Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев 9 жасар қыздан эстафета қабылдап, Абайдың өлеңін оқыды видео

3129
Президент Абай өлеңдерін оқу эстафетасын білім және ғылым, мәдениет және спорт министрлеріне, әнші Димаш Құдайбергенге жолдады

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысы Ләйлім-Шырақтан өлең оқу эстафетасын қабылдады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Ләйлім-Шырақ қазақтың ұлы ақыны Абай өлеңдерінен үзінді оқып, бұл эстафетаны жалғастыруды президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған екен.

"Мемлекет басшысы Ләйлім-Шырақтың бұл ұсынысын зор қуанышпен қабылдап, кемеңгер ақынның жастарды білім мен ғылымға шақыратын, мақсатыңа жету жолында қажет асыл қасиеттерді атап көрсеткен "Ғылым таппай мақтанба" атты өлеңінен үзінді оқып, жауап берді", - деп жазды Берік Уәли.

Оның айтуынша,  Тоқаев Абай өлеңдерін оқу эстафетасын одан әрі білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдады.

3129
Кілт сөздер:
видео, өлеңдер, Абай, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып:
Абайдың 175 жылдығы (47)
Тақырып бойынша
Тоқаевтың жарлығы: Қазақстанда 2025 жылдан бастап қандай өзгеріс болады
Президенттікке дейін: Тоқаевтың елді елең еткізген мәлімдемелері
Тоқаевтың ұсынысы Қыдырәлі Болмановтың күлкісін келтірді
"Басқа проблема жоқ па?" Тоқаевтың тойға қатысты ұсынысы кімге жақпай қалды?
Тоқаев мектепте жаңа сабақ енгізуге қатысты пікір білдірді
Жаңа пәтер

Алматылық жастар үшін баспана алу шарты жеңілдеді

21
Әлеуметтік салада жұмыс істейтін жас мамандар тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген несиені пайдалана алады

АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. 35 жасқа дейінгі алматылық мұғалімдер мен дәрігерлер, мәдениет және БАҚ қызметкерлері "Алматы жастары 3.0" жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша баспана сатып ала алады. Бұл жайында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында хабарлады.

"Алматы жастары 3.0" бағдарламасы бойынша қала жастары бастапқы жарнасы 10%, жылдық мөлшерлемесі 5% және несиені 25 жылға дейін ресімдеп пәтер сатып алатын болады. Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі қала тұрғындары қатыса алады.

"Жыл басынан бері төлем қабілеттілігін растау үшін 1 035 адам жолдама алды. Қалада тіркеуінің болу керектігі туралы талап алынғаннан кейін тағы 526 азамат жолдама алса, 457-сі резервке енгізілді. Бірінші кезең бойынша іріктеуден өткен жастар өздеріне пәтер таңдап алды. Айта кету керек, тұрғын үйді бастапқы және екінші нарықтан таңдау құқығы бар", - деді қала әкімі.

Айта кетейік, Бақытжан Сағынтаев 2020 жылдың 19 ақпанында есеп беру жиынында жастарға баспана алуға арнайы тұрғын үй бағдарламасы әзірленгенін хабарлады.

Бағдарлама бойынша 13 миллион теңгеге дейінгі қарыз жылдық 5% жеңілдікпен беріледі.

Оқи отырыңыз: Баспана алу тәртібі қалай өзгерді: "сатылы жүйенің" ерекшелігі қандай?

Бағдарлама бойынша кредитті қайтару мерзімі – 3 жылдан 25 жылға дейін, ол төлем қабілеттілігі бойынша жеке есептеледі. Бастапқы жарна – 10%.

21
Кілт сөздер:
пәтер, баспана
Тақырып бойынша
Елорда әкімдігі баспана алудың үш жолын атады
Әркім қалтасына қарай баспана алады - министрлік жаңа заң әзірлеп жатыр
Карантин баспана бағасына қалай әсер етті?
Әкімдікте баспана кезегі болмайды - "Отбасы банкі" қалай жұмыс істейді 
Талап жеңілдеді: Алматы әкімі баспана алуға қатысты жазба жариялады
FlyArystan

Қазақстанның 8 қаласында жаңа әуе рейстері қатынайтын болды

40
(Жаңартылды 15:34 05.08.2020)
Республикаішілік бағыттарда қатынайтын жолаушылар 180 орындық Airbus A320 әуе кемесімен тасымалданады

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. 28 тамыз күні FlyArystan Airlines сегіз бағытқа жаңа аймақтық рейстерді іске қосады.

Жаңа рейстердің ашылуына байланысты тасымаладушы компания 5-7 тамыз аралығындағы рейстерге 20%-ке дейін жеңілдіктер ұсынады. Ал ел ішінде қатынайтын ұшақтар бағыты мынадай:

  • Қарағанды ​​- Шымкент - Қарағанды;
  • Қарағанды ​​- Атырау - Қарағанды;
  • Қарағанды ​​- Ақтау - Қарағанды;
  • Атырау - Қостанай - Атырау;
  • Атырау - Қызылорда - Атырау;
  • Шымкент - Қостанай - Шымкент;
  • Шымкент - Өскемен - Шымкент;
  • Шымкент - Павлодар - Шымкент.

"Эйр Астана" компаниясының еншілес компаниясы болып табылатын FlyArystan әуекомпаниясы сол кездегі президент Назарбаевтың республикаішілік арзан әуе қатынасын қамтамасыз ету туралы талабынан кейін құрылды. 2019 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында компания 1,3 миллион жолаушы тасымалдады. 2022 жылға қарай әуе паркін 15 ұшаққа дейін көбейту жоспарлануда.

Оқи отырыңыз: Министрлік тікұшақтардың Шымкентті неге айналып жүргенін түсіндірді

40
Кілт сөздер:
жолаушылар, ұшақ
Тақырып бойынша
Бір жолаушысы бар ұшақ Мәскеуге жоспарсыз қонды
Карантинге жабылған Нұр-Сұлтан әуежайына түнде бірнеше ұшақ қонды - видео
Нұр-Сұлтан қаласынан тағы төрт қалаға ұшақ қатынай бастайды
Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді
Карантин аяқталғаннан кейін ұшақ жолаушыларынан анықтама талап етіле ме?
Теңге, ақша

Нұр-Сұлтан тұрғындары жарты миллион теңгеден қарыз екенін білді

0
Жаңа үйдің тұрғындарына бір ғана электр жарығы үшін әрқайсына кемінде жарты миллион теңгелік есепшот келген

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Елордада пайдалануға берілгеніне небәрі 8 ай болған баспананың әлі күнге электр желісі де, суы да бір жүйеге түспеген. 

Қала тұрғыны Наталья Бондаренконың айтуынша, жарықтың есептеуіш құралы істемейді.

"Таяуда электр желісі компаниясының өкілі келіп, жарықтан ажыратамыз, сіздер 8 ай бойы ақша төлемегенсіздер деді. Біз оны кімге барып, қайда төлейтінімізді білмейміз, оның үстіне түбіртек те берілмейді", - деп ашынды ол.

Айтуынша, суды да дұрыстап бермейді. Бірде салқын, бірде ыстық су ағатын көрінеді. Реттеп отырған адам жоқ, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Мәселе мұнымен шектелмейді. Үйдің қабырғалары жарылып, терезелері шытынай бастаған.

Пәтердің құрылысына жауапты "Қазстройподряд" компаниясының өкілі кемшіліктерді ертеңнен қалдырмай түзейтіндерін айтты.

"Біз жауапкершіліктен қашып отырған жоқпыз. Кемшіліктерді түзетеміз. Абаттандыру мәселесінің бәрі ертең 100 пайыз шешіледі. Ертең өзім осы жерде боламын", - деп уәде берді компания басшысы Бекзат Пашаев.

Қалалық тұрғын үй қорының өкілі есептеуіш құралдары болғанмен, пәтер иелері коммуналдық мекемелермен келісімшарт жасаспаған деп отыр. Қалай болғанда да тұрғындар 8 айдың шығынын өтеуге міндетті екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Кәсіпкер Нұр-Сұлтанның қымбат үйлерінің қорқынышты фотоларын жариялады 

"Олар осы күнге дейін келісімшартсыз тұрды. Бірақ суды, энергияны қолданып келеді. Осы күнге дейінгі қарыздарын төлеуге міндетті. Яғни, төлем тапсыру-қабылдау актісіне қол қойған күннен басталады", - деп түсіндірді қалалық "Тұрғын үй қоры" КММ баспасөз хатшысы Арманай Қабдешова.

Базыналы бұқара электр энергиясы үшін әр пәтерге қомақты қаржы келгенін айтып, шырылдады. Сөздеріне қарағанда бір ғана электр жарығы үшін әрқайсысына кемінде жарты миллион теңгелік есепшот келген. Оны мұндағы әлеуеттің қалтасы әрине көтермейді. Өйткені, бұл баспаналарда әлеуметтік аз қамтылған отбасылар тұрып жатыр.

0
Кілт сөздер:
қарыз, электр энергиясы
Тақырып бойынша
Перуашев мемлекеттің ақшасына шалқып өмір сүргісі келетін шенеуніктерге шүйлікті
Алматылық келіншек банкке 45 миллиард теңге қарыз екенін білді
Сенат депутаты: қазір әрбір қазақстандық 330 мың теңгеден қарыз
Смайылов миллиардтаған сыртқы қарыздың қайдан шыққанын түсіндірді  
Қазақстандықтар коммуналдық қызметтерге 13 млрд теңге қарыз болып қалды