Қоғам

1 млн теңге ұтты: халықаралық "Жайдарманның" жеңімпазы анықталды

© Photo : Жайдарманның әлеуметтік желідегі парақшасынан алындыЖайдарман
Жайдарман - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биылғы Жайдарманға түркітілдес бес мемлекеттің командасы қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Бейбітшілік пен келісім сарайында халықаралық "Жайдарман" фестивалі өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ойынның жүргізушісі Есен Елеукеннің айтуынша, фестиваль жастар жылының аясында ұйымдастырылған. Оған танымал сатирик Көпен Әмірбек, халықаралық КВН ойындарының 2017 жылғы чемпионы Данияр Жұмаділов, тележүргізуші Ирина Тен, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істер басқармасы жастар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүнісбеков және мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских қазылық етті.

Тағы оқыңыз: Есен Елеукен Тұрсынбекке қатысты шындықты айтты

Фестивальде Қазақстан халқы ассамблеясы командасы, Моңғолиядан келген "Бай өлке бағландары", қарақалпақстандық "Нүкіс" командасы, Ресейден Башқұртстан, ноғайлардың "Алтын ордасы", Татарстан командасы, қырғызстандық "Позитиф" пен жергілікті бірнеше команда өзара мықтыны анықтады.

© Photo : Жайдарманның әлеуметтік желідегі парақшасынан алындыКомандаларды марапаттау рәсімі
1 млн теңге ұтты: халықаралық Жайдарманның жеңімпазы анықталды - Sputnik Қазақстан
Командаларды марапаттау рәсімі

Тартысты өткен ойында бірінші орынды "Алтын орда" командасы иеленді. Оларға 1 миллион теңге көлеміндегі ақшалай жүлде табысталды. Екінші орынды Қырғызстанның "Позитиф" командасы мен шымкенттік "Бүгін кз" командасы алса, үшінші орынды моңғолиялық "Бай өлке бағыландары" мен Башқұрстан, Қарақалпақстан командалары қанағат тұтты. "Кештің үздік ойыншысы" атағы Татарстан командасының мүшесі Наиль Салаховқа бұйырды.

Айта кетсек, халықаралық "Жайдарман" ойындары алғаш рет 2017 жылы өткізілген болатын. Бұл ойында бас жүлдені Қырғызстанның "Позитиф" командасы жеңіп алған.

Жаңалықтар
0