Жаңбыр

Бұршақ және екпінді жел: синоптиктер ауа райы қандай болатынын айтты

1259
(Жаңартылды 12:40 17.06.2019)
"Қазгидромет" РМК 18-20 маусым күндеріндегі ауа райына болжам ұсынады

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде республиканың кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазгидрометтің ақпаратынша, Қазақстанның шығыс жартысына Батыс Сібірдің солтүстік аймағынан суық атмосфералық ағымдар ығысады.

"Сондықтан алдағы үш тәулікте кей жерлерде найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жауады, екпінді жел соғады деп болжануда. Күндіз бұршақ түсуі мүмкін, ал ауа температурасы климаттық нормадан төмен болады", - делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, республиканың батыс және оңтүстік облыстарында күн бұлтты және ыстық болады.

Ірі мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтан

  • 18 маусымда күн ала бұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Түнде +13, күндіз +18 градус жылы болады.
  • 19 маусымда күн ашық, ала бұлтты, сынап бағанасы күндіз +22, түнде +11 градусты көрсетеді.
  • 20 маусымда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14, күндіз +24 градус.

Алматы

  • 18 маусымда күн ашық, сынап бағанасы күндіз +27, түнде +19 градусты көрсетеді.
  • 19 маусымда күн ала бұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +26, түнде +18 градус жылы болады.
  • 20 маусымда күн ала бұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +27, түнде +17 градус.

Шымкент

  • 18 маусымда ауа райы жауын-шашынсыз, күн ала бұлтты. Түнде +18, күндіз +31 градус ыстық.
  • 19 маусымда күн ашық, ауа температурасы түнде +20, күндіз +29 градус.
  • 20 маусымда да күн ашық, түнде +20, күндіз +31 градус ыстық болады деп болжанып отыр.
1259
Кілт сөздер:
бұршақ, жаңбыр, найзағай, жел, ауа райы болжамы, ауа райы, синоптиктер, Қазгидромет
Загрузка...