Таразы, салмақ

Тоя тамақ ішіп те оңай арықтауға болады ғалымдар кеңес берді

1376
Мамандар калориясыз өнімді атады

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде — Sputnik. Көптеген ғалымдар балдыркөк, грейпфрут және жапырақты салат жеген адам калория қоспайды деген пікірде. Оларды қорыту үшін ағза өнімнің калориясынан әлдеқайда көп энергия жұмсайды деген ой қалыптасқан, деп хабарлайды РИА Новости.

"Бұл теория дұрыс емес. Өйткені балдыркөкте де, асжапырақта да калория бар. Бірақ өте аз. Бұған қоса, бұл өнімдер орамжапырақтың бір түрі болғандықтан, құрамында жасұнық көп. Демек, оны қорыту үшін ағза күш жұмсайды. Сондықтан аз калория болады деген пікір қалыптасқан", - дейді ғалымдар.

Көкөністерде калория көп болғанымен, олар арықтауға көмектесетін өнімдердің қатарында. Яғни адам етті макаронмен емес, көкөніспен жесе, азырақ калория алады.

"Бұл көкөніс еттің калориялығына әсер етеді деген сөз емес. Олардың калориясы макароннан аз болады. Бірақ арықтау кезінде көкөніс салаттары мен тағамға май қоспаған жөн. Өйткені бұл калорияны көбейтеді", - дейді мамандар.

Ғалымдар тек бір ғана өнімді калориясыз деп атауға болатынын айтады. Олардың айтуынша, суда мүлдем калория жоқ деуге болады. Сұйықтықты қорытуға ағза энергия жұмсамайды. Бірақ метаболизм жақсарады. Күніне екі литр су ішу 100 килокалория жоғалтумен тең. Сондай-ақ, мамандар спортпен шұғылдануға кеңес береді.

1376
Кілт сөздер:
ғалымдар, тамақ
Тақырып бойынша
Ғалымдар барлық диетаға ортақ қателікті тапты
Мінсіз мүсін: бір ай ішінде қарындағы майдан қалай арылуға болады?
Салмағы 29 келі ғана болған қыз кәмпиттің арқасында адам танымастай өзгеріп кетті
Артық салмақтан тез арылуға көмектесетін ең тиімді жаттығу анықталды
Әлемдегі ең жас миллиардер әйел сымбатты мүсінінің сырымен бөлісті
Загрузка...