Оқушылар

Енді мұғалімді балағаттағандарға 252 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін

1866
(Жаңартылды 09:18 15.06.2019)
Заң жобасы "Ашық үкіметтік емес ұйымдар" сайтында қоғамдық талқыға ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Қазақстанда оқушы мұғалімнің ар-намысына нұқсан келтірсе, ата-анасы 252 мың 500 теңге айыппұл төлеуі мүмкін. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске осындай өзгеріс енгізілмек.

Заң жобасы айдың аяғына дейін "Ашық үкіметтік емес ұйымдар" сайтында қоғамдық талқыға ұсынылған, деп хабарлады КТК.

Тағы оқыңыз: Мұғалімдер 48 жасында зейнетке шығуы үшін қанша жыл жұмыс істеуі тиіс

Жаңа заң жобасы бойынша мұғалімнің кәсіби жұмысына негізсіз араласатындар немесе кедергі келтіретіндер 7 275 теңге айыппұл төлейді. Оқу-тәрбие жұмыстарына қажетті құрал-жабдық алуды педагогтің мойнына артып қоятындарға да осындай жаза қарастырылған. Ал өз міндетіне қатысы жоқ жұмысқа жегетіндер 25 250 теңге айыппұл арқалайды. Ең үлкен әкімшілік жаза оқушыларға келіп тұр. Кәмелетке толмаған бала мұғалімнің ар-намысына тисе, 252 мың 500 теңге айыппұл ата-анасына немесе олардың орнын алмастырған кісілерге салынады. 

1866
Кілт сөздер:
айыппұл, оқушы, мұғалімдер мәртебесі
Тақырып бойынша
Мұғалімнің орташа жалақысы кем дегенде 300 мың теңге болуы тиіс – жұмыс тобы
Депутаттар мұғалімдерді ҰБТ процесінен босатуды сұрады
Депутат: Мұғалімдердің жалақысы орташа еңбекақыдан екі еседей төмен
"Шын жүрегіммен жаздым" Депутат ашынған мұғалімнің хатын оқып берді
Назарбаев 2019 жылы мұғалімдердің жалақысы артатынын айтты
"Заң қабылданған жағдайда..." Қазақстандық мұғалімдер нені білуі тиіс?
Блокбекеттердегі полицейлер

"Оңай болған жоқ": министр блокбекеттерде жұмыс істеген полицейлерге алғыс айтты

24
Ішкі істер министрлігінің басшысы 1 маусымнан бастап блокбекеттер алынса да, санитарлық талаптар мен қауіпсіздік шаралары қатаң сақталуы тиіс екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев блокбекеттерде жұмыс істеген полицейлерге ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Бүкіл әлем коронавирус пандемиясымен күресуде. Қазақстан да қалыс қалған жоқ. Дер кезінде қабылданған шаралардың, дәрігерлер, полицейлер, әскерилер мен еріктілердің жанкештілігінің, сондай-ақ, халықтың жауапкершілігі мен тәртіптілігінің арқасында еліміз осы кезеңнен аз шығынмен өтуде", – деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызмет және бөлімше басшыларымен өткен селекторлық кеңесте.

Министр президенттің тапсырмасымен ішкі істер органдарының барлық күші қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін сақтауға, карантин шараларын қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты.

52 мыңнан астам қызметкер блокбекеттерде үздіксіз қызмет атқарды. Олардың арасында полицейлер, құтқарушылар, әскери қызметшілер және ішкі істер органдарының медицина қызметкерлері бар.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда блокбекеттер алынып, қалааралық автобустар жолға шығады

Ішкі істер министрлігінің ақпаратынша, өзін-өзі оқшаулау және шектеу режимі кезеңінде қабылданған шаралардың арқасында елдегі қылмыс 26%–ке төмендеді. Полиция мен министрліктің басқа да күштері мұндай ерекше режимде алғаш рет жұмыс істеді.

"Оңай болған жоқ. Тәулік бойы жұмыс істеу, казармалық жағдай, үй мен отбасынан жырақта болу, кейбір азаматтардың түсінбеушілігі мен қарсылығы үлкен психологиялық және физикалық жүктемелер тудырды. Бірақ біздің қызметкерлеріміз 78 күн бойы ел басшылығы қойған міндеттерді нақты орындай отырып, қызмет өткеруді жалғастырды", – деді Тұрғымбаев.

Қызметтік міндеттерін адал орындағаны, блокбекеттерде коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі шараларға тікелей қатысқаны үшін министрдің бұйрығымен ерекше көзге түскен қызметкерлер грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Тағы оқыңыз: "Ешқайда шықпайды": пойыздағы жаңа тәртіп туралы айтылды

Министр, сондай-ақ, қауіп-қатер аймағында жүрген полицейлерге маска мен  комбинезондар дайындаған сотталғандарға да алғыс айтты.

"Елді мекендер арасындағы блокбекеттер алынып тасталады. Бірақ бұл қауіп жоқ дегенді білдірмейді. Азаматтарға санитарлық талаптармен қатар сақтық шараларын қатаң сақтау керек", – деді Тұрғымбаев.

Еске салсақ, карантин режимі кезінде елде 400-ге жуық блокбекет жұмыс істеді, оған 6 мыңға жуық қызметкер тартылды. Осы кезең ішінде блокбекеттерде 3,2 миллионнан астам көлік және 5 миллион жолаушы тексерілді.

24
Кілт сөздер:
Ішкі істер министрлігі, коронавирус, төтенше жағдай
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Аурухана қызметкері

Қазақстанда тағы 476 адам коронавирус жұқтырды

1307
Өткен тәулікте вирус жұқтырған 476 адам анықталды, өсім қарқыны 4,6 процентті құраған, ауырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанда бір тәуліктің ішінде індетке шалдыққан тағы 476 адам тіркелді, деп хабарлайды жедел штаб.

"Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 476 адам тіркелді. Өсім қарқыны – 4,6%", - делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 149 (7,6%)
  • Алматы қаласы – 117 (4,7%)
  • Қарағанды облысы – 44 (5,3%)
  • Батыс Қазақстан облысы – 41 (7,1%)
  • Маңғыстау облысы – 31 (13,8%)
  • Қызылорда облысы – 25 (7,2%)
  • Шымкент қаласы – 22 (2,7%)
  • Қостанай облысы – 12 (7,3%)
  • Атырау облысы – 12 (1,2%)
  • Жамбыл облысы – 7 (1,9%)
  • Түркістан облысы – 6 (1,7%)
  • Шығыс Қазақстан облысы – 5 (4,4%)
  • Алматы облысы - 4 (1,1%)
  • Ақмола облысы – 1 (0,7%).

Республикада вирус жұқтырғандар саны 10 858 адамға жетті. 5220 адам жазылып шықса, отыз сегіз науқас қайтыс болды.

1307
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 науқас жансақтау бөлімінде жатыр 
Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 
Дәрігер салонға барғанда коронавирус жұқтырудан қалай сақтану керектігін айтты
Кентауда коронавирус жұқтырған әйел дені сау бала туды