Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының төрағасы Құралай Байменова

"Адамдар қорқатын": Қазақстанның еңбек ері қандай қиындық көргенін айтып берді

1415
(Жаңартылды 10:42 15.06.2019)
Құралай Байменова өткен ғасырдың соңында Ақтөбеде сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығын құрып, өзімен тағдырлас жандарға көмектесіп келеді

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik, Дәурен Ерболат. Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының төрағасы, Қазақстанның еңбек ері Құралай Байменова арбаға таңылғаннан кейін өмірінің қалай өзгергенін, қиындықтарды жеңіп, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы үшін қалай күрескенін Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.

Журналистика саласына қалай келді

Құралай Байменова 1955 жылы 11 сәуірде Ресейдің Орынбор облысы Донгуз станциясында көпбалалы отбасында дүниеге келген, үйдің үлкені. Ақтөбе педагогикалық институтында бастауыш сыныптың мұғалімі мамандығы бойынша білім алады. Қандыағаш және Ақтөбе қалаларындағы телеарнада жұмыс істеп, мыңдаған мүгедектің жан жарасын жазуға, олардың қайта өмірге араласуына септігін тигізеді.

"Мектепте аудандық газеттерге мақалаларымды жіберіп жүрдім. Жастайымнан әлеуметтік әділдік үшін күрестім. Бойымдағы осы қасиет журналистикаға алып келді. 1990 жылдары Кеңес одағы құлап, дүниенің астан кестеңі шығып жатқан кезде, адамдар кәсіптің көзін табуға тырысты. Мен кәсіпкер бола алмайтынымды білдім. Сондықтан адамдарды жігерлендіріп, рухын көтеру үшін телевизия саласын таңдадым", - дейді ол.

"Арбаға таңылған мүгедектерден қорқатын"

1989 жылы 34 жасында Құралай Байменова жол-көлік апатына ұшырап, омыртқасына қатты зақым келеді. Дәрігерлер оны аяғынан тұрғызу үшін бірнеше рет ота жасайды. Алайда бұл операциялар нәтиже бермей, өмір бойына арбаға таңылды. Бұл кезде Құралай Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында тұрған.

"1989 жылы жол апатына ұшырадым. Салдарынан омыртқамды сындырып, 1-2 жылдай төсек тартып жатып қалдым. Өмірдің қиындығымен бетпе-бет келдім. Бірақ өкініп, жылаған емеспін. Төсекте жатқан кезде арбаға отыруды армандадым. Үйге арбаны әкелгенде менің қалай қуанғанымды көрсеңіз ғой. Бұл кезде адамдар арбаға таңылған мүгедектерді көрмеген, олардан қорқатын. Кейбір адамдар "бісміллә, инвалид" деп қашатын. Мен оларға "арба – тақ, мен – ханшайыммын" дейтінмін. Сонда адамдар маған күлетін", - дейді Қазақстанның еңбек ері.

Жақсы адамдардың шарапатын көрген

Байменованың айтуынша, өмірдегі қиындықтарды еңсеруге оған күйеуі Қуандыр, туыстары мен досы Қарлығаш Кәкен көмектескен.

"Жол апатына ұшыраған кезімде күйеуім Қуандыр 39 жаста еді. Полиция майоры болып қызмет атқарып жүрді. Ол – ірі денелі, қуатты адам. Апатқа түскен күннен бастап жанымда болды, жағдайымды жасап күтті. 2 балаға да қарады. Телеарнадағы жұмысым 2-3 қабатта еді. Ол мені көтеріп алып, жұмысқа апаратын. Көмегін аяған жоқ. Әлі күнге дейін осындай. Қазір ол – 71 жаста", - дейді ол.

Сондай-ақ сол кезде аудандық партияда хатшы қызметін атқарған Қарлығаш Кәкен есімді досы да қиын сәттерде көңіліне медеу болған.

"Енді ойласам, достығымызға 30 жыл толыпты. Қазір ол Нұр-Сұлтанда тұрады. Жалпы өмірімдегі бұл қиындықты еңсеруге көршілерім, туыстарым, достарым көмектесті", - дейді ол.

Мүгедектерге коттедж қалашығын салуды армандайды

Құралай Байменова арбада отырып, жұртты жаңа іске жұмылдыруды ойлайды. 1997 жылы Қандыағаштан Ақтөбе қаласына көшіп келеді. Сөйтіп, облыстық телеарнада "Сила духа" деген бағдарлама ашып, мыңдаған мүгедектің "қайта тұрып", өмірге араласуына атсалысады. Қазіргі таңда оны әрбір ақтөбелік таниды, еңбегін құрметтейді.

"Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектестім" деп айта алмаймын.  Мен тек олардың мүдделері мен құқықтарын қорғауға көмектестім. Яғни біз мүгедектердің сапалы өмір сүруіне бағытталған қозғалысты құрдық. Тіпті, ол кезде арба да, жәрдемақы да болған жоқ. Тәуелсіздік алған кезде мемлекеттің жағдайы қиын болды. Ашығын айтқанда,  мүмкіндігі шектеулі адамдардың жағдайын жасауға мүмкіндік болмады. Соған қарамастан біз түрлі спорттық шаралар, автошеру, конкурстар ұйымдастырдық", - дейді Қазақстанның еңбек ері.

Сонымен қатар ол 1999 жылы Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қорғау қоғамын құрады. Ал 2012 жылы оның атауы Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы болып өзгереді. Қазіргі таңда бұл орталық арбаға таңылған адамдарға жүйелі қолдау көрсетіп келеді.

"Қазір 18 жасқа дейін мүгедек балаларға жәрдемақы төленеді ғой. Ал біз осыдан 30 жыл бұрын осының негізін салуға атсалыстық. Қазіргі таңда орталықта еріктілер тобы, әлеуметтік қызмет бөлімі мен қоғамдық қабылдау жүргізіледі. Арбаларды жөндеу, тігін цехы қарастырылған. 2005 жылы Ақтөбе облысының екі ауданында инватакси қызметі іске қосылды. Сонымен қатар Ақтөбе қаласында мүгедектерге арналған екі көпқабатты үй салынды. Қазір 73 отбасы тұрып жатыр", - деді Құралай Байменова.

Оның айтуынша, бүгінде бұл орталықта 33 адам жұмыс істейді. Байменованың ендігі мақсаты – мүгедектерге арналған коттедж қалашығын салу.

"Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинмен кездестім. Оған жоспарымды көрсеттім. Өңір басшысы жобамды қолдады", - дейді ол.

Еңбек ері болу үшін не істеу керек?

2018 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Құралай Байменоваға "Қазақстанның еңбек ері" атағы беріліп, "Алтын жұлдыз" және "Отан" орденімен марапатталды. 

"Қоғам еңбегіме адал бағасын беріп тұр ғой. Бұл – көпжылғы еңбектің нәтижесі. Менен балалар "Еңбек ері болу үшін не істеуіміз керек?" деп сұрайды. Мен оларға "балабақшадан бастап, зейнетке дейін еңбектеніп, адал жұмыс істеу керек. Өз ісіңе, өзің таңдаған мамандығыңа адал болуың қажет деп айтамын", - деп түйіндеді сөзін ол.

1415
Кілт сөздер:
мүгедектер, еңбек
Тақырып бойынша
Қордан берілетін жәрдемақы артады – Сапарбаев
Мүгедектерге берілетін жәрдемақы: қазақстандықтар нені білуі тиіс?
Вице-министр 1 шілдеден бастап зейнеткерлер үшін не өзгеретінін түсіндірді
Алаяқтыққа жол жоқ: мүгедек жандар банктегі шотының нөмірін SMS-пен жібереді
Қазір адамдар жанымнан дұға оқымай өтеді – сал ауруын жеңген қыздың әңгімесі
Депутат мүгедектерді бағып отырған қамқоршыларға арнайы мәртебе беруді сұрады
Пробирка

Өткен тәулікте 872 адамның коронавирус індетімен ауырғаны анықталды

76
(Жаңартылды 13:38 09.08.2020)
Коронавирус анықталған 428 адам клиникалық белгісі жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелген

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 872 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Ал республика бойынша 664 адам дерттен айығып шықты, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

"Оның ішінде 428 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді", – делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша (жалпы/симптомсыз):

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 174 / 78
  • Алматы қаласы - 151 / 73
  • Шымкент қаласы - 24 / 13
  • Ақмола облысы - 39 / 22
  • Ақтөбе облысы - 10 / 5
  • Алматы облысы - 23 / 16
  • Атырау облысы - 41 / 35
  • Шығыс Қазақстан облысы - 78 / 30
  • Жамбыл облысы - 30 / 18
  • Батыс Қазақстан облысы - 55 / 24
  • Қарағанды облысы - 90 / 27
  • Қостанай облысы - 30 / 13
  • Қызылорда облысы - 6 / 6
  • Маңғыстау облысы - 29 / 24
  • Павлодар облысы - 26 / 15
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 40 / 11
  • Түркістан облысы - 26 / 18.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 98 701.

Ведомство таратқан дерекке сүйенсек, өткен тәулікте Қазақстанда 664 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 21
  • Алматы қаласы - 60
  • Шымкент қаласы - 2
  • Ақмола облысы - 41
  • Ақтөбе облысы - 48
  • Атырау облысы - 29
  • Шығыс Қазақстан облысы - 212
  • Жамбыл облысы - 53
  • Батыс Қазақстан облысы - 32
  • Қарағанды облысы - 23
  • Қостанай облысы - 101
  • Маңғыстау облысы - 2
  • Павлодар облысы - 30
  • Түркістан облысы - 10.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 72 273.

76
Кілт сөздер:
індет, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирус қанша уақытқа созылады - дүниежүзілік денсаулық ұйымы болжам жасады
Коронавирус анықтамасын сатқан медицина қызметкері қылмыс үстінде ұсталды – видео  
Мамин коронавирус пандемиясының жаңа толқыны туралы айтты
Коронавирус пен пневмония құрбандары: министрлік соңғы деректерді жария етті
Ақтөбеде коронавирус жұқтырған балалар Кавасаки синдромына шалдықты
Дәрігер

Ақтөбеде коронавирус жұқтырған балалар Кавасаки синдромына шалдықты

1089
Синдром белгілері аяқтың ісінуі, көздің қызаруы, диарея, құсу сияқты жағдайлармен байланысты болып келеді

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Ақтөбеде облыстық балалар ауруханасында жатқан 5 және 15 жастағы баладан Кавасаки ауруына ұқсас белгілер анықталды, деп хабарлайды "Диапазон" Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

"Облыстық балалар ауруханасында жатқан екі балада мультисистемалық қабыну синдромы расталды. 5 және 15 жастағы балалар ауыр жағдайда қабылданған болатын. Қазір олар палатаға ауыстырылды, өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Самат Даняров.

Оның айтуынша, 5 балада Кавасаки синдромы болуы мүмкін деген күдікпен ауруханаға түскен. Бұл диагноз үшеуінде расталмады.

"Коронавирус инфекциясы ересектерде тромбоэмболия тудыруы мүмкін, ал балаларда Кавасаки синдромын өршітеді. Ауру дене қызуын көтеріп, әлсіздік пен аяқ-қолда аллергия сияқты бөртпе пайда болады. Жүрек соғысы да жиілей түседі", - деп түсіндірді жұқпалы аурулар жөніндегі бас маман Мейрамбек Құрмангазин.

Оқи отырыңыз: Қытайда соңы өлімге соқтыратын жаңа вирус тарала бастады

Сондай-ақ, ол COVID-19 індетінің алғашқы белгілері сезіле бастағанда-ақ дәрігер кеңесіне жүгіну керектігін айтады.

Бұған дейін Италия, Ұлыбритания және АҚШ-та коронавирус инфекциясы бар балаларда осындай асқынулар тіркелген болатын. Мұндай жағдайда балалардың орта және кіші артериялары зардап шегеді.

Ал осыған ұқсас жағдайлар алғаш рет мамыр айында Еуропа елдерінде тіркелді. Неміс бұқаралық ақпарат құралдарында, атап айтқанда Deutsche Welle басылымы ол туралы жазды.

Маусым айында екі жасар қыз Мәскеуде Кавасаки тәрізді синдромның құрбаны болды, деп хабарлады РИА Новости

Шілде айында америкалық Wall Street Journal АҚШ-та тестілеу нәтижесінде балалардың коронавирус жұқтырған жағдайлары анықталып жатқанын мәлімдеді. Кейбір балаларда COVID-19 жұқтырғаннан кейін денеде қабыну процесі басталады.

Балалардағы синдром белгілері аяқтың ісінуі, көздің қызаруы, диарея, құсу сияқты жағдайлармен байланысты болып келеді.

1089
Кілт сөздер:
коронавирус, вирус, індет
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ғалымдар коронавирус қандай суда өлетінін анықтады
Ғалымдар коронавирусты емдейтін жаңа қондырғы ойлап тапты
Дәрігер Қазақстанда вирус жұқтырғандар неліктен көбейіп жатқанын айтты
Ғалымдар коронавирус жұқтырғанда кімдер 12 есе жиі көз жұматынын айтты
Тойда 16 қонаққа вирус жұқтырған: Тоғжанов қайғылы жағдайлар туралы айтты
Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан мамандар, архивтегі сурет

Шығыс Қазақстан полицейлері сұмдық оқиғаға қатысы бар күдіктіні шекарада тұтқындады

553
(Жаңартылды 13:14 09.08.2020)
Күдікті ретінде іздестірілген 59 жастағы ер адам Қазақстан шекарасынан Ресейге автокөлікпен өтіп жатқанда сәтінде тұтқындалды

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында 40 жастағы әйелдің егіс алқабына көмілген мәйіті табылды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық полиция басқармасы. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ШҚО Полиция департаменті (@eastkazpolice)

Глубокое ауданының тұрғыны төрт күн бұрын таңертең үйінен жұмысына кетіп, қайтып оралмаған. Оның туыстары полицияға хабар берген соң, полицейлер мен еріктілер дереу іздеуге кіріскен болатын. 

"Глубокое ауданының Белоусовка ауылынан жеті шақырым қашықтағы егіс алқабында топыраққа көмілген әйелдің мәйіті табылды", – делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары жоғалған адамды танитын 59 жастағы ер адамды ұстады. Ол Қазақстан шекарасынан Ресейге автокөлікпен кетіп бара жатқанда сәтінде тұтқындалды.

"Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді облыстық полиция басқармасы бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Оқи отырыңыз: Ақшұқыр ауылындағы қанды оқиғадан кейін 11 адам тұтқындалды

553
Кілт сөздер:
Шығыс Қазақстан, қанды оқиға
Тақырып бойынша
Танымал қазақстандық ғалым мемлекеттік опасыздық жасағаны үшін тұтқындалды
Жүгіруге шығып, жоғалып кетті: Ақмола облысында 14 жасар қыз іздестірілуде
Шымкентке коронавирус кіргізген адаммен бір автобуста отырған жолаушылар іздестірілуде
Алматы зообағының есепшісі 32 миллион теңгені жымқырғаны үшін тұтқындалды
Сот залындағы кісі өлімі: күзетші салғырттығы үшін сотталды