Қасым-Жомарт Тоқаев жастармен бірге

"Арнайы айтатын сөзім бар": Тоқаев жастарға үндеу жасады

4698
Президент жастардың StartUp жобаларын қолдауға уәде берді

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Қазақстанның жаңадан сайланған президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың президенттік кадрлық резерві жасақталатынын мәлімеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жас ұрпаққа арнайы айтатын сөзім бар. Сіздер Қазақстанның даму жолында шешуші рөлді атқарасыздар. Прогрестің қозғаушы күші боласыздар. Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. "Жастар – ел тірегі" атты арнайы жоба іске қосылды. Біз жастардың бизнес бастамаларын іске асыруға арналған "Жас кәсіпкер" бағдарламасын қолға алдық. Жастардың StartUp-тарын қолдай береміз", - деді Тоқаев бүгінгі ұлықтау рәсімінде.

Тағы оқыңыз: Тоқаевтың президент ретіндегі басты мақсаты қандай?

Оның айтуынша, алдағы уақытта жастардың жұмысқа орналастыру бағдарламалары енгізіледі.

"Сіздер ең үлкен армандарыңызды іске асыруларыңыз қажет. Бұл – менің басты міндетім. Жас әрі дарынды басшыларды мемлекеттік қызметтің барлық деңгейінде жоғарылату мақсатында президенттік кадрлық резерв жасақталады. Біздің жастарымыз еңбекқор, креативті, өз мақсатына жетуді біледі. Сондықтан Қазақстанның болашағы сенімді қолда", - деп атап көрсетті Тоқаев.

Тағы оқыңыз: Тоқаев биліктің кімге мұраға қалатынын айтты

4698
Кілт сөздер:
жастар, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
"Таяу арада жаңа шешімдер жарияланады": Тоқаев қандай уәде берді?
Тоқаев сайлау қорытындысын естігенде қандай сезімде болғанын айтты
Мен "транзиттік жолаушы" емеспін - Тоқаев көзқарасын ашық білдірді
Тоқаев зейнетке шыққаннан кейін немен айналысады?
Загрузка...