Мұғалім, архивтегі сурет

Тоқаев мұғалімдердің мәртебесіне қатысты тапсырма берді

7290
(Жаңартылды 13:32 15.07.2019)
Президент жас мамандардың дені еңбек нарығының талабына сай келмейтінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтың мәртебесіне қатысты заңды жылдың соңына дейін қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Білім саласы – экономиканың дамуына ықпал ететін маңызды бағыт. Тіпті, экономиканың толыққанды бір саласы деп айтуға болады. Дегенмен, бүгінде түйіні шешілмеген бірқатар мәселе бар. Қала және ауыл мектептерінің білім беру сапасында әлі күнге дейін айтарлықтай алшақтық сақталып отыр. Апаттық жағдайдағы және үш ауысымды мектептердің мәселесі де өзекті. Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы мардымсыз", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президенттің айтуынша, жас мамандардың көбісі еңбек нарығының талабына сай келмейді. Бұл мәселелерді шешу үшін "Педагог мәртебесі туралы" заң әзірленіп жатыр.

Тағы оқыңыз: Министр мұғалімдердің 48 жасында зейнетке шығу мүмкіндігі туралы айтты

"Бұл жұмысты жыл соңына дейін аяқтау қажет. Ең басты мақсат -  мұғалімдер осы заңның игілігін, пайдасын сезінуі тиіс. Білім саласымен қатар ғылым саласына да тиісті көңіл бөлу керек", - деді Тоқаев.

7290
Кілт сөздер:
заң, мәртебе, үздік педагог, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Қазақстанда мұғалімдер мен дәрігерлердің мәртебесін көтеретін заң қабылданады
Оқушыларға тиіскен: мұғалімдердің видеосы желіні шулатып жатыр
Депутат мұғалімдер туралы заң жобасының парламентке түспегенін айтып қапаланды
Аттестация тағы өзгере ме - министр мұғалімдердің ұсынысы туралы айтты
"Зейнет жасын төмендету керек": депутаттар тың ұсыныс жасады
Загрузка...