Қоғам

Министр Біртанов Семейден келген қыздың мәселесін шешіп беруге уәде етті

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтудәріхана
дәріхана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұрын өңірлерге еш қиындықсыз жеткізіліп келген препарат арнайы температуралық режимде сақталатын дәріге алмастырылған, енді оны тасымалдау үшін арнайы контейнер қажет

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың есеп беру кездесуі кезінде Семейден келген қыз арнайы дәріні жеткізу мәселесі бойынша арызданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Менің ағам эпилепсияның ауыр түріне шалдыққан. Ауруы ұстап қалғанда "Реланиум" деген дәрі ғана көмектеседі. Бұрын осы препаратты тегін беріп тұратын. Ал оны сатып алуға мүмкіндік жоқ. Қазір ол дәріні бермей қойды", - деді Семейдің тұрғыны.

Дәрі-дәрмек - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Тегін дәрі-дәрмек: қайдан және қалай алуға болады
Министр Біртанов "СК-Фармация" ЖШС басшысын тұрғызып, жауап беруды сұрады. Компанияның басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріптің айтуынша, бұрын "Реланиум" сияқты препараттарды өңірлерге жеткізу жағынан қиындық болмайтын. Осы жолы тендерден "Сибазон" деген дәрі өтті. Бірақ оны сақтаудың арнайы температуралық режимі бар.

"Аталған дәріні 2-8 градуста сақтау қажет. Оны арнайы термоконтейнермен ғана тасымалдауға болады. Негізі, тауар бар. Бәрі қоймада жатыр. Бір жарым-екі айдай уақыт қажет. Тасымалдау мәселесін шешкен бойда Семейге де жеткіземіз", - дейді Шәріп.

Осы кезде министр Біртановтың өзі тасымалдауға жеңіл болған бұрынғы препараттың арнайы температуралық режимде сақталатын жаңа дәріге алмастырылғанына таңғалды.

"Мен түсінбедім, бұрынғы жүйені не үшін қиындатып отырсыздар? Бұл иммунды, я болмаса, биологиялық препарат емес, кәдімгі "Диазепам" ғой. Білуімше, "Сибазон" да, "Реланиум" да "Диазепам"-ға жатады. Сіздер техникалық талаптарға арнайы температуралық режиммен тасымалдауды енгізіп қойған шығарсыздар. Бұрын ондай болған жоқ. Түсінбеймін, жоқ жерден проблема жасап отырсыздар", - деді Біртанов.

Осыдан кейін министр өзінің орынбасары Қамалжан Надыровқа, сондай-ақ, құзіретті комитеттің басшысына бір айдың ішінде тиісті нормативтік актілерді жасап, аталған проблеманы шешуді тапсырды.

Жаңалықтар
0