Қоғам

Сайлаудан кейін атаулы әлеуметтік көмек тоқтатыла ма – министр жауап берді

© Sputnik / Абзал КалиевАқша, архивтегі сурет
Ақша, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл атаулы әлеуметтік көмекке 130 миллиард теңге қарастырылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Атаулы әлеуметтік көмектің төленуі сайлаумен байланысты емес. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Халыққа есеп беру кездесуінде елордалық тұрғын еңбек министріне атаулы әлеуметтік көмекке қатысты сұрақ қойды.

"Әлеуметтік желілерде атаулы әлеуметтік көмек сайлаудан кейін тоқтатылады деп жиі жазылды. Осы рас па?", - деп сұрады әйел.

Сапарбаев әлеуметтік көмектің елде өткен кезектен тыс президент сайлауына еш қатысы жоқ екенін қадап айтты.

"АӘК-тің төленуі сайлаумен мүлде байланысты емес. Бізде әйтеуір бәрін сайлаумен байланыстырғанды жақсы көреді", - деп жауап берді министр.

Тағы оқыңыз: Министр атаулы әлеуметтік көмек төңірегіндегі шуға нүкте қойды

Ол биыл атаулы әлеуметтік көмекке 130 миллиард теңге қарастырылғанын атап өтті. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша оның 67 миллиард теңгесі жұмсалған.

Бұған қоса, министр тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету бағдарламалары қайта қаралып жатқанын айтты. Бұл үшін екі жұмыс тобы құрылған.

"Бір жұмыс тобы көпбалалы және тұрмысы төмен әйелдер мен ерлерден құралған. Біз олардың ұсыныстарын ескеріп, тиісті министрліктермен келісіп, жол картасын әзірледік. Жуырда оны президент әкімшілігінің басшысы қарайды, кейін үкіметке беріп, тиісті шешім қабылданады", - деді Сапарбаев.

Жаңалықтар
0