Ғабидолла Әбдірахымов

"Паранжа киіп жүрейін бе?" Шымкент әкімі киіміне қатысты сұраққа жауап берді

7033
(Жаңартылды 13:38 09.07.2019)
Сонымен бірге Ғабидолла Әбдірахымов қыздарды алып қашу дәстүріне қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде — Sputnik. Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласын қалай аралайтыны туралы айтып, ел арасында тараған қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Негізінде қаланы жиі аралаймын. Мені танымауы үшін не істеймін енді? Паранжа киіп жүрейін бе? Қаладағы шын мәнісінде жағдайы қиын аудандарды аралағанда, мені танып-танымауы маңызды емес. Керісінше, қала басшысының келгенін білуі тиіс: жол, канализация, тротуар проблемасымен танысқанын көргені жөн. Мексикалық әріптесіміздің тәжірибесі бұрыннан бар емес пе. Баяғы заманда сұлтандар да жұпыны киініп, қаланы аралайтын болған", -деп жауап берді Әбдірахымов киіміне қатысты сұраққа.

Бұдан бұрын БАҚ-та жазылғандай, мексикалық қала басшысы қарапайым киініп, қол астындағы қызметкерлердің үйсіз-күйсіз адамдарға қалай қарайтынын біліпті. Осы орайда Шымкент әкімі күнде болмаса да, велосипедпен жүріп тұратынын атап өтті.

Тағы оқыңыз: Шымкентті "зың" деп, "вау" етуге уәде берген Ғабидолла Әбірахымов туралы не білеміз?

Содан кейін журналистер Ғабидолла Әбірахымовтан Шымкенттегі қыздарды алып қашу дәстүрі туралы сұрады.

"Біріншіден, Шымкентте қыздарды ұрламайды. Осы мәселе төңірегінде айтылып жүргендердің бәрі – қауесет. Бірақ кейде қыздардың өзі алып қашқанын қалайтын сияқты", - деп әкім журналистерді ду күлдірді.

7033
Кілт сөздер:
Шымкент, Ғабидолла Әбдірахымов
Загрузка...