Ұстаз

Аттестация тағы өзгере ме - министр мұғалімдердің ұсынысы туралы айтты

16805
Білім министрлігі аттестация тәртібін жетілдіруге әрқашан дайын

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі мұғалімдерді аттестациядан өткізу тәртібін өзгертуге дайын, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, аттестацияның жаңа жүйесі бойынша мұғалімдердің кәсіби біліктілігі тексеріледі. Қазір осы жүйенің тәртібін өзгертуге қатысты ұсыныстар бар екен.

"Жақында біраз ұстазбен кездестім. Сонда жақсы-жақсы ұсыныстар айтылған болатын. Мұғалімдер келіп, өз ойларын айтты. Жалпы, онымен келісетін жерлер де бар", - деді Аймағамбетов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде мұғалімдердің аттестациясы ҰБТ-ға ұқсайды. Бәрін бір уақытта біліктілік тестілеуінен өткізеді. Ал мұғалімдер бұл жүйенің тәртібін мемлекеттік қызметтегі тест тапсыру үлгісінде жасауды ұсынып отыр.

Тағы оқыңыз: Білім министрі "сыныпты" "класқа" өзгерту туралы не дейді?

"Олар: "Біз үйде отырып, өтінішті ең бірініші директорға жазамыз, одан кейін директор оны білім бөліміне береді, білім бөлімі министрлікке жібереді. Олай бәрін шулатып жүргенше, өтінішті электронды жүйе арқылы тікелей берсек", - дейді. Содан мемлекеттік қызметтегі сияқты тест тапсыру кестесі ашылады. Мұғалім кестеден қай күні тест тапсыруға болатынын көреді де, өз ыңғайына қарай өтініш береді. Сөйтіп, өзіне ыңғайлы уақытта барып, тест тапсырады. Негізі, министрлік аттестацияны өткізу тәртібін жетілдіруге әрқашан дайын", - деді Аймағамбетов.

Аттестация қалай өзгерді?

Жақында халық алдында есеп берген білім министрі аттестацияның қалай өзгергенін, сондай-ақ жүйені жетілдіру керектігін айтқан болатын. Аймағамбетов айтқандай, бүгінде республика бойынша барлық мектепте 289 мыңнан астам мұғалім жұмыс істейді. Ал білімнің сапасы олардың кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты. Сондықтан министрлік мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін көтеруге арналған шараларды жүргізіп келеді.

Тағы оқыңыз: Ата-аналарды мазалаған мәселе білім беру бағдарламасына енгізілуі мүмкін?

"Мәселен, жоғары және бірінші категорияны алған мұғалімдердің саны он екі мыңға артты. Қазіргі кезде олардың үлесі 54,5 процентті құрап отыр. Былтыр педагогтарды аттестациялаудың жаңа жүйесі енгізілген болатын. Оны бәріңіз жақсы білесіздер. Әрине, бұл жүйенің кейбір тұстарын әлі де жақсарту қажет. Білім министрлігі осы мәселелермен міндетті түрде айналысатын болады", - деді Аймағамбетов есеп беру кездесуінде.

Ескі және жаңа аттестацияның айырмашылығы

Ал мұғалімдерді аттестациялаудың жаңа жүйесі негізінде 66 мыңнан астам педагог ұлттық біліктілік тестін тапсырды. Соның нәтижесінде 30-50 проценттік үстемақы алып отыр. Министр ескі және жаңа жүйенің айырмашылығын да түсіндірді.

"Аттестацияның бұрынғы жүйесін ата-аналар жиі сынап отыратын. Себебі ол кезде мұғалімдер жай портфолиосын ғана тапсырды. Сөйтіп, олардың қағазбен тапсырылған жетістіктеріне баға беріліп келген. Осыдан кейін министрлік педагогтың нақты тәжірибесін бағалау жөніндегі шешім қабылдады. Сондай-ақ, алғаш рет нақты пән және педагогика бойынша тест енгізілді ", - дейді Аймағамбетов.

Қазір мұғалім алдымен өз пәні бойынша, сосын педагогикадан тест тапсырады. Содан кейін ғана оның жетістіктері бағаланады.

16805
Кілт сөздер:
мұғалімдер, білім министрлігі
Тақырып бойынша
Депутат мұғалімдер туралы заң жобасының парламентке түспегенін айтып қапаланды
Жаңа білім министрі жемқорлықпен қалай күресетінін айтты
Жаңа білім министрі студенттердің шәкіртақысы қаншаға өсетінін айтты
Мұғалімдерді аттестациядан өткізу: министр жүйенің қалай өзгергенін айтты
Дәрігерлер, архивтегі сурет

Айнұр Тұрсынбаева желіде жазба жариялады - басы дауға қалған компания жауабы

119
Бүгін Тұрсынбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында халықтан жиналған ақшаға Түркияда 125 жасанды тыныс алу аппараты сатып алынғанын жариялады. Алайда оны жеткізу мен таратуда қиындық туындағанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. "СК-Фармация" компаниясы айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның үндеуіне жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"СК-Фармацияның" баспасөз қызметі компания гуманитарлық көмекті қабылдаудың бірыңғай операторы болып саналатынын жеткізді. Алайда қайырымдылық көмек тек компания арқылы жасалуы керек деген шарт жоқ. Қайырымдылық жасайтын адамдар оны өздігімен де жасай алады. 

"СК-Фармацияны" гуманитарлық көмекті қабылдаудың бірыңғай операторы ретінде белгілеудің негізгі мақсаты – медициналық препараттар мен бұйымдарды тарату және дер кезінде жеткізу. Ондайда дәрі-дәрмектерді сақтау мен тасымалдаудың өзіндік талаптары болады. Ол үшін компанияда логистикалық желі бар. Бұдан бөлек, "СК-Фармацияның" құрылымдық бөлімшелері медициналық препараттарды кедендік рәсімдеу мен рұқсат құжаттарын алуға көмектеседі. Алайда бұның барлығы басқа адамдардың біреуге көмек көрсетуіне шектеу бола алмайды", - дейді мамандар. 

Айта кетсек, бүгін Айнұр Тұрсынбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында халықтан жиналған ақшаға Түркияда 125 жасанды тыныс алу аппараты сатып алынғанын жариялады. Алайда оны жеткізу мен таратуда қиындық туындағанын айтты. 2 тонна жүкті тұтас жеткізетін мүмкіндік болмаған. Осыған орай, айтыскер президенттен, денсаулық министрі мен қорғаныс министрінен көмек сұрады. Ол тыныс алу аппараттарын Қазақстанға жеткізгеннен кейін тарату жұмысын өздеріне тапсыруды сұрады. Себебі СК "Фармация" компаниясына сенім жоқ екенін айтты.

"Біз алған аппаратты Қазақстанға барған соң СК "Фармация" деген мекеме қабылдап алады. Ол мекемеге халық та, халықтан ақша жинаған белсенділер де сенбей отыр. Осы аппараттарды таратудың билігін өзімізге берсеңіздер екен. Қорғаныс министрлігі арнайы ұшақ жіберсе, тұтас апаруға болады", -дейді Тұрсынбаева.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айнұр Тұрсынбаева (@aidyn_nury)

Оның сөзіне қарағанда, Түркиядағы зауытпен екі аптада арзан бағаға 500 аппарат сатып алуға келісім жасалған. Оның ақшасын да жинауға мүмкіндік бар. 

Тыныс алу аппаратарына ақша жинауға көмектесіп жүрген блогер Дәулет Төлеутайұлы да өз парақшасы арқылы бейнеүндеу жолдады. Оның айтуынша, 125 аппараттың ақшасы бір күнде жиналды. Ал вице-министр Людмила Бюрабекова ондай көмекті жеткізудің тәртібін түсіндірген.  

"Маған вице-министр Людмила Витальевна хабарласты. Ол маған елдегі заңды түсіндірді, яғни, заң аясында сол "СК-Фармация" қабылдайды екен немесе әрбір елдімекеннің әкімшілігімен біз келісімшартқа отыруымыз керек екен. Бұның барлығы уақыт алады, бюрократия. Бүгінде "СК-Фармация" халықтың сенімінен айырылып отыр. Біз 125 аппаратты 125 елдімекенге таратқанда 125 әкіммен келісімшарт жасасақ, уақыт жоғалтамыз", - дейді Төлеутайұлы.  

119
Аурухана, архивтегі сурет

Қазақстандағы "белгісіз пневмония": министр Тоқаевтың сауалына жауап берді

289
(Жаңартылды 21:36 10.07.2020)
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой биыл елде түрлі пневмонияға шалдыққандар саны күрт артқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрінен Қазақстандағы "белгісіз пневмония жағдайлары" туралы сұрады.

"Біздің елде пневмонияның белгісіз түрі өршігені туралы ақпарат тарап жатыр. Ол біздің статистикада көрсетілмей жатқаны айтылады. Бұл қандай пневмония?" - деп сұрады Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

"2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 98 546 адам пневмонияға шалдықты. Өсім - 55,4%", - деп жауап берді Цой.

Мемлекет басшысы бұл пневмония салдарынан қанша адам қайтыс болғанын нақтылады.

"Бірінші жартыжылдықта 1772 жағдай тіркелді. Өткен жылы (бір жылда) 1 780 адам қайтыс болды", - деді Алексей Цой.

Президент бұл төтенше жағдай екенін айтты. 

"Сонда жағдай төтенше деген сөз бе? Көп адам қайтыс болды, мұны мойындау керек", - деді Тоқаев.

289