Кітап, архивтегі фото

Абай жазған заң: Ғалымдар "Қарамола жарғысының" түпнұсқасын тапты

742
Жарғы 1886 жылы Қазан қаласындағы бұрынғы император университетінің баспаханасынан арнайы басылып шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік қорық-музейінің қызметкерлері Қазан қаласынан қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев жазған "Қарамола жарғысының" түпнұсқасын тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жарғы қалай табылды?

Қорық-музей директорының орынбасары Мейрамгүл Қайранбаева "Қарамола жарғысы" қалай табылғанын айтып берді.

"1986 жылы бұл университетке барған ғалымдардың есебінен заң жазылған кітапшаның нөмірін алып, сол бойынша іздедік. Бірақ ғылыми іссапар барысында кітапшаны университеттің каталогынан таба алмадық. Музей қызметкерлері "Закон составленный для жителей для Семипалатинска, қазақша ереже, закон" деп әртүрлі каталогтан әліпби бойынша іздеді. Бірақ нәтиже болмады. Содан университеттің кітапханасындағы оқу залына барып, қызметкерлермен сөйлестік. Осылайша, жарғы жазылған кітапты таптық", - дейді ол.

Мейрамгүл Қайранбаева Қарамола жарғысы қалай табылғанын айтып берді
© Photo : Фото Мейрамгүл Қайранбаеваның жеке архифінен
Мейрамгүл Қайранбаева "Қарамола жарғысы" қалай табылғанын айтып берді

Сонымен қатар "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік қорық-музейі директорының орынбасары Қазан федеральді университетінен "Қарамола жарғысының" электронды түрдегі тұпнұсқасын алғанын атап өтті.

Абай жазған заң

Әңгіме барысында Мейрамгүл Қайранбаева бұл жарғыны Абай Құнанбаев билердің көмегімен жазғанын жеткізді.

"1885 жылдары Қарамола деген жерде қазіргі Шар қаласының (Жарма ауданы) маңайында билердің съезі өткен. Оларды шұғыл түрде шақыртқан. Себебі сол кезде ел арасында әртүрлі істерге қатысты дау-дамай көбейіп кетеді. Патшалы Ресейдің жергілікті жердегі билігі "ресейлік заңдарға әрі қазақтардың тұрмыс-тіршілігі мен билер сотына қайшы келмейтін заң керек" деген шешім шығарады. Сол кездегі өңір басшыларымен сөйлескен кезде Абай Құнанбаев та осы ұсынысты қолдайды", - дейді ол.

Қайранбаеваның айтуынша, бұл съезге келген билер Абайды "төбе би" сайлаған.

"Сондықтан патшалы Ресейдің басшылары Абайға "бұл заңды өзіңіз жасаңыз" дейді. Сөйтіп, Абай Құнанбаев 74 баптан тұратын заңды (Қарамола жарғысы – Sputnik) жазып шығады. Бірақ оны Абай жалғыз өзі жазбаған. Ол съезге жиналған билермен кейбір баптарға байланысты пікір алмасты деген деректер бар. 3 күн өткен съезде жарғы билерге таныстырлып, заң қабылданды", - дейді Мейрамгүл Қайранбаева.

"Қарамола жарғысы" Қазанда басылды

1886 жылы Семей қаласының генерал-губернаторы Шиклинскийдің арнайы тапсырысымен "Қарамола жарғысы" сол кездегі Қазан император университетінің баспаханасынан кітапша болып басылған. Кітапша кейін билерге таратылған көрінеді.

Қарамола жарғысының түпнұсқасы
© Photo : Фото Мейрамгүл Қайранбаеваның жеке архифінен
"Қарамола жарғысының" түпнұсқасы

Мейрамгүл Қайранбаева "Қарамола жарғысы" жазылған кітапша Қазақстанның архивтері мен кітапханаларында сақталмағанын айтады. Осы күнге дейін қазақ ғалымдары Қазаннан бұл кітапшаның көшірмесін ғана әкеліп, сол бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіпті.

Заң нені реттейді?

Қорық-музейі директорының орынбасары бұл жарғы қазақ даласындағы түрлі тәртіп бұзушылықтарды реттеуге мүмкіндік бергенін айтады.

"Қарамола жарғысында "жесір қалған әйелдің әмеңгері болса, бірақ оған тұрмысқа шыққысы келмесе, онда жеке тұруына рұқсат" деген бап бар. Сондай-ақ ұрыс-төбелес, адам өлтіргенде құн төлеу мәселесін реттейтін бап кездеседі. Негізі ол бұрыннан болған, тек бұл жарғыда нақты жазылған: "Қасақана өлтірілген ердің құны – 100 түйе немесе 25 тайлақ, 25 құнан атан, 25 дөнен атан, 25 ұрғашы атан. Ал оқыс жағдайда ер адам өлтірілсе, оның құны – 25 түйе, 25 құнан немесе 25 ұрғашы атан төленуі керек деген баптары бар", - дейді Мейрамгүл Қайранбаева.

"Қарамола жарғысы" әлі де зерттелуі керек 

Бұл заң туралы естеліктер мен зерттеу жұмыстары көп жазылған, алайда онда қанша бап болғаны жайлы нақты мәлімет жоқ.

"Басылымдардың кейбірі "Қарамола жарғысында" 73 бап болды деп жазса, енді бірі 74 баптан тұрды дейді. Түпнұсқа осыны нақтылауға мүмкіндік береді. Біз кеше "қадым жазуды" оқитын ғалымдарымызды шақырттық. Олар бұл заң 74-баптан тұратынын айтты. Кеңес одағы кезінде идеологияға сәйкес келмей, бір бабын алып тастады ма, ол жағы белгісіз. Енді оны зерттеп анықтау керек. Заңның мәтінімен мұқият жұмыс істеу керек", -деп түйіндеді сөзін ол.

Естеріңізге сала кетейік, өткен айда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өту туралы жарлыққа қол қойды.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Абайдың 175 жылдығын тойлау туралы жарлыққа қол қойды

 

742
Кілт сөздер:
ғалымдар, заң, Абай
Тақырып:
Абайдың 175 жылдығы (47)
Тақырып бойынша
Қазақ археологиясының атасы: Әлкей Марғұланның туғанына биыл 115 жыл
Тоқаев: Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мемлекеттік деңгейде атап өтеміз
Абайды оқып, Төреғалиді тыңдайтын поляк жігіті қазақ тілін барша жұртқа насихаттап жүр
Қошке Кемеңгерұлының шөбересі әжесі Гүлсімнің ерлігі туралы айтып берді
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы қызықты деректер
ПТР-зертхана, Нұр-Сұлтан

Өткен тәулікте 980 адамнан коронавирус табылды

16
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 96 922 адамға жетті. Індеттен 70 680 адам жазылып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 980 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлады  COVID-19 індетін таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ 502 тасымалдаушы тіркелді.

Өңірлер бойынша (жалпы статистика/симптомсыз науқастар):

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 186 / 75,
  • Алматы қаласы - 175 / 111,
  • Шымкент қаласы - 26 / 15,
  • Ақмола облысы - 31 / 19,
  • Ақтөбе облысы - 2 / 0,
  • Алматы облысы - 46 / 36,
  • Атырау облысы - 44 / 41,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 92 / 29,
  • Жамбыл облысы - 40 / 20,
  • Батыс Қазақстан облысы - 58 / 22,
  • Қарағанды облысы - 85 / 35,
  • Қостанай облысы - 35 / 8,
  • Қызылорда облысы - 33 / 18,
  • Маңғыстау облысы - 33 / 28,
  • Павлодар облысы - 22 / 6,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 45 / 22,
  • Түркістан облысы - 27 / 17.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 96 922. Індеттен 70 680 адам жазылып шықты, 1058 адам көз жұмды.

16
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Жалған құжат жасайтындар көбейген: Ақорда көлеңкелі экономика туралы деректер жариялады
Коронавирустың екінші толқыны: елдің жағдайы не болады?
Коронавирус анықтамасын сатқан медицина қызметкері қылмыс үстінде ұсталды – видео  
Ордабасы ауданында коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 50 адам көз жұмды
Damumed қосымшасы

"Олар кінәлі емес": Елді шулатқан дәрігерлерді министрлік қорғаштап жатыр

522
(Жаңартылды 08:11 07.08.2020)
Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан ақша ұрлауға мүмкіндік бермеу керек еді, дәрігерлерді заңбұзушылыққа итермелеген жүйе кінәлі деп мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Науқастардың сыртынан "Дамумед" арқылы ақша жасаған дәрігерлердің еш кінәсі жоқ. Заң бұзушылыққа оларды біреу итермелеген. Денсаулық сақтау министрлігі даулы мәселеден кейін ақ халаттыларды осылай қорғаштап жатыр.

Министрлік заң бұзушыларға қатысты тексеруді бастаған. Кінәлілердің арқалайтын айыппұл көлемі де қомақты.

Емханалар төңірегіндегі дау Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесіне де жетті, деп хабарлады КТК.

Қазақстанда учаскелік дәрігерлердің науқасты қабылдауы кепілдендірілген тегін медициналық қызмет көрсету аясына кіреді. Әр науқасқа 1035 теңге белгіленген. Ал терапевт, педиатр, гинеколог сияқты арнайы мамандар тегін де, ақылы да қызмет көрсетеді. 1520 теңгеден басталатын ем-домның ақысын сақтандыру жүйесі төлейді.

"Не масқара?": Ақшаға құныққан дәрігерлердің қулық-сұмдығы әшкере болды

Сау адам шатасатын схемамен денсаулық сақтау жүйесіндегі проблемаларды зерттеумен айналысатын қауымдастық басшысы Төлебай Рахыпбеков келіспейді. Оның айтуынша, мәселенің ушығуына қордың қатысы бар.

"Бұл жағдайда тек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры кінәлі. Ұйым медициналық қызметке берілетін ақшаны бөліп-жармау керек еді. Олар мамандарға ақшаны дұрыс төлеп отырған жоқ. Олар арнайы мамандарға науқастардың келуіне байланысты төлейді. Тексеру жүргізудің қажеті жоқ. Бәрі көрініп тұр ғой. Мынау пандемия кезінде емханалар жабық. Оларға бір күнде 25 науқасты қабылдаңдар деген тапсырма бар. Амалсыздан осы әрекетке барады. Менің ойымша, арнайы мамандарды учаскелік дәрігерлермен теңдестіру керек", - дейді профессор Төлебай Рахыпбеков.

Науқастың сыртынан тон пішкен дәрігерлердің жымысқы әрекетін әшкерелеп, әлеуметтік желі шарқ ұрып жатыр. Дегенмен денсаулық сақтау жүйесіндегі мамандар ақ халаттылардың еш кінәсі жоқ деген пікірде. Жұмысы көп, қағазбастылық та кедергі. Бұған жүйе кінәлі.

"Дәрігерлерді айыптау дұрыс емес деп санаймыз. Өйткені қателіктер болуы мүмкін. Ақпараттық жүйені толтырған кезде дәрігердің өз  жүктемелері бар, ол науқастарды қарағаннан кейін жүйеге салу керек. Асыққан кезде қателік кетуі мүмкін", - дейді Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Бақытжан Тәжібай.

Медициналық сақтандыру қоры соңғы жарты жылда 12 мыңдай жалған қабылдау бойынша заңбұзушылықты анықтаған. Қазынаның 75 миллион теңгесі талан-таражға түсті.

Салаға жауапты министрліктегі тергеу кінәліні бәрібір анықтамақ.

"Денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымы қандай? "Дәрігерлер кінәлі" деп ешкім айтып жатқан жоқ. Бұл жерде дәрігерлерді заңбұзушылыққа итермелеген жүйе кінәлі болып тұр. Сол жағдайды тоқтатып, қордан ақша ұрлауға ешкімге еш мүмкіндік бермеу керек", - деп атап өтті денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.

Оңай ақшаға кенелгісі келетіндердің ісімен қазір азаматтық-құқықтық негізде тексеріс жүріп жатыр. Іс насырға шапса, емхана мен медициналық сақтандыру қоры сотқа дейін бармақ. Заңға селқос қарағандарға айыппұл салынады.  
 

522
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Министр Біртанов алматылық дәрігерлердің ісіне қатысты пікір білдірді
Жамбыл облысында бас дәрігер пара алды деген күдікпен ұсталды
Коронавирус анықтамасын сатқан медицина қызметкері қылмыс үстінде ұсталды – видео  
Рено мен Тойота соқтығысты

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші ірі апатқа себепкер болды

0
Жолаушылардың бақытына орай, апатқа ұшырағандардың ешқайсысы қаза болған жоқ. Кейбір мәліметтер бойынша, көлік ұрланған

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Назарбаев даңғылының бойында, Бөгенбай батыр көшесіне жетпей, ірі жол апаты болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

  • Рено Назарбаев даңғылында дрифт жасады
    "Рено" Назарбаев даңғылында дрифт жасады
    © Sputnik / Стрингер.
  • Рено Назарбаев даңғылында дрифт жасады
    "Рено" Назарбаев даңғылында дрифт жасады
    © Sputnik / Стрингер.
1 / 2
© Sputnik / Стрингер.
"Рено" Назарбаев даңғылында дрифт жасады

Renault Scenic және Toyota Camry көліктері солтүстік бағытта келе жатқан. Куәгерлердің айтуынша, Renault жылдамдықты арттыра отырып, дрифт жасаған, бір уақытта жүргізуші рөлге ие бола алмай, бар жылдамдықпен Toyota-ны соққан, содан соң жол белгісін қиратып, жол жиегіндегі ағашқа соғылған. Кейін көлік қайта жолға қарай ұшып түскен, соққыдан өрт шыққан.

Столкновение Рено и Тойоты
© Sputnik / Стрингер.
"Рено" мен "Тойота" соқтығысты

Ал Тойота жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Renault рөлінде иесі емес, басқа біреу отырғаны хабарланды. Көлік ұрланған болуы мүмкін.  

Toyota жүргізушісі полицейлер келгенге дейін Renault көлігінде болған адамды ұстап отырған, ол жарақаттанған. Тергеу оның көлікті жүргізгенін немесе жолаушы ретінде отырғанын анықтайды.  

0
Кілт сөздер:
жол апаты, Алматы
Тақырып бойынша
Алматыда жаппай жол апаты болды
Блок бекеттегі апат: марқұм полицейдің әйелі алғаш рет қайғылы оқиға жайлы айтты
Шығыс Қазақстан жолында төрт адам көз жұмды
Жол апаты кезінде терезеден ұшып кеткен баланы куәгер құтқарып қалды – видео
Қостанайда полиция көлігімен болған жол апатында төрт жасар бала көз жұмды