Ақша, архивтегі сурет

Қордан берілетін жәрдемақы артады Сапарбаев

1711
(Жаңартылды 10:19 13.06.2019)
Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының төлемақыларын 30 процентке арттыру жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Парламент мәжілісінде міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры туралы заңға енгізілетін өзгерістер қаралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, келесі жылдан бастап мүгедектерге, асыраушысынан айырылғандарға және еңбекке қабілеттілігін жоғалтқандарға қордан төленетін жәрдемақыны орта есеппен 30 процентке арттыру жоспарланған.

Жұмысқа жарамсыз болып қалғандардың жәрдемақысы қалай артады

"Мысалы, азаматтың орташа айлық табысы - 100 мың теңге. Ол 7 жыл жұмыс істеп, әлеуметтік төлемдер жасап отырды делік. Бұл азамат еңбек ету қабілетінің  65 процентінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем мөлшері қолданыстағы формула бойынша 22 988 теңге болады. Ал жаңа формула бойынша 31 080 теңге алады. Яғни өсім - 35 процент", - деді Сапарбаев заң жобасының бірінші оқылымында.

Тағы оқыңыз: Атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылатыны рас па?

Министрдің айтуынша, аталған төлем жұмыс істеп, әлеуметтік қорға аударым жасаған адамдарға ғана беріледі. Оған қоса, мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады. Бүгінде екінші топтағы мүгедектің жәрдемақысы 45 436 теңгені құрайды. Сонда қордан берілетін төлемақымен бірге санағанда жалпы жәрдемақының бір айлық сомасы 76 518 теңге болады.

Асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы 

Бұдан бөлек, асырауда қалған адамдардың санына байланысты қолданылатын коэффицентті арттыру көзделген. Яғни, асырауында бір адам болса, коэффиценті 40-тан 50-ге, екі адамға – 50-ден 65-ке, үш адамға 60-тан 80-ге, төрт және одан да көп адам болса, 80-нен 100 процентке дейін көтеру жоспарланып отыр.

"Мысалы, азаматтың орташа айлық табысы – 100 мың теңге. Ол 7 жыл жұмыс істеп, әлеуметтік аударымдарды төлеген болса, онда асыраудағы бір балаға әлеуметтік төлемнің мөлшері қолданыстағы формула бойынша 18 390 теңгені, ал заң жобасындағы жаңа формула бойынша 23 907 теңгені құрайды. Демек, мемлекеттік жәрдемақы сомасын қосқанда, жалпы төлемнің сомасы айына 49 448 теңгеге жетеді", - деді Сапарбаев.

Жұмыссыздарға төлемақы беру мерзімі артады

Сондай-ақ, жұмыстан айырылғандарға қордан төлемақы беру мерзімі алты айға дейін ұзарады.

Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде алты айға дейінгі әлеуметтік төлем тек жұмысынан штаттың қысқартылуы және заңды тұлғаның таратылуы бойынша айырылған жағдайда тағайындалады. Жаңа заң жобасында ондай мәселелерге назар аударылмайды.

Тағы оқыңыз: "Берші, берші деп сұрай береді": Сапарбаев митингіге қатысты пікір білдірді

Сондай-ақ, қорға бес жылдан артық уақыт бойы жалақыдан жарна аударған адамдарды бағалау коэффиценті көтеріледі. Бүгінде аталған көрсеткіш 1,0-ден аспайды. Заң жобасы бойынша қорға бес жылдан артық уақыт қатысқандардың коэффиценті әр жыл сайын 2 процентке артып отырады. Соның арқасында төлемақыны көптеп алуға болады.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне бес жылдан көп қатысқан азаматтардың саны 3 миллион 400 мың адамды құрады. Бұл – барлық қатысушылардың 55 проценті.

1711
Кілт сөздер:
Бердібек Сапарбаев, жәрдемақы
Тақырып:
Жәрдемақы қалай төленеді (59)
Тақырып бойынша
Жеміс ағашы мен кредит те кіріс саналады: 21 мыңнан кімдер қағылады?
Көпбалалы отбасыларға 2%-тік ипотека қашан беріле бастайтыны белгілі болды
Тоқаев әлеуметтік көмек үшін ажырасуға тосқауыл қоюды тапсырды
Әр балаға – 21 мың теңге: 80 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды
Көпбалалы отбасыларға жәрдемақы: еңбек министрлігі депутаттың сынына жауап берді
ПТР-зертхана, Нұр-Сұлтан

Өткен тәулікте 980 адамнан коронавирус табылды

11
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 96 922 адамға жетті. Індеттен 70 680 адам жазылып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 980 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлады  COVID-19 індетін таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ 502 тасымалдаушы тіркелді.

Өңірлер бойынша (жалпы статистика/симптомсыз науқастар):

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 186 / 75,
  • Алматы қаласы - 175 / 111,
  • Шымкент қаласы - 26 / 15,
  • Ақмола облысы - 31 / 19,
  • Ақтөбе облысы - 2 / 0,
  • Алматы облысы - 46 / 36,
  • Атырау облысы - 44 / 41,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 92 / 29,
  • Жамбыл облысы - 40 / 20,
  • Батыс Қазақстан облысы - 58 / 22,
  • Қарағанды облысы - 85 / 35,
  • Қостанай облысы - 35 / 8,
  • Қызылорда облысы - 33 / 18,
  • Маңғыстау облысы - 33 / 28,
  • Павлодар облысы - 22 / 6,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 45 / 22,
  • Түркістан облысы - 27 / 17.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 96 922. Індеттен 70 680 адам жазылып шықты, 1058 адам көз жұмды.

11
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Жалған құжат жасайтындар көбейген: Ақорда көлеңкелі экономика туралы деректер жариялады
Коронавирустың екінші толқыны: елдің жағдайы не болады?
Коронавирус анықтамасын сатқан медицина қызметкері қылмыс үстінде ұсталды – видео  
Ордабасы ауданында коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 50 адам көз жұмды
Damumed қосымшасы

"Олар кінәлі емес": Елді шулатқан дәрігерлерді министрлік қорғаштап жатыр

423
(Жаңартылды 08:11 07.08.2020)
Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан ақша ұрлауға мүмкіндік бермеу керек еді, дәрігерлерді заңбұзушылыққа итермелеген жүйе кінәлі деп мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Науқастардың сыртынан "Дамумед" арқылы ақша жасаған дәрігерлердің еш кінәсі жоқ. Заң бұзушылыққа оларды біреу итермелеген. Денсаулық сақтау министрлігі даулы мәселеден кейін ақ халаттыларды осылай қорғаштап жатыр.

Министрлік заң бұзушыларға қатысты тексеруді бастаған. Кінәлілердің арқалайтын айыппұл көлемі де қомақты.

Емханалар төңірегіндегі дау Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесіне де жетті, деп хабарлады КТК.

Қазақстанда учаскелік дәрігерлердің науқасты қабылдауы кепілдендірілген тегін медициналық қызмет көрсету аясына кіреді. Әр науқасқа 1035 теңге белгіленген. Ал терапевт, педиатр, гинеколог сияқты арнайы мамандар тегін де, ақылы да қызмет көрсетеді. 1520 теңгеден басталатын ем-домның ақысын сақтандыру жүйесі төлейді.

"Не масқара?": Ақшаға құныққан дәрігерлердің қулық-сұмдығы әшкере болды

Сау адам шатасатын схемамен денсаулық сақтау жүйесіндегі проблемаларды зерттеумен айналысатын қауымдастық басшысы Төлебай Рахыпбеков келіспейді. Оның айтуынша, мәселенің ушығуына қордың қатысы бар.

"Бұл жағдайда тек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры кінәлі. Ұйым медициналық қызметке берілетін ақшаны бөліп-жармау керек еді. Олар мамандарға ақшаны дұрыс төлеп отырған жоқ. Олар арнайы мамандарға науқастардың келуіне байланысты төлейді. Тексеру жүргізудің қажеті жоқ. Бәрі көрініп тұр ғой. Мынау пандемия кезінде емханалар жабық. Оларға бір күнде 25 науқасты қабылдаңдар деген тапсырма бар. Амалсыздан осы әрекетке барады. Менің ойымша, арнайы мамандарды учаскелік дәрігерлермен теңдестіру керек", - дейді профессор Төлебай Рахыпбеков.

Науқастың сыртынан тон пішкен дәрігерлердің жымысқы әрекетін әшкерелеп, әлеуметтік желі шарқ ұрып жатыр. Дегенмен денсаулық сақтау жүйесіндегі мамандар ақ халаттылардың еш кінәсі жоқ деген пікірде. Жұмысы көп, қағазбастылық та кедергі. Бұған жүйе кінәлі.

"Дәрігерлерді айыптау дұрыс емес деп санаймыз. Өйткені қателіктер болуы мүмкін. Ақпараттық жүйені толтырған кезде дәрігердің өз  жүктемелері бар, ол науқастарды қарағаннан кейін жүйеге салу керек. Асыққан кезде қателік кетуі мүмкін", - дейді Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Бақытжан Тәжібай.

Медициналық сақтандыру қоры соңғы жарты жылда 12 мыңдай жалған қабылдау бойынша заңбұзушылықты анықтаған. Қазынаның 75 миллион теңгесі талан-таражға түсті.

Салаға жауапты министрліктегі тергеу кінәліні бәрібір анықтамақ.

"Денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымы қандай? "Дәрігерлер кінәлі" деп ешкім айтып жатқан жоқ. Бұл жерде дәрігерлерді заңбұзушылыққа итермелеген жүйе кінәлі болып тұр. Сол жағдайды тоқтатып, қордан ақша ұрлауға ешкімге еш мүмкіндік бермеу керек", - деп атап өтті денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.

Оңай ақшаға кенелгісі келетіндердің ісімен қазір азаматтық-құқықтық негізде тексеріс жүріп жатыр. Іс насырға шапса, емхана мен медициналық сақтандыру қоры сотқа дейін бармақ. Заңға селқос қарағандарға айыппұл салынады.  
 

423
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Министр Біртанов алматылық дәрігерлердің ісіне қатысты пікір білдірді
Жамбыл облысында бас дәрігер пара алды деген күдікпен ұсталды
Коронавирус анықтамасын сатқан медицина қызметкері қылмыс үстінде ұсталды – видео