Қоғам

Шымкенттік полицейдің келіншегі күйеуінің мәселесін министр арқылы шешіп алды 

© Photo : министерство внутренних дел Республики КазахстанЕрлан Тұрғымбаев
Ерлан Тұрғымбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұрғымбаев көші-қон полицейіне жұмысын Шымкентке ауыстыруына көмектесетінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Бүгін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың халыққа есеп беру кездесуінде полицейдің келіншегі күйеуінің мәселесін шешіп беруді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, жолдасы көші-қон полициясында жұмыс істейді. Енді, жұмыс бабымен Шымкент қаласына ауыспақшы. Бірақ тиісті құжаттарға қол қойылмай жатқан көрінеді.

"Мен пәтер сұрайын деп жатқан жоқпын. Бізге өзіміздің туған жеріміз – Шымкент қаласына ауысуға тура келіп тұр. Бала-шағамыз сол жақта. Құжаттар мұнда келді. Бірақ қол қойылмай жатыр, жіберілмей жатыр. Оны не істеуге болады? Бізге көп күтуге болмайды. Пәтерде тұрамыз. Бала-шағамызбен екі жақта жүрміз", - деді полицейдің келіншегі.  

Осыдын кейін министр Тұрғымбаев мәселенің мән-жайын тағы анықтап, полицейдің аты-жөнін сұрады. Осы кезде полицейдің келіншегі: "Ол менің мұнда келгенімді білмейді. Енді...көре жатармыз", - деді. Ал залда отырғандардың бәрі күліп, қол шапалақтай бастады. Министр болса, аталған мәселені шешіп беруге уәде етті.

"Мына жерде кадр департаменті бастығының орынбасары бар. Қазір бәрін жазып алыңыз. Ауыстырып береміз", - деді Тұрғымбаев.

Жаңалықтар
0