Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі

"Таяу арада жаңа шешімдер жарияланады": Тоқаев қандай уәде берді?

9189
(Жаңартылды 12:44 12.06.2019)
Елордадағы Тәуелсіздік сарайында жаңадан сайланған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары мен бағдарын одан әрі жалғастыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Инаугурация избранного президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева проходит сегодня, 12 июня, в столице Казахстана во Дворце Независимости
© Sputnik / Владислав Воднев
Қасым-Жомарт Тоқаев ант бергеннен кейін мемлекеттік туды сүйіп, ресми түрде қызметіне кірісті

Қазақстан тарихындағы екінші президент өз қызметіндегі басты бес мақсатты атады. Оның ең алғашқысы – тұңғыш президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдары мен бастамаларын одан әрі жалғастыру.

"Қазақстан тұрақты дамудың жаңа деңгейіне шығу үшін жаңа әдістер мен жаңа шешімдер қажет. Олар таяу арада жарияланады. Екіншіден, өткір әлеуметтік проблемаларды шешуді қолға алуды жоспарлап отырмын. Мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін үкіметке осы салада пәрменді шаралар әзірлеу тапсырылды. Бізге, әлеуметтік саясатты жаңарту қажет", - деді Тоқаев ұлықтау салтанатынан кейін.

Үшіншіден, мемлекет басшысы қазақстандық кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, іскерлік белсенділікті ынталандырып, орта класты қалыптастыруға баса мән бермек. Сондай-ақ, шеттен елге инвестиция тартуды да жоспарлап отыр.

Тағы оқыңыз: Тоқаевты ұлықтау рәсімі – видеотрансляция

"Төртіншіден, менің мақсатым – қоғамның бірлігін қамтамасыз ету және әрбір азаматтың құқығын қорғау. Және ең бастысы, бесінші міндет - әр жерде және әрқашан Қазақстанның ұлттық мүддесін қорғайтын боламын", - деп уәде берді президент.

9189
Кілт сөздер:
инаугурация, президент, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
 "Жаңа парақты ашамыз": Тоқаевқа Қытай басшысы хат жолдады
Тоқаев зейнетке шыққаннан кейін немен айналысады?
Тоқаев желіні бұғаттауға қатысты: хабарсыз болдым
Қазақстан тарихындағы екінші президент ант беріп, ресми түрде қызметіне кірісті
Тоқаев президент ретіндегі басты мақсатын айтты
Загрузка...