыс көргісі келетіндер де аз емес. Олар дәрілерді қымбат бағаға сатады. Сол үшін заңсыз кәсіпкерлікпен де айналысады. Алыпсатарлардың ішінде дәріхана қызметкерлері де, қарапайым азаматтар да бар.   

"Қазіргі таңда 17 оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 214-бабы – "заңсыз кәсіпкерлік қызмет" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 30 факт негізінде тәртіп бұзушылар әкімшілік жазаға тартылып отыр", - деді Калайчиди бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексте дәрі-дәрмекті қымбат бағаға сатқандар үшін жауапкершілік қарастырылған. 426-бапта жазасы жазылған.   

"Осы бапқа сәйкес, жеке тұлғалар үшін 70 айлық есептік көрсеткіш, ал ірі кәсіпкерлік нысандар үшін 1 000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Дәрі-дәрмекті тәркілеу шарасы бар. Лицензиясын да кері қайтаруы мүмкін", - деп атап өтті Калайчиди.

Оқи отырыңыз: Үш айға жететін дәрі-дәрмекті бір аптада сатып алды – облыс әкімі 

Айта кетейік, заңсыз кәсіпкерлік қызмет үшін 2 000 АЕК-ке дейінгі айыппұл, екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Құқық қорғаушылардың айтуынша, тәркіленген дәрі-дәрмектің бәрі медициналық ұйымдарға таратылады.

1
Кілт сөздер:
карантин, дәрі-дәрмек
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда дәрі-дәрмекке қатысты жедел желі іске қосылды
Алматыда парацетамол мен термометр тапшылығы мәселесі қалай шешілді?
"Бұған жол беруге болмайды": Тоқаев жұртты алаңдатқан мәселе туралы айтты
Денсаулық министрі парацетамол тапшылығына кімдер кінәлі екенін айтты 
Дәрі-дәрмекті қымбатқа сатқандар жазаланады 
Шымкентте тегін таратылуы тиіс дәрілерді ұрлаған сатушы ұсталды
Денсаулық министрі алыпсатарлар қанша табыс тауып жатқанын айтты
дәрігерлер, короанвирус

Нұр-Сұлтанда медициналық академия түлектері дәрігерлерге көмектеседі 

49
Елордада қазір 3 500 дәрігер бар, сонымен бірге 8 мыңға жуық медбике жұмыс істеп жүр, бірақ бұл жеткіліксіз

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Елорданың әкімі Алтай Көлгінов маман тапшылығы мәселесі қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазір бізде 3 500 дәрігер бар. Сонымен бірге, 8 мыңға жуық медбике жұмыс істеп жүр. Әрине, бүгінде дәрігерлерге үлке салмақ түсуде. Осыған байланысты біз денсаулық сақтау министрлігімен арнайы жоспарды бекіттік. Сол жоспарға сәйкес, оқу орындарының түлектері көмекке тартылатын болады", - деді Көлгінов бүгінгі онлайн брифингте.

Әкімнің айтуынша, биыл астанада медициналық колледждерді 270 студент тәмамдады. Барлығы дипломын алып, арнайы дайындықтан өтті. Бүгінде жас мамандар дәрігерлерге көмектесуге кірісіп кетті.

"Сонымен бірге, осы 15 шілдеден бастап медициналық академияның түлектерін де жұмысқа жұмылдыратын боламыз. Оған сәйкес жоспарымыз бар, тиісті көмегін көрсетеміз", - деді Көлгінов бүгінгі онлайн брифингте.

Әкімнің айтуынша, бүгінде қаладағы стационарлық орындардың басым бөлігі бос емес. Ал эпидемиологиялық жағдай нашарласа, жатақханаларда қосымша орындар ашылады.

"Қазіргі кезде қаладағы стационарларда 3 700 орын бар. Бірақ 80 проценті толып тұр. Егер эпидемиологиялық жағдай қиындап кетсе, жоғары оқу орындарының жатақханаларында қосымша 1 000 орын жасақталады", - деп атап көрсетті Көлгінов.

49
Кілт сөздер:
дәрігерлер