ҰБТ-2019

ҰБТ-дан қанша бала өтпей қалды: министрлік бірінші күнді қорытындылады

3337
(Жаңартылды 18:32 21.06.2019)
ҰБТ-ның бірінші күнінде түлектердің 76,5 проценті шекті балл жинаған, тек бір талапкер ғана ең жоғары 137 балл алды

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. ҰБТ-ның бірінші күні тестілеуге республика бойынша 12 772 түлек қатысты. Олардың 3 434-і шекті балл жинай алмай қалған. Бұл туралы білім және ғылым министрлігіне қарасты жоғары жән жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ең жоғары балл – 137

Кеше, 20 маусымда елімізде ҰБТ басталды. Алғашқы күні республика бойынша 12 772 түлек ҰБТ тапсырған, олардың 11 361-і – қазақ тілінде, 1 411-і – орыс тілінде. Жалпы, тестілеудің бірінші күні 13 068 түлек қатысады деп жоспарланған екен.

"ҰБТ тапсырғандардың 76,5 проценті шекті балл жинады, яғни 9 338 бала. ҰБТ-дан өтпей қалғандар саны – 3 434. Ең жоғары балл – 137, оны тек бір бала ғана жинады", - деді Тойбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Шекті балл жинай алмай қалғандар үшін тамыз айында тағы да тестілеу ұйымдастырылады. Одан сүрінбей өткендер ақылы негізде оқуға түсуге мүмкіндік алады.

Старт ЕНТ 2019
© Sputnik / Абзал Калиев.
ҰБТ-ның бірінші күнінде 3 434 түлек шекті балл жинай алмады

Кеше ҰБТ алты өңірдегі 39 пунктіде өткен. Алғашқы күні тестілеуге ерекше білім беру қажеттілігі бар бес бала қатысты. Оларға жеке аудитория мен көмекшілер ұсынылған.

Барлық 309 аудитория ұялы телефон сигналдарын басатын құралдармен, бейнекамералармен жабдықталған. ҰБТ өткізу пунктерінде бейнетрансляция ұйымдастырылды. Ол үшін арнайы мониторлар орнатылып, жоғары оқу орындарының ресми сайты мен ютуб-каналдарда онлайн трансляция жүргізілді.

"Шпаргалка" үшін ешкім аудиториядан қуылған жоқ

Тойбаевтың айтуынша, ҰБТ кезінде тәртіп бұзушылықтар болған. Кейбір балалар "шпаргалка", ұялы телефон алып кірмек болыпты. Бірақ, былтырғы жылмен салыстырғанда олардың саны аз дейді.

"Бұл бізді қуантады", - деді департамент директоры.

Старт ЕНТ 2019
© Sputnik / Абзал Калиев.
Тек бір түлек қана ең жоғары 137 балл жинады

Ол биыл тыйым салынған заттармен ұсталған балалардың аудиториядан қуылмағанын қадап айтты. Басты мақсат сынаққа кірген балалардың көңіл-күйін бұзбау болды дейді Тойбаев.

"Тыйым салынған заттар тәркіленді, бірақ балалар аудиториядан шығарылған жоқ. Барынша тестілеуден шығармауға тырыстық", - деді директор.

Ұлттық тестілеу орталығының call-орталығына 34 қоңырау түскен. Хабарласқандардың денін тест нәтижесі мен тамыз айындағы тестілеу қызықтырған.

ҰБТ нәтижесі қашан және қайда жарияланады

Кеше ҰБТ-ның бірінші күнінің нәтижелері кешкі 17:40-тан бастап жариялана бастаған. Соңғысы сағат 20:30-да шықты. ҰБТ-2019 нәтижелері edu.mail.kz сайтында және телеграм-ботта – edu.gov.kz bot, сонымен қатар ұлттық тестілеу орталығының сайтында – www.testcenter.kz жарияланды. Қанша балл алғаныңды білу үшін тест тапсырушыға берілген жеке кодты енгізу қажет.

Апелляциялық комиссия жұмысын бүгін сағат 13:00-де бастады.

"Жалпы ҰБТ-ның бірінші күні штаттық режимде, жақсы өтті", - деп қорытты сөзін Тойбаев.

 

Родители в ожидании своих детей, в то время как те сдают ЕНТ
© Sputnik / Абзал Калиев.
Ата-аналар тест барысын онлайн-трансляция арқылы бақылады

 

3337
Кілт сөздер:
ҰБТ
Тақырып:
ҰБТ - 2019 (32)
Тақырып бойынша
13 мың түлек тест тапсырды: ҰБТ-ның бірінші күні қалай өтті – видео
ҰБТ-2019: тест нәтижелерін қайдан білуге болады
Қазақстанда ҰБТ басталды: Тоқаев тапсырма берді
Министр Аймағамбетов ҰБТ тапсырып жатқан түлектерге қолдау көрсетті - фото
ҰБТ қажет пе, жоқ па? Білім министрі көптің көкейіндегі сұраққа нүкте қойды
Загрузка...