Қоғам

Пан Ги Мун Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтады

© Қазақстан парламентінің сенатыҚасым-Жомарт Тоқаев пен Пан Ги Мун
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пан Ги Мун - Sputnik Қазақстан
Жазылу
БҰҰ-ның сегізінші бас хатшысы жаңа сайланған президентке жеделхат жолдады

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Қазақстан республикасының президенті лауазымына сайлануына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтаулар келіп түсіп жатыр.

Тоқаевты БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мун құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Ол жеделхатта мемлекет басшысының БҰҰ Женевадағы бөлімшесінің бас директоры қызметін атқарған кездегі жұмыс тәжірибесі, мүдделі тараптарды ымыраға келтіре білу қабілеті Қазақстанды өркендетуге септігін тигізетініне сенім білдірген.

"Қазақстан қазіргі уақытта орнықты дамуы мен инклюзивті өсімін айқын көрсетіп келе жатқан бірегей мемлекет. Сіздің дипломатияны терең түсінетініңіз еліңіздегі мемлекеттік құрылыс пен әлеуметтік-экономикалық дамуға ықпал етеді деп ойлаймын. Алдағы уақытта әлемнің болашағын жарқын қылу мақсатында күш-жігер біріктіріп, ынтымақтастығымызды жалғастыра бергіміз келеді", – делінген жеделхатта.

Бұған дейін Тоқаевты кезектен тыс президент сайлауындағы жеңісімен Ресей президенті Владимир Путин, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Молдова мемлекетінің басшысы Игорь Додон, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков құттықтаған болатын. Сондай-ақ, жаңа сайланған президентке Түркия президенті Реджеп Эрдоган, Армения мен Беларуссия мемлекеттерінің басшылары Армен Саркисян мен Александр Лукашенко жеделхат жолдады.

Тағы оқыңыз: Тоқаевқа қай өңірдің тұрғындары ең көп дауыс берді?

Еске сала кетсек, 9 маусым күні өткен кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев 70,96% дауыс жинады.

Жаңалықтар
0