Смартфон ұстап тұрған адамдар

Министрлік қазақстандықтарға интернет шектелетінін ескертті

3265
(Жаңартылды 11:57 17.07.2019)
Интернеттің шектелуі цифрлық даму министрлігі жүргізіп жатқан техникалық жұмыстармен байланысты

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары кейбір интернет ресурстарға кіре алмауы мүмкін. Бұл туралы Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құзырлы мемлекеттік органдар елорданың байланыс операторларымен бірлесіп, техникалық жұмыстар жүргізіп жатыр. Министрліктің ақпаратынша, бұл қала тұрғындарын, мемлекеттік органдар мен жекеменшік компанияларды хакерлік шабуылдан, интернет-алаяқтар мен түрлі киберқауіптен қорғау үшін қажет. Осыған байланысты елордалықтар кейбір интернет ресурстарға кіре алмауы мүмкін.

Тағы оқыңыз: ҰҚК мен Бас прокуратураға интернетті бұғаттауға рұқсат етілді

"Жекелеген интернет-ресурстарға кіру мүмкін болмаған жағдайда, мобильді құрылғының (ұялы телефон, планшет) тіркеліп-тіркелмегенін тексеруді және қауіпсіздік сертификатын (байланыс операторларының сайтында орналастырылған) орнатуды ұсынамыз. Сондай-ақ, өз байланыс операторыңыздың call-орталығына хабарласуыңызға болады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.

Айта кетсек, қазақстандықтар әлеуметтік желілердің бұғатталуы мен ұялы байланыстың сапасына жиі шағымданады.

3265
Кілт сөздер:
қазақстандықтар, әлеуметтік желілер, интернет
Загрузка...