Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова

Мәдениет министрі бірқатар терминнің қазақша аудармасы қайта қаралғанын айтты

43449
(Жаңартылды 11:31 21.06.2019)
Ақтоты Райымқұлова үш мыңнан астам термин қайта бекітілгенін атап өтті  

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова терминдерді өзгерту шаралары туралы әңгімеледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, халықаралық терминдерді қазақ тіліне қайтару үшін терминологиялық қорға мониторинг жүргізілді. Осыған орай бұрын қазақ тіліне аударылған 3 300-ден астам жалпыға бірдей қабылданған термин мен ұғым қайта қаралып бекітілді.  

"Олардың 300-ге жуығы – халықаралық терминдер. Мысалы, "мұражай" деген сөз "музей" болатын болды. Мұрағат – архив, тағы сондай-сондай нәрселер", – деді Райымқұлова бүгінгі есеп беру кездесуінде. 

Бұдан бөлек, азатжол – абзац, пайыз – процент, сынып – класс, құрсым – шина,  теңгерім – баланс, әнұран – гимн, мұқаммал – инвентарь, ақау – дефект, шегендеу – демаркация, мейрамхана – ресторан, қимыл – анимация, ал "әлеует" деген сөз "потенциал" болып қайта өзгертілді.

"Бүгінде "Termincom.kz" сайтының негізінде терминологияның қазіргі жағдайы мен негізгі қағидалары туралы ақпараттандыру үшін электронды платформа іске қосылды", - деп атап көрсетті Райымқұлова.

Айта кетсек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін халықаралық терминдерді қазақ тіліне аудару мәселесін бірнеше рет көтерген болатын. Айтуынша, бірқатар терминнің аудармасы қисынсыз болса, кейбірі жап-жақсы аударылған. Қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет.

Кейбір аудармаларды негіздеу тәсілдерін қайта қарастырып, терминология тұрғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату керек, деген еді Назарбаев. Ол латын әліпбиіне көшу бұл мәселені реттеуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді. 

43449
Кілт сөздер:
Ақтоты Райымқұлова, әнұран
Тақырып бойынша
Назарбаев "пайыз" бен "күйсандық" сөзі неге ұнамайтынын айтты
Белгілі ғалым Қоянбаев пен Қабатовтың сөйлеу мәнерін сынға алды  
Қазақша сөйлемеген Көшербаевқа Елбасы ескерту жасады
Назарбаев: терминдерді қазақ тіліне аударудағы "жаңалықтар" күлкіңді келтіреді
Қазақ тіліне аударылған бірқатар халықаралық термин қайта өзгертіледі
Көк Жайлау

Көк Жайлауда сауық кешін ұйымдастырғандарға қатаң шаралар қолданылады

109
Қала әкімі полиция департаментінің басшысына тиісті тергеу жүргізіп, кінәлі тұлғаларды жазалауды тапсырды

АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов карантин кезінде Көк Жайлауда өткен жаппай сауық кешіне қатысты түсініктеме берді.

"Бұл жол беруге болмайтын жағдай. Қандай да бір шара өткізуден бұрын ол жерге кіруге де тыйым салынған. Ол жерде болған адамдар өздерінің ғана емес, жан-жағындағылардың да өмірін өлімге тікті. Сондай-ақ, олар тауда қоқыстарын қалдырып кетті. Ол шараға рұқсат берілмеген, санитарлық норма сақталмаған", - деді ол брифинг барысында. 

Сонымен қатар Қожағапанов Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін жаппай іс-шаралар өткізуге тыйым салатын қаулысы бар екенін атап өтті.

"Аталған адамдарға қатысты қала әкімі полиция департаментінің басшысына тиісті тергеу жүргізуге нақты тапсырма берді. Олардың барлығын анықтап, әкімшілік жаза, қажет болса, қылмыстық жаза қолдану керек", - деді ол.

Сонымен қатар қала прокуроры табиғатты қорғау прокурорына осы жағдайды шешу жөнінде тапсырма берді.

Бұған дейін экология министрлігі Алматыдағы Көк Жайлау тауында сауық кешін өткізгендерге 100 АЕК немесе 277 800 теңге айыппұл салынғанын хабарлады. Айыппұл салынған ер адам автокөлік жанында түскен фотосын әлеуметтік желіге жүктеген болатын.

Карантин кезінде Алматы тауларындағы сауық кеші

24 мамырда Алматы қаласында енгізілген карантинге қарамастан, ерекше қорғалатын аумақта азаматтар ойын-сауық кеші мен түнгі кино көрсетілім ұйымдастырған. Қазіргі кезде "Көк Жайлаудағы кино түнін" ұйымдастырушылар іздестіріліп жатыр.

 

О

109
Кілт сөздер:
карантин, "Көк Жайлау" курорты
Тақырып бойынша
Полиция Көк Жайлаудағы отырыс ұйымдастырушыларын іздестіріп жатыр
Алматыда маскасыз жүргендерге айыппұл салынуы мүмкін
Жұмысқа шыққандар арасында вирус жұқтырғандар көбеюде – министрлік
Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 
Алматыда кинотеатрлар мен балаларды дамыту орталығы қашан ашылады?
Ақылы жол

1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады

229
(Жаңартылды 21:05 25.05.2020)
Қонақүй, шипажай-сауықтыру кешендері санитарлық нормаларды қатаң сақтай отыра жұмысқа кірісетіні хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр —Sputnik. Қазақстанда 1 маусымнан бастап курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары ашылады. 

Шешім премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды.

"2020 жылғы 1 маусымнан бастап қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып, кәсіподақтар федерациясының қонақүйлері мен сауықтыру санаторийлері және өңірлердегі курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары қызметін қайта бастайды", - деп жазылған премьер-министрдің ресми ақпарат ресурсында.

25 мамырдан бастап Атырау қаласымен ішкі әуе қатынасы жанданады.

Сондай-ақ, 1 маусымнан бастап кезең-кезеңмен ішкі теміржол қатынасын іске қосуға байланысты теміржол вокзалдарының қызметі санитарлық нормаларға сәйкес ұйымдастырылады.

Қазақстан азаматтарын шет елдерден қайтару жұмысы жалғасады.

229
Кілт сөздер:
карантин, курорт, маусым
Тақырып бойынша
Алматыда маскасыз жүргендерге айыппұл салынуы мүмкін
Полиция Көк Жайлаудағы отырыс ұйымдастырушыларын іздестіріп жатыр
Жұмысқа шыққандар арасында вирус жұқтырғандар көбеюде – министрлік
Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 
Алматыда кинотеатрлар мен балаларды дамыту орталығы қашан ашылады?
Ауа райы

40 градус ыстық: 26 мамырға арналған ауа райы

150
(Жаңартылды 23:14 25.05.2020)
Қазақстанның бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды. Сейсенбі күні ыстық болады, бұршақ жауып, қатты жел соғады

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр — Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 26 мамыр күні бірқатар өңірде аптап ыстық болатынын айтты.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамында солтүстік өңірлерде күн салқындайтыны хабарланды. Оңтүстікте күн ыстық болады. Кей жерлерде жел күшейеді.

Дабылды ескерту

Ақмола облысында 26 мамырда күн күркіреп, бұршақ жауып, шаңды жел болады. Жылдамдығы - 15-20 м/с.

Күндіз Павлодар облысында желдің жылдамдығы - 25 м/с.

Сейсенбі күні Солтүстік Қазақстан облысында тұман болады, желдің жылдамдығы - 25 м/с.

Батыс Қазақстан облысында аптап ыстық. Плюс 37 градус, күн күркірейді.

26 мамырда Түркістан облысында шаңды дауыл, желдің жылдамдығы - 23 м/с. Күндіз батыста аптап ыстық, плюс 40 градус.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада дабылды ескерту жарияланды. Шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы - 20 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз плюс 32-34 градус.

Алматыда түнде плюс 17-19 градус, күндіз – 31-33 градус ыстық.

Шымкентте түнде 19-21 градус жылы, күндіз сынап бағанасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі.

150
Кілт сөздер:
ыстық, мамыр, ауа райы
Тақырып бойынша
Көкшетауда дауыл кезінде зардап шеккен екінші адам қайтыс болды
Қазақстанда дауылды жел 160 ғимараттың шатырын ұшырып әкетті
Алматыда жалға алынған көлік ағаш пен жеке үйдің қоршауын қиратты
Ақмола облысында қатты жел ағаштарды жұлып, үйлердің шатырын ұшырды