Ләйлім Рысқали

Тоқаевқа өлең оқытқан 9 жасар қыз өмірі қалай өзгергенін айтты

4920
(Жаңартылды 19:15 12.07.2019)
Келесі жылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы мемлекеттік деңгейде аталып өтпек

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik, Дәурен Ерболат. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың өлеңін жатқа оқып, эстафетаны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған 9 жасар Ләйлім Рысқали Sputnik Қазақстан тілшісіне эстафетаның қалай басталғанын және Абайдың қанша өлеңін жатқа білетінін айтып берді.

Абай өлеңдері

Ләйлім Рысқали Нұр-Сұлтан қаласындағы №73 физика-техникалық мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы, Абайдың 68 өлеңін жатқа біледі. Қазақтың ұлы ақынының өлеңін алғаш рет екі жасында анасымен бірге жаттапты.

Ол Абайдың мерейтойына орай ақын өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын президентке қалай жолдағынын түсіндірді.

"Бұл эстафетаны бірінші Шынар Шәкен есімді апайым бастады. Кейін оны маған жолдады. Ал мен бірден "Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаймын" деп шешім қабылдадым. Бірақ бұған әке-шешем қарсы болды. Олар "президенттің жұмысы көп, эстафетаны қабыл алып, жауап бермеуі мүмкін" деді. Соған қарамастан мен тәуекел етіп, эстафетамды мемлекет басшысына жолдадым", - дейді 9 жасар оқушы.

Осы орайда оның сөзін анасы Жадыра Жұмакүлбай толықтырды. Ол Qazaq radiosy-ның журналисі екен. Жадыра ақынның өлеңін оқу эстафетасының қалай басталғанын айтты. Оның айтуынша, мемлекет басшысы Абайдың 175 жылдығын мемлекеттік деңгейде атап өту жөніндегі жарлыққа қол қойғаннан соң, мамырда эстафета басталып кетіпті.

Тағы оқыңыз: Тоқаев 9 жасар қыздан эстафета қабылдады - видео

"Эстафетаны Шынар Шәкен есімді журналист бастады. Ол – "Болашақ" бағдарламасының түлегі. Екеуміз Англиядағы бір университетте оқыдық. Кейін ол үзінді оқу эстафетасын Ләйлімге берді. Содан біз Ләйлімге "сен кімге бересің?" дедік. Ол "эстафетаны президентке беремін" деді. Содан әкесі екеуміз "президентке бермей-ақ қой" деп көндіруге тырыстық. Бірақ баламыз көнбеді. "Бұл эстафетаны берсем, тек қана президентке ғана беремін" деді. Баланың көңілін қалдырмауға тырысып, видеоға жазып, әлеуметтік желіге жүктедік", - дейді Ләйлімнің анасы.

Жауап бермейді деп ойладық

Ол мемлекет басшысы бұл эстафетаға жауап бермейді деп ойлаған екен.

"Президент бірден жауап берген жоқ. Үш аптадай уақыт өтті. Себебі, Арыста жойқын жарылыс болды ғой. Осыдан соң, президенттің жауап бере қойматынын түсіндік. Шыны керек, "мүлдем жауап бермейді" деп те ойладық. Алайда осыдан 1-2 күн бұрын кешкі сағат 19:00 шамасында, президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Instagram-дағы жеке парақшасында Ләйлімге жауап беріп, видео жариялады. Бұдан кейін мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли бұл туралы жазды. Әрине, бұл жаңалықты естіп қуандық. Баламыздың қуанышында шек болған жоқ", - дейді Жадыра Жұмакүлбай.

Ләйлім Рысқали эстафетаны қабылдаған президентке алғыс білдірді.

"Эстафетаны қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысымды айтамын. Бұл жақсы жаңалықты естіп, қатты қуандым. Сондай-ақ, Абай атамның өлеңдерін оқуға, жаттауға деген құлшынысым арта түсті. Шабыт сыйлаған президентімізге алғысым шексіз. Президент эстафетаны қабылдаған соң, журналистер менен сұқбат алып жатыр. Ал мен эстафета осылай жалғасады деп ойлаған жоқпын", - дейді оқушы.

Сондай-ақ, ол Абай оқуларына қатысу да жоспарында бар екенін жеткізді. Ал анасы Жадыра Жұмакүлбай бұл оқуға тек 5-сыныптан қатыса алатынын, қыркүйекке дейін Ләйлім Абайдың тағы жиырмадан астам өлеңін жаттайтынын айтты.

Мәнерлеп сырғанау және Денис Тен

Әңгіме барысында оқушы мәнерлеп сырғанаумен шұғылданып жүргенін атап өтті.

"Бұл спорт түрімен айналысқаныма 3 жыл болды. Мәнерлеп сырғанауға 6 жасымда келдім. Оған дейін каратэ, айкидо, гимнастика үйірмесіне бардым. Бірақ оларды тастап кеттім. Сөйтіп, мәнерлеп сырғанауға таңдадым. Осыдан соң, мен youtube-ті ашып, тамынал мәнерлеп сырғанаушыларды іздеп, Денис Тенді таптым. Оның видеоларын көріп, қуандым. Осылайша мәнерлеп сырғанау спортына деген қызығушылығым оянды. Сондықтан осы спортты таңдадым", - дейді Ләйлім Рысқали.

Жаттығуға таңғы 6-да барады

Ләйлімнің анасының айтуынша, бұл спорт түрімен шұғылдану оңай емес.

Ләйлімнің отбасы
Ләйлімнің отбасы

"Кәсіби деңгейде бұл спортқа балалар 4-5 жаста барады екен. Қызым мәнерлеп сырғанауға алты жарым жасында барды. Өйткені оған дейін басқа үйірмелерге қатысты. Мәнерлеп сырғанауға күнде барамыз. Дайындық таңғы сағат 06:00-де басталатын кездер болады. Қазір жаз болған соң, жаттығуымыз таңғы сағат 08:00-де басталып жүр. Ол екі жарым сағаттай болады. Сонымен қатар біз Англияда бір жыл тұрдық. Онда әлем чемпионы болған Юрий Бурейко, Марина Бурейко есімді спортшылардан сабақ алдық", - дейді Жадыра Жұмакүлбай.

Ол Ләйлімнің "Балапан" телеарнасында жүргізуші екенін де атап өтті. Оның пікірінше, бұл жұмыс баланың сабағына кері әсерін тигізбейді. Себебі, ол телеарнада 30 минут қана бағдарлама жүргізеді.

Абайдың туған жеріне барамын

9 жастағы оқушы жазғы демалысын қалай өткізетінін айтты.

"Жазғы демалыста Абайдың өлеңдерін жаттаймын әрі кітап оқимын. Мәнерлеп сырғанаумен шұғылданамын. Әкем және сіңліммен шахмат ойнаймын. Құдай қаласа, ертең отбасымызбен бірге Абайдың туған жері Семей өңіріне аттанғалы отырмыз. Онда Абайдың Жидебайдағы мұражайына барамыз", - деп түйіндеді сөзін Ләйлім Рысқали.

Тағы оқыңыз: Димаш Тоқаевтан эстафета қабылдады - видео

Сөз соңында анасы Жадыра Жұмакүлбай журналист болса да, 4 баласының тәрбиесіне уақыт бөліп тұратынын, күйеуі танымал дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали да балаларының тәрбиесін назардан тыс қалдырмайтынын атап өтті.

4920
Кілт сөздер:
президент, әке
Тақырып бойынша
Игорь Крутой Димаштан эстафета қабылдап, Абайдың өлеңін оқыды 
Министр Абаев эстафета қабылдап, Абайдың өлеңін оқыды - видео
Ержан Максимнің анасы Тасмағамбетов баласына қандай ақыл бергенін айтты
"Өзімді өте бақытты жан санаймын": Димаш өміріндегі қызықты сәттері туралы әңгімеледі
Қасым-Жомарт Тоқаев Hyundai Trans Kazakhstan зауытына барды

Тоқаев Алматыда автокөліктің капотына не жазды

339
(Жаңартылды 11:14 26.09.2020)
Президент Алматы қаласына жұмыс сапары кезінде қол қойған автокөлік жаңа зауыттың көрсету залына қойылады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытына барған кезде жаңа автокөліктің капотында естелік жазба қалдырды.

Мемлекет басшысы "Iске сәт! Ақ жол тілеймін!" деп жазды. Ол сондай-ақ қол қойып, сол күннің датасын көрсетті.

Касым-Жомарт Токаев оставил надпись на капоте авто
© Photo : Astana Motors
Тоқаев жаңа автокөліктің капотында естелік жазба қалдырды

"Астана Моторс" компаниясы Sputnik Қазақстанға президент қол қойған көлікті не істейтіндерін айтты.  

"Ол тарих үшін сақталып, зауыт кеңсесінің көрсету залына қойылады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Айта кетейік, кәсіпорында президентке автокөліктерді құрастыру процесі көрсетілген болатын. Ол 2020 жылдың 15 қазанында ашылады.

Кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін оның қуаты бірінші кезеңде жылына 30 мың, екінші кезеңде 45 мыңға дейін машина жасауға жетеді. Инвестицияның жалпы көлемі – 28 миллиард теңгеден астам, оның 30% – компанияның өз қаражаты.

Оқи отырыңыз: Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев 

Hyundai Trans Kazakhstan кәсіпорны 700-ге жуық жұмыс орнын ашып, сабақтас салалардың дамуына серпін береді.

Инвесторлар келешекте автобөлшектер шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Осылайша компания отандық автокөлік өнеркәсібін дамыту жөніндегі көздеген мақсаттарына қол жеткізеді. Бұл отандық өндірістің 51 % астамын қамтамасыз етеді.

Еске сала кетейік, жұмада Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды. Ол қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы филиалының, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және көпфункционалды музыкалық орталықтың жұмысымен танысты.

339
Кілт сөздер:
зауыт, Алматы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Президентке құрылыс материалдары өндірісінің технологиялық процесі көрсетілді
Тоқаев жарлыққа қол қойды
Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды
Тоқаев Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуына байланысты түсініктеме берді
Архивтегі фото

Өткен тәулікте 69 адамнан коронавирус табылды

22
(Жаңартылды 09:41 26.09.2020)
Маңғыстау, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласында бірде-бір адамнан коронавирус инфекциясы анықталмады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 69 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы COVID-19 індетін таратпау жөніндегі ведомствоаралық коммиссия хабарлады.  

Өңірлер бойынша мәлімет:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 14,
  • Алматы қаласы – 3,
  • Ақмола облысы – 5,
  • Ақтөбе облысы – 1,
  • Алматы облысы – 2,
  • Атырау облысы – 5,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 17,
  • Жамбыл облысы – 2,
  • Батыс Қазақстан облысы – 2,
  • Қарағанды облысы – 5,
  • Қостанай облысы – 3,
  • Павлодар облысы – 4,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 5,
  • Түркістан облысы – 1.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 107 659. Індеттен 1 699 қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Қатаң карантин қай кезде енгізіледі – денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді 

22
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев
Депутат бұрынғы вице-министрдің отставкасы жайлы: бұған жауап беруі керек
Ғалымдар табиғи антибиотик ойлап тапты
Алматыда COVID-тен жазылғандар оңалту орталығына ағылып жатыр: мамандар себебін түсіндірді
Тағы бір облыста 8 бірдей мектепте коронавирус анықталды