Ресейдің Қазақстандағы елшілігінде өткен қабылдау

Ресей күні: Қазақстан "құдай қосқан көршісін" құттықтады

127
Қазақстандықтар бауырлас халықты Ресей күнімен құттықтап, мол табыс тіледі

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым — Sputnik. Ресей Федерациясында 12 маусымда мемлекеттік мейрам – Ресей күні аталып өтеді. Қазақстандықтар "құдай қосқан көршісіне" ыстық ықыласын білдірді.

РФ-ның мемлекеттік мерекесіне орай Ресейдің Қазақстандағы елшілігі салтанатты қабылдау ұйымдастырды. Ресейліктер бауырлас халықтың жүрекжарды құттықтауын тыңдады.

Гости на государственном приеме посольства Российской Федерации в Республике Казахстан по случаю Дня России
© Sputnik / Абзал Калиев.
Ресейдің Қазақстандағы елшілігінде мейрамға арналған салтанатты қабылдау өтті

Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы төтенше әрі уәкілетті елшісі Алексей Бородавкин құттықтау сөзінде қос елдің өзара қарым-қатынасына ерекше назар аударды.

Бородавкин Алексей, чрезвычайный и полномочный посол Российской Федерации в Республике Казахстан
© Sputnik / Абзал Калиев.
Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы төтенше әрі уәкілетті елшісі Алексей Бородавкин

"Ресей мен Қазақстанның көшбасшылары бауырлас елдеріміздің сыртқы саясаттағы ұстанымды үйлестіруде жолға қойылған жұмысты бірлесіп жалғастыра беретініне сенім білдірді. Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық процестер қазірде Ресей мен Қазақстанның сауда-экономикалық қатынасын дамытуға күшті серпін беріп жатыр. Қазақстан – Ресейдің негізгі экономикалық серіктестерінің бірі. Біздің байланысымыз күн өткен сайын артып барады", - деді Бородавкин.

Қазақстандықтар ресейліктерді құттықтады

Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов бүкіл Ресей халқын мемлекеттік мерекемен құттықтады. Ол атап өткендей, бұл мейрам көпұлтты Ресей халқының бірлігін, қуатты әрі дамыған мемлекет құруға ұмтылысын білдіреді.

Заместитель министра иностранных дел Казахстана Марат Сыздыков
© Sputnik / Абзал Калиев.
Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов

"Ел билігінің арқасында бүкіл Ресей халқы үшін саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларда маңызды реформалар жүргізілді. Халықаралық аренада Ресей жаһандық қауіп-қатерге қарсы күресте зор үлес қосып, әлемдік саясатта өз орны бар, беделді ел ретінде мәртебесін нығайтып келеді", - деді Сыздықов.

Ресей – әлемдік саясаттың дербес орталығы, деп вице-министр сөзін жалғастырды.

"Осы орайда Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин "Ресей Шығыс пен Батыстың ортасында емес, Шығыс пен Батыс Ресейдің оң және сол жағында" деп дәл сипаттама берді", - деді ол.

Парламент сенаты төрағасының орынбасары Сергей Громов атап өткендей, Ресей мен Қазақстанның тарихы мен келешегі ортақ. Ол қос елдің достығы нығая беретініне сенім білдірді.

Заместитель председателя сената парламента Республики Казахстан Сергей Громов
© Sputnik / Абзал Калиев.
Қазақстанның сенат төрағасының орынбасары Сергей Громов

"Ресей өркендей берсін! Ең жақын көршісі ретінде Ресейге, Ресей халқына деген ықыласымыз ерекше. Олардың да бізге деген көңілі сондай", - деді Громов Sputnik Қазақстанға берген сұқбатында.

Ресей күні

Бүгін Ресейде мейрамды халық болып тойлап, түрлі спорттық жарыстар мен концерттер өтеді. Ресей күні 1990 жылдан бері аталып өтеді. Сол жылы өткен РКФСР халық депутаттарының бірінші съезінде Ресейдің егемендігі туралы декларация қабылданған болатын.

"Ресей күні" деген ресми атау 2002 жылы енгізілді.

Тағы оқыңыз: 12 маусым - атаулы күндер, танымал есімдер, тарихи оқиғалар

Қазақстан мен Ресейді ғасырларды қамтитын ортақ тарих, тығыз экономикалық қарым-қатынас, сондай-ақ әлемдегі ең ұзын шекара байланыстырады. 2018 жылдың сәуірінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, "Ресей – Қазақстанның құдай қосқан көршісі".

127
Кілт сөздер:
құттықтау, Қазақстан, Ресей
Тақырып бойынша
Тоқаев неліктен президент ретінде алдымен Ресейге барды
Тоқаев Ресей және Қытаймен арадағы қарым-қатынас туралы айтты
"Бұл – таза жеңіс": Ресей елшісі Тоқаевқа Путиннің құттықтауын жеткізді
Тоқаев Ресеймен ынтымақтастық Қазақстанның ішкі дамуында маңызды екенін атап өтті  
Ресей депутаты Қазақстандағы сайлауға баға берді
Загрузка...