Қоғам

30 жылдан соң оқылады: Назарбаев келешек ұрпаққа жолдау қалдырды

© Официальный сайт Президента КазахстанаПервый президент Казахстана Нурсултан Назарбаев во время церемонии закладки капсулы времени в Алматы
Первый президент Казахстана Нурсултан Назарбаев во время церемонии закладки капсулы времени в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның тұңғыш президенті болашақтан зор үміт күтетінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласында келешек ұрпаққа жолдауы бар "уақыт капсуласын" салды, деп хабарлайды Ақорда.

Назарбаев салтанатты шараға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде болашақ ұрпақ үшін бұл жолдаудың маңызы зор екенін атап өтті.

© Официальный сайт Президента КазахстанаНұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласында "уақыт капсуласын" салды
30 жылдан соң оқылады: Назарбаев келешек ұрпаққа жолдау қалдырды - Sputnik Қазақстан
Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласында "уақыт капсуласын" салды

"Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның бағындырған белестері аз емес. Аға буын бүгінгі жастардың бақытты өмір сүруі үшін біздің қандай қиын кезеңдерді бастан өткергенімізді жақсы біледі. Біз еліміздің игілігі үшін жұмыс істедік. Қазақстанды әлемге таныттық", – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының келешек ұрпағының өсіп-өркендеуі үшін зор мүмкіндіктер бар екенін айтты.

© Официальный сайт Президента КазахстанаЕлбасы жастардың арасында
30 жылдан соң оқылады: Назарбаев келешек ұрпаққа жолдау қалдырды - Sputnik Қазақстан
Елбасы жастардың арасында

"Мен өз мақсатымызға қол жеткізгеніміз үшін өте қуаныштымын. Бұл капсула 30 жылдан кейін ашылады. Осы жылдар ішінде көп нәрсе болуы мүмкін. Бірақ, Қазақстан және оның азаматтары өз даму жолымен ілгерілеуін жалғастыра беретін болады", – деді тұңғыш президенті.

Тағы оқыңыз: Назарбаевтың өскелең ұрпаққа берген ақыл-өсиеті - видео

Рәсім соңында Елбасы қазіргі жастардың Қазақстанды нығайтып, өркендету үшін еңбек ете беретініне сенім білдірді.

© Официальный сайт Президента КазахстанаНұрсұлтан Назарбаев жастардың ел келешегі үшін еңбек ететініне сенім білдірді
30 жылдан соң оқылады: Назарбаев келешек ұрпаққа жолдау қалдырды - Sputnik Қазақстан
Нұрсұлтан Назарбаев жастардың ел келешегі үшін еңбек ететініне сенім білдірді
Жаңалықтар
0