Жүргізуші куәлігі, архивтегі фото

1 шілдеден бастап енгізілген өзгеріс: жүргізуші куәлігі неге берілмей жатыр

5931
Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы ұзын-сонар кезектің себебі белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігі көліктерді рәсімдеу мен жүргізуші куәлігін беруді орталықтан бақылау үшін 1 шілдеден бастап веб-модуль енгізген болатын. Алайда отандық компания өндірген компьютерлік бағдарламада ақау кетіп, аптап ыстықта жұрт мамандандырылған қызмет көрсету орталығында сеңдей соғылысып жүр.

1 шілдеден бастап кезекті реформаны қолға алған Ішкі істер министрлігі жаңашылдыққа дайын болмай шықты. Соңғы екі тәулікте еліміздің түпкір-түпкіріндегі көлік жүргізушілері халыққа қызмет көрсету орталықтарында сабылып жүр. Мамандар тиісті құжатты қабылдағанымен жауапты ведомостваның ақпараттық базасы баяу жұмыс істеуде. Көлігін тіркетіп немесе жүргізуші куәлігін ауыстыруға келген жұрт сағаттап кезекте тұруға мәжбүр, деп хабарлады КТК.

Алматыдағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында адам нөпірі көп. Залда да, сыртта да отыратын жоқ. Бар шаруасын кейінге ысырып, орталықты торауылдап жүргендердің барлығы – көлік жүргізушілері. Бәрінің тағаты таусылса да қас-қарайғанша жүруге дайын.

"Көлігімді сатып едім. Құжаттарын рәсімдей алмай жатырмын. Не айтпайды, не бермейді. Елді жинап қойып отыр", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Асқар Өскенбаев.

Ал тағы бір қала тұрғыны Ермек Әлдеков жүргізуші куәлігін ауыстыруға келген.

"Таңғы сағат 7-ден бері тұрмыз", - деп шағымданды ол.

Кешеден бастап Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәлігін беретін тіркеу-емтихан бөліміндегі қызметін халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы мамандарға өткізді. Яғни алдағы уақытта "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының мамандары жүргізуші куәлігін алушылардан теориялық және тәжірибелік емтихандарды қабылдайды деген сөз. Алайда, көлікті тіркеу мен жүргізуші куәлігін беру ісі Ішкі істер министрлігінің құзырында қалады.

"Емтихан, тіркеу бөлімдері бөлек жұмыс істейді. Яғни электронды түрде. Бег офис пен фронт-офис арасында алшақ қызмет көрсетеміз. Осыған орай ақпараттық қызмет көрсету жүйесі баяу істеп жатыр. Бірақ бірте-бірте қалпына келіп жатыр, - деп түсіндірді Алматы қаласы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Сәкен Байғалиев.

Осылайша қашықтықтан басқарылатын шаруа Алматыны ғана емес, еліміздің әр түкпіріндегі жүргізушілерді әбіргерге салуда. Деректер базасындағы ақау өскемендіктердің де төзімін тауысты. Талон берілмегендіктен тұрғындар параққа аты-жөндерін жазып тізім құрған. Алайда оның жылжитын түрі жоқ.

Тағы оқыңыз: 2019 жылы Қазақстанда қандай өзгерістер болады?

"Кешеден бері осындамыз. 200 адам жазылды. Қолымдағы тізімге қараңыз. Жауаптылар болса қажетті бағдарламаны бүгін орнатып жүр. Неге алдын-ала дайындалмайды? Күн ыстықта әбігерге түстік", - дейді Өскемен қаласының тұрғыны Сәуле Шәріпова.

Жүргізуші куәлігін беру мен көлік құралдарын тіркеуге полицияны мүлдем араластырмай, жемқорлықты жоюға кіріскен министрлік болған келеңсіздікті жақын арада жоямыз деп сендіріп отыр.

5931
Кілт сөздер:
өзгерістер, электронды кезек, жүргізуші куәлігі
Тақырып бойынша
Қазақстандықтар төлқұжат пен жүргізуші куәлігі үшін қанша төлейтіні белгілі болды
Шымкент жүргізушілерінің куәлігінде жаңа әріп пайда болды
"Жүргізуші куәлігі үшін 20 мың теңге?" ІІМ жауап берді
Қазақстанда енді жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Министр Қасымов жүргізуші куәлігінен сотсыз айыруға қатысты пікір білдірді
"Айтуға ұят" Нығматулин жүргізушілерге жағдай жасауды тапсырды
Kazpost постаматы, архивтегі фото

"Кез келген адам ақша таба алады": Қазпошта жаңа қызметті іске қоспақшы

5
(Жаңартылды 17:16 28.05.2020)
Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов жаңа қызмет арқылы студенттер мен жұмыссыздар табыс таба алатынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов курьерлік қызмет арқылы ақша табуға болатынын мәлімдеді. Оған кез келген адам қатыса алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Компания басшысының айтуынша, кей кезде сәлем-сауқат көп келеді. Әсіресе, күзде және жаңа жылдың алдында халық интернет арқылы тапсырыс жиі жасайды. Осындай уақытта Қазпоштаның қызметкерлері бәрін уақытында жеткізуге үлгермей жатады. Осыған байланысты алдағы уақытта курьерлік қызмет арқылы басқа адамдарға ақша табуға мүмкіндік беру жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз: Зейнеткерлер төтенше жағдай кезінде зейнетақыны қалай алады

"Мысалы, қазір Яндекс Таксиге кез келген адам тіркеліп, ақша таба алады. Сол сияқты біз де курьерлік қызметті ұсынамыз. Кез келген адам біздің жүйемізге қосылып, бос тұрған сәлем-сауқаттардың бар екенін көре алады. Соны жеткізгені үшін ақша алады. Жақын арада осындай қызметті іске қосамыз", - деді Сәрсенов Sputnik Қазақстан редакциясында өткен онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа қызмет арқылы студенттер мен жұмыссыздар табыс таба алады. Ал курьерлік компаниялар бос отырған қызметкерлеріне қосымша тапсырыс беріп отырады.

5
Кілт сөздер:
табыс, "Қазпошта"
Тақырып бойынша
Қазақстанда әскери қызметке өзгеріс енгізіледі
Карантиндегі көмек: Қазақстанда жаңа сайт іске қосылды
Енді қазақстандықтар су жаңа көлігін онлайн тіркей алады
Салық, айыппұл мен мемлекеттік қызметтерді QR-код арқылы төлеуге болады
Астана прокуратурасы

Дулат Ағаділдің өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

179
(Жаңартылды 16:19 28.05.2020)
Сот-медициналық сарапшылар анықтағандай, қоғам белсендісінің өліміне өткір миокард инфарктісі себеп болған

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан прокуратурасы қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің өліміне қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу қоғам белсендісі көз жұмғанға дейінгі оқиғалардың хронологиясын жасады.

"Ағаділ ешқайда кетпеу туралы қолхаттың талаптарын орындамай, тергеу органдарынан жалтарған күдікті болатын, оған іздеу жарияланды. Осы себептерге байланысты сот бұлтартпау шарасын қамауға алмастырды. Осылайша, сот шешімін орындаған полиция қызметкерлері Ағаділді ұстау және оны қамауға алуды заң аясында жүзеге асырды", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, Ағаділдің өлімінің себептері мен мән-жайын тәжірибелі сот-медициналық сарапшылар мен жоғары санаттағы кардиологтан құралған комиссия жеті тексерді.

Олардың қатарында белсендінің жақын туыстарының өтінішімен тартылған сарапшылар да болды.

Ағаділдің өліміне өткір миокард инфарктісі себеп болған, қан тамырларының жиырылып, түйілуінен қан ұйып, жүректің сол жақ қарыншасына толығымен жетпеген.

Сарапшылар марқұмның денесінен ешқандай жарақат таппаған.

Тағы оқыңыз: Ағаділдің өлімі: прокуратура мәйіттегі жарақат іздерін түсіндірді

"Осыған байланысты 25 мамырда Ағаділдің өліміне қатысты қылмыстық іс қылмыстық құрамның болмауына байланысты тоқтатылды", - деп мәлімдеді прокуратурадан.

Еске сала кетсек, 25 ақпанда ішкі істер органдары Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің қайтыс болғанын хабарлады. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригада қызметкерлері ер адамның өлімін растады.

24 ақпан күні кешке Ағаділ үйінен тергеу абақтысына жеткізілген. Оған қатысты қылмыстық заңбұзушылық жасап, судья мен сот отырысына қатысушыларға тіл тигізгені үшін қылмыстық іс қозғалған болатын.

179
Кілт сөздер:
прокуратура, қылмыстық іс