Жас жігіт

Қазақстанда қанша Қасым-Жомарт бар?

1177
(Жаңартылды 08:34 14.06.2019)
Қазақстанда Қасымжомарт есімді 654 адам тұрады

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым — Sputnik. Қазақстанда Қасым-Жомарт Тоқаевпен аттас қанша адам тұратынын ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті хабаралады.

Қазақстанда екі-ақ адамның аты - Касым-Жомарт. Касымжомарттардың саны - 69 адам, ал Қасым-Жомарт атты азаматтар респбулика бойынша 30 адам.

Тағы оқыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыныптасы бұрын беймәлім болған деректерді жариялады

Қазақстанда Қасымжомарт есімді 654 адам тұрады делінген, Sputnik Қазақстанның ресми сауалына берілген жауапта.

Қасым-Жомарт деген есім нені білдіреді

Қасым араб тілінен аударғанда "көрікті, әдемі" дегенді білдірсе, Жомарт қазақ тілінде "қолы ашық" және "адамгершілігі мол" дегенді білдіреді.

Президенттің есімі қан майданда опат болған ағасының құрметіне қойылыпты.

"Өзімнің есімім үшін тағдыр көруге жазбаған көкеме қарыздармын. Ал жаны жомарт, пейілі кең азамат болсын деп армандаған анам мені Жомарт атапты", - деп жазады Тоқаев кітабында.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаев белгілі жазушы, қаламгер болғаны көпшілікке белгілі. Кемел Тоқаевтың Қасым деген үлкен ағасы болған. Алайда ол 1942 жылдың ақпанында Ұлы Отан соғысында қаза тауып, Кемел 18 жасында тұл жетім қалған. Жалғыз бауырының қазасы Кемел Тоқаевтың өміріндегі ең қиын кезең болыпты. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әке туралы толғаныс" атты кітабында жазады.

Тағы оқыңыз: Ажырасқан: Ақорда Тоқаевтың өмірбаянын жариялады

1177
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев 66 жасқа толды: президент туралы қызықты деректер
Қасым-Жомарт Тоқаевтың руы кім – президент туралы қызықты деректер
Загрузка...