Қоғам

"Басқа адам болғым келмейді": ДЦП-ға шалдыққан журналистің әңгімесі

© Sputnik / Абзал КалиевЗарина Сабыржанова
Зарина Сабыржанова  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зарина Сабыржанова республикалық телеарналардың бірінде жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде — Sputnik. "Хабар 24" телеарнасының редакторы Зарина Сабыржанова сырқатқа қарамастан өмірге деген құштарлығын жоғалтпағанын, қиындықтарды қалай еңсеріп жүргенін, нені армандайтынын, журналистика саласына қалай келгенін Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.

© Sputnik / Абзал КалиевЗарина бала кезінде дәрігер болуды армандапты. Алайда жас журналистер курсынан кейін осы салаға бет бұрды
Басқа адам болғым келмейді: ДЦП-ға шалдыққан журналистің әңгімесі - Sputnik Қазақстан
Зарина бала кезінде дәрігер болуды армандапты. Алайда жас журналистер курсынан кейін осы салаға бет бұрды

Зарина Сабыржановаға дәрігерлер балалардағы церабралды паралич (ДЦП) диагнозын қойған. Сондықтан оған журналист боламын деген ой үш ұйықтаса түсіне де кірмепті. Себебі, Зарина кішкентайынан дәрігер болуды армандаған.

"Мен журналист боламын деп ойлаған жоқпын. Дәрігер болуды армандадым. Осы арманымды жүзеге асыру үшін 10-сыныпқа дейін еңбектендім. Адамдарға көмектескім келді. Себебі, дәрігер  ең жақсы мамандық қой. Бірақ жоғары сыныпта оқып жүргенде жас журналистердің курсына қатыстым. Осыдан соң бұл мамандыққа та маған қатты ұнап қалды. Сондықтан емтиханда әдебиет пәнін таңдап, журналистика факультетіне түсуді шештім", - дейді ол.

Зарина сырқаттың жазылмайтынына қарамастан, алдына мақсат қойып, журналистика факультетіне түсіпті. Оқуын үздік тәмамдап, қызыл диплом алған. Бірақ диплом бойжеткеннің жұмысқа орналасуына септігін тигізбеген.

29 жастағы Зарина журналистика саласына келмес бұрын БАҚ өкілдері әлем аралайды әрі күн сайын жаңа адаммен танысады деген пікірде болыпты. Бірақ жұмыс істей бастаған соң, іс жүзінде барлығы басқаша екенін түсінген. 

© Sputnik / Абзал КалиевЖурналистика саласына келмес бұрын БАҚ өкілдері әлемді аралап, күн сайын жаңа адаммен танысады деген пікірде болған
Басқа адам болғым келмейді: ДЦП-ға шалдыққан журналистің әңгімесі - Sputnik Қазақстан
Журналистика саласына келмес бұрын БАҚ өкілдері әлемді аралап, күн сайын жаңа адаммен танысады деген пікірде болған

"18 жастағы адамдар осылай ойлайтын шығар. Маған журналистер орнында көп отырмайтын сияқты көрінетін. Кейін олар көп саяхат жасамайтынын, әрбір редакцияның болып жатқан жағдайға қатысты өзіннің көзқарасы бар екенін түсіндім. Яғни материалды беру стилін айтамын", - дейді журналист.

Оның пікірінше, журналистика – көп еңбекті талап ететін мамандық. Сапалы материал жазу үшін барынша тырысу қажет.

Жұмыс таба алмаймын деп ойладым

Зарина оқуды бітірген соң, мамандығы бойынша жұмыс табатынына күмән болыпты. Тіпті, студенттік практика кезінде ақпарат агенттігіндегі адамдар оған сырқатына байланысты аз тапсырма беретінін айтады.

"Мен университетті бітірген соң, жұмыс таба алмаймын деп ойладым. Себебі, адамдар мені ойлап, маған аз тапсырма беретін. Мысалы, практика жетекшілері мені аяйтын. Олар мені іс-шараға жіберсе, "келген соң, асықпай жазарсың" дейтін. Мүмкін мен шұғыл жағдайда басқалары сияқты тез қозғала алмайтындықтан болар. Бірақ мен ешқашан дертім маған кедергі болады деп ойлаған жоқпын", - дейді ол.

Телевизияға кездейсоқ келдім

Зарина еліміздегі беделді телеарналардың бірінде жұмыс істемес бұрын жеке агенттікте қызмет атқарғанын айтады. Сондай-ақ, ол аудармамен де айналысыпты.

"Мен жеке компанияның сайтында жұмыс істейтінмін. Тауарлар туралы жазып, сайтқа сол тауарлардың суретін жүктедім. Жұмыста көп отыратынбыз. Бірақ ешқандай шығармашылық болған жоқ. Онда барлығы талап бойынша жүргізілетін. Сондай-ақ қосымша корейлерге орыс тілінен сабақ бердім", - дейді Зарина Сабыржанова.

© Sputnik / Абзал КалиевЗарина бес жылдан астам уақыт бойы "Хабар 24" телеарнасында істейді
Басқа адам болғым келмейді: ДЦП-ға шалдыққан журналистің әңгімесі - Sputnik Қазақстан
Зарина бес жылдан астам уақыт бойы "Хабар 24" телеарнасында істейді

Ұнамайтын ісімен бір жыл бойы айналысқан Заринаның денсаулығы сыр беріпті. Ол Қытайда ем қабылдауға баруға мәжбүр болды.

Елге оралған соң міндетті түрде өз мамандығым бойынша қызмет етемін деп шешіпті.

"Маған телефон соғып, "Хабар" агенттігіне жұмысқа шақырды. Бірден осы жерге келдім. Мені телеарнаның жаңалықтар сайтының шеф-редакторымен таныстырды. Ол мені өте жылы қабылдады", - деп еске алады Зарина.

"Басқа адам болғым келмейді"

Оның айтуынша, ата-анасы ешқашан мүгедек бала деп қарамаған. Талап бәрімен бірдей болатын.

"Мен өзімнің құрдастарымнан кем түспеуім керек еді. Өзімді мүгедек санаймын ба, жоқ па, қалай дегенмен бұл бар нәрсе. Аяғымның орнына басқасын қоя алмаймын ғой", - дейді ол.

© Sputnik / Абзал КалиевЗарина өзінің жұмыс орны - "Қазмедиа" орталығында
Басқа адам болғым келмейді: ДЦП-ға шалдыққан журналистің әңгімесі - Sputnik Қазақстан
Зарина өзінің жұмыс орны - "Қазмедиа" орталығында

Басқаша, денің сау болып тууды армандайсың ба? деген сұраққа Зарина бірден: "Жоқ" деп жауап берді.

"Басқа адам болып тусам, қазіргі отбасымның мүшесі болмайтын едім. Барға қанағат, мен бақыттымын", - деді Зарина.

Бұл материалды Sputnik Қазақстанның орысша нұсқасынан да оқи аласыздар.

Жаңалықтар
0