Проблесковый маячок на полицейской машине

"Көлікпен әдейі қақты": Полицейлер митингіде қалай жарақат алғанын айтты

703
(Жаңартылды 09:48 19.06.2019)
Митингілер кезінде 300-ден аса полиция қызметкері жарақаттанған, алтауы әлі ем қабылдап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы рұқсат етілмеген митингілер кезінде жарақат алып, ауруханаға түскен полицейлер наразы топпен қақтығыстың қалай болғанын айтып берді.   

Нұр-Сұлтан қаласындағы қоғамдық тәртіпті бақылауға барып, зардап шеккендердің бірі – Жұмабек Шайхысламұлы. Жастар сарайының маңында басынан ауыр соққы алған, деп хабарлады КТК. 

"Сол жағымда тұрған әріптестеріме "байқаңдар, бөтелке  лақтырып жатыр" деп айтқаным сол еді, өзімнің басыма қатты зат тиді. Құлап бара жатқанымда қасымдағы әріптестерім екі қолымнан алып, сол маңда тұрған жедел жәрдемге жеткізді", - деп баяндады Көліктегі полиция департаменті жолаушылар пойызындағы ілесіп жүру баталонының І рота инспекторы Жұмабек Шайхысламұлы.

Дәрігерлердің сөзінше, тәртіп сақшысының жарақаты орташа деңгейде. Өміріне қауіп жоқ. Алдағы апта қатарға қайта қосылады.

"Біздің ауруханаға 3 қызметкер келіп қаралды. Оның екеуі амбулаториялық емге жіберілді. Жарақат алған бір науқас бөлімшеге жатқызылды. Миы шайқалған. Басынан ашық жарақат алған. Қазіргі кезде жағдайы тұрақты. Қажетті ем-домын алып жатыр. Жібін енді 2-3 күннен кейін шешеміз", - дейді ҚР ІІМ емханасы бар орталық госпиталі травматология-ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі Жансерік Шаухымбердиев.

Тағы оқыңыз: Митингіге шыққандар полицейлерге тас лақтырып, арматурамен ұрған

Алматы қаласындағы шеру кезінде полицей Нұрбол Бекназаров аяғын сындырған. Наразы топ жолдың бойына шыққан сәтте көлік жүргізушісі бұйрыққа бағынбай әдейі қаққан. Науқастың тізесіне дереу ота жасалды.

"Төле би даңғылының бойында автовокзалға қарама-қарсы бір топ адам жиналып жатыр деген бұйрық түсті. Сол маңға бардық. "Тойота" автокөлігіне қолымды көтеріп "тоқта" деген нұсқау бердім. Ол бағынған жоқ, соғып оқиға болған жерден кетіп қалды", - дейді полиция қызметкері Нұрбол Бекназаров.

Ішкі істер министрі кеше митингілер кезінде 300-ден аса полиция қызметкері жарақаттанғанын мәлімдеді. Алтауы әлі ем қабылдап жатыр.

Полиция наразы топқа қарсы газ қаруы мен дубинка қолданбаған. Жалпы шеруге шыққан 4 мың адамның ішінен негізсіз ұсталған 3 мыңы босатылған. 677 адам сот арқылы әкімшілік қамауға алынса, 305-і айыппұл арқалаған.

703
Кілт сөздер:
полицей, митинг
Тақырып бойынша
Митингіге шыққан 200 адамды басқа қалаларға апарып тастадық – Қожаев
Тоқаев қазақстандықтарға наразылық шеруіне шығуға рұқсат берілетінін айтты
Екі қаладағы митингілер кезінде 9 журналист ұсталды - ІІМ
Митингіге шыққандарға қандай жаза қолданылды – Бас прокуратура жауап берді
"Халық кедейліктен көшеге шықты": Тоқаев Қазақстандағы митингілер туралы айтты
Митинг кезінде 4 мыңға жуық адамның ұсталғаны белгілі болды
Загрузка...