Нұр-Сұлтан қаласындағы митинг, архивтегі сурет

Митинг кезінде 4 мыңға жуық адамның ұсталғаны белгілі болды

370
(Жаңартылды 11:24 18.06.2019)
Мыңға тарта адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Қазақстанда заңсыз митинг кезінде төрт мыңға жуық азамат ұсталған. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр 9, 10, 11, 12 және 13 маусым күндері республика қалаларында заңсыз митинг өткенін айтты. Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің бірнеше мәрте ескерткеніне қарамастан, адамдар көшеге шыққан.

"Митингіге шыққан азаматтар "Митингілер, шерулер және демонстрациялар туралы" заңды бұзды. Заңда мұндай акцияларды өткізбес бұрын жерілікті атқарушы органдарға өтініш беру керектігі анық жазылған. Олар рұқсат бергеннен кейін ғана митинг өткізілуі тиіс", - деді Тұрғымбаев үкімет кулуарында.

Ол заңсыз митинг кезінде полицейлерге арнайы құралдарды қолданбау туралы нұсқау берілгенін айтты. Бұл - газ баллондары мен резеңке таяқ.

"4 мыңға жуық азамат ұсталды. 3 мың адам профилактикалық жұмыстан кейін босатылды. 677 адам сот арқылы әкімшілік қамауға алынды, ал 305-іне әкімшілік айыппұл салынды", - деді министр. 

Тұрғымбаевтың айтуынша, мыңға тарта азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сайлау кезіндегі митинг

Сайлаудан кейін болған заңсыз митингілерден соң президент Қасым-Жомарт Тоқаев кінәсіз азаматтар мен оқиға орнында кездейсоқ болғандарды босатуды тапсырды. Сондай-ақ ол наразылық білдіріп жатқандарды диалогқа шақырды. Осы мақсатта мемлекет басшысының жарлығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. Алғашқы отырысы 2019 жылдың тамызында өтеді деп жоспарланып отыр.

Тағы оқыңыз: Тоқаев: Халық кедейліктен көшеге шықты

Бұдан бөлек, Тоқаев Қазақстанда азаматтардың көшеге шығып, наразылығын білдіруге рұқсат беретін арнайы заң қабылданатынын мәлімдеді. 

370
Кілт сөздер:
адам, митинг
Тақырып бойынша
"Ринатты көрсетуге тура келді": ІІМ Зайытовты не үшін ұстағанын түсіндірді
Митингіге шыққан 200 адамды басқа қалаларға апарып тастадық – Қожаев
"Берші, берші деп сұрай береді": Сапарбаев митингіге қатысты пікір білдірді
Министр Абаев Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы митингілерге қатысты пікір білдірді
Митингіге шыққандарға қандай жаза қолданылды – Бас прокуратура жауап берді
Тоқаев қазақстандықтарға наразылық шеруіне шығуға рұқсат берілетінін айтты
Аурухана қызметкері

Қазақстанда тағы 476 адам коронавирус жұқтырды

1217
Өткен тәулікте вирус жұқтырған 476 адам анықталды, өсім қарқыны 4,6 процентті құраған, ауырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанда бір тәуліктің ішінде індетке шалдыққан тағы 476 адам тіркелді, деп хабарлайды жедел штаб.

"Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 476 адам тіркелді. Өсім қарқыны – 4,6%", - делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 149 (7,6%)
  • Алматы қаласы – 117 (4,7%)
  • Қарағанды облысы – 44 (5,3%)
  • Батыс Қазақстан облысы – 41 (7,1%)
  • Маңғыстау облысы – 31 (13,8%)
  • Қызылорда облысы – 25 (7,2%)
  • Шымкент қаласы – 22 (2,7%)
  • Қостанай облысы – 12 (7,3%)
  • Атырау облысы – 12 (1,2%)
  • Жамбыл облысы – 7 (1,9%)
  • Түркістан облысы – 6 (1,7%)
  • Шығыс Қазақстан облысы – 5 (4,4%)
  • Алматы облысы - 4 (1,1%)
  • Ақмола облысы – 1 (0,7%).

Республикада вирус жұқтырғандар саны 10 858 адамға жетті. 5220 адам жазылып шықса, отыз сегіз науқас қайтыс болды.

1217
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 науқас жансақтау бөлімінде жатыр 
Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 
Дәрігер салонға барғанда коронавирус жұқтырудан қалай сақтану керектігін айтты
Кентауда коронавирус жұқтырған әйел дені сау бала туды
Аурухана палатасындағы медициналық аппаратура

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

139
Жұма, 29 мамырда Шымкент қаласында індетке шалдыққан 1945 жылғы науқас қайтыс болды, республикада вирустан көз жұмғандар саны 38 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Шымкентте коронавирустан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды жедел штаб.

Науқас 29 мамырда қайтыс болған. Ол 1945 жылы туған әйел.

"Коронавирус жұқтырған науқастардың өлімін зерттеу жөніндегі комиссия пациенттің өліміне коронавирус инфекциясы себеп болды деген шешімге келді", - делінген хабарламада.

Қазақстанда осымен COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 38 адамға жетті.

Республикада барлығы 10382 адамда коронавирус диагнозы расталды, 5057 адам жазылып шықты.

139
Кілт сөздер:
Шымкент, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Мысық балық жеп жатыр

Коронавирус Уханьдағы базардан тараған жоқ Қытай ғалымдары

0
Сарапшылар Қытайда коронавирус жұқтырған алғашқы он үш адамның базарға еш қатысы жоқ екенін дәлелдеді

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Коронавирус ең алғаш Уханьдағы базардан тараған жоқ. Бұл туралы Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ғалымдары мәлімдеді.

Мамандар Ухань базарындағы өнімдерден COVID-19 табылмағанын айтты.  Ғалымдар инфекция адамға жарқанаттан жұқты деген болжамды растап, вирус теңіз өнімдері базарында болған науқастан тарала бастады деген пайымға келді.

Алайда сарапшылар вирус алғашқы адамға базарда емес, басқа жерде жұқты деп отыр.

Ғалымдар Қытайда ең алғаш тіркелген 13 адамның Уханьдағы базарға еш қатысы жоқ екенін дәлелдеді, деп жазады The Sun.

0
Кілт сөздер:
Қытай, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы