Қасым-Жомарт Тоқаев, архивтегі сурет

Тоқаев демалысқа шықты

1279
(Жаңартылды 09:44 22.07.2019)
Президент демалысын Қазақстан аумағында өткізеді

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қызқамерзімді демалысқа шықты. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 22 шілдеден бастап төрт күнге демалысқа шықты. Президент демалыс күндерін Қазақстан аумағында өткізеді", - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Атап өтсек, бұл - Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент лауазымындағы алғашқы демалысы.

1279
Кілт сөздер:
демалыс, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
"Күрделі сұрақ": Тоқаев халықты мазалап жүрген мәселеге қатысты пікір білдірді
Тоқаев: Қытайда жүргенде жемқорларды қалай ататынын көрдім
Тоқаев ашаршылық туралы: орыс халқының еш қатысы жоқ
Тоқаев ресейлік тілшінің күтпеген сұрағына жауап берді
Зорлық-зомбылық

"Ұруға болады": бірнеше әйел алғысы келетін оқытушы мәлімдемесі желіні шулатты

3
(Жаңартылды 15:07 04.06.2020)
Ұлттық университет оқытушысының әйелдерге қатысты айтқан пікірі туралы ақпарат тексеріледі. Оның өзін "исламист, ұлтшыл, гомофоб, жидофоб" деп атады деген мәліметтің де рас-өтірігі анықталады

АЛМАТЫ, 4 маусым – Sputnik. Еуразия ұлттық университетінде оқытушы Ерлан Сүлейменнің айтқан сөзінен кейін тексеру жүргізіледі.

Ер адам Facebook желісінде "әйелдерді ұрып-соғуға болады және солай істеу қажет" деп пікір қалдырған. Скриншоттарға қарасақ, ол "әйелдер тіпті өздерінің жүктілігін де зерттей алмады" деп сынаған.

Оқытушының әйелдер жайлы пікірі

Жас ғалымдар альянсының төрағасы Әсия Ермұхамбетова Ерлан Сүлейменов екеуінің пікір алмасқан фотосын жариялады. Ол Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жұмыс істейтін оқытушының сексистік, ұлтшылдық және арандатушылық тудыратын пікір жазғанын айтты.

Бастапқыда бойжеткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында білім беру мәселелерін негізінен ер адамдар талқылағанын жазды. Ал оған Ерлан Сүлейменов бірден жауап берді.

"Әйелдер өмір бойы өз жүктілігін зерттей алмай келеді. Қанша лайық болса, соншасы қатысып отыр", - деді ол.

 

Өзін исламист деп атап, жақша ішіне "көп әйел алуды қолдаймын, әйелдерді ұрып-соғуға болады және кейде ұру да керек" деп жазды.

Осы жағдайды ЕҰУ Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігіне түсіндірді.

"Университет өз қызметінде кез келген түрде адамды кемсітуге мүлдем төзбейді. ЕҰУ Ерлан Сүлейменнің дінге және басқа да мәселелерге қатысты жеке пікірін қолдамайды", - деп жауап берді.

Аталған жағдай Еңбек кодексі аясында талқыланады, карантиндік шаралар алынып тасталған соң университетте ішкі тексеру жұмыстары жүргізіледі, деп нақтылады оқу орны.

"Университет пен Ерлан Сүлеймен арасындағы қарым-қатынас Қазақстанның еңбек заңнамасымен реттеледі. Барлық қызметкер оқытушылардың корпоративтік мәдениет кодексінің нормаларын сақтауға міндетті", - деп қосты университет.

Сонымен қатар оқу ордасы университетте нәсілдік, этникалық, діни, әлеуметтік ымырасыздық пен ерекшеліктерді насихаттау, милитаристік және халықаралық құқық пен гуманизм принциптеріне қайшы келетін өзге де идеяларды таратуға тыйым салынғанын атап өтті.

Қазір университет оқытушылары, оның ішінде Ерлан Сүлеймен де қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылған.

ЕҰУ сайтында Ерлан Сүлейменнің химия ғылымдарының кандидаты, PhD, қолданбалы химия институтының жетекшісі екені көрсетілген.

Қыздарды маркерге теңеді

2020 жылдың наурызында абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты Омар Жәлел Тараздағы Назарбаев зияткерлік мектебінде мектеп оқушыларын оқуға емес, бала тууға үндеді.
Дәріс кезінде қыздарды кеуіп қалатын маркерге теңеген болатын. 

Абайтанушының айтқан сөзі мектеп оқушыларының ашуына тиді. Мектептің 11-сынып оқушысы Instagram желісінде пікірін жазып, оның бұл сөзімен келіспейтінін жеткізді. Мектеп әкімшілігі де оқушының позициясын қолдады.

"Қыз мұраты – кету" дегенді біз ұмыттық. Соның салдарынан қазір біздің қыздарымыз "менің мұратым – оқу" деп ұғады. Сол себепті қазір қазақтың қыздары оқу қуып, тұрмысқа шықпай жатыр. Соның кесірі біздің демографияға кері әсер етіп, халықтың саны өспей жатыр. Мен "ұлдың мұраты – елге қызмет ету, ал қыздың мұраты – ерге қызмет ету" деп айттым", - деп түсіндірді сөзін Омар Жәлел.

3
Кілт сөздер:
мәлімдеме, оқытушы, әйелдер
Монеталар

Қазақстанда қаржы пирамидасына қатысы бар қанша қылмыстық топ анықталды

11
(Жаңартылды 14:45 04.06.2020)
Министр орынбасары "Гарант 24 ломбард" ЖШС, "ЕSTATE ломбард", "Выгодный займ" басшыларына қатысты атышулы қылмыстық істер туралы да айтты

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігі қаржы пирамидаларымен күрес қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғали Заппаров әр өңірде қаржы пирамидасының қызметіне қарсы іс-қимыл бойынша мамандандырылған топтар құрылғанын атап өтті.

"Соңғы үш жылда Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша полиция бөлімшелері 42 қылмыстық іс қозғады. Олар бойынша қылмыстың 975 эпизоды тергелді. 2017 жылы – 11, 2018 жылы – 9, 2019 жылы – 10 және қазіргі кезде 12 қылмыстық іс қозғалған", – деді ол сенат отырысында депутаттың сұрағына жауап беріп.

Оның айтуынша, 38 қылмыстық топ, оның ішінде трансұлттық бір топ анықталған.

2017-2019 жылдары ішкі істер министрлігі Қазақстан, Ресей және Испания азаматтарына қатысты қылмыстық істі тергеді. Олар "Questra Holdings" қаржы пирамидасын құрған. Былтыр желтоқсанда кінәлі адамдар сегіз жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Оқи отырыңыз: "14 мың сал да, 114 мың ал": сарапшы жаңа қаржы пирамидасы туралы шындықты айтты

Қылмыстық топ 9 миллиард теңгеден астам шығын келтірген.

Заппаров биыл "Гарант 24 ломбард" ЖШС, "ЕSTATE ломбард", "Выгодный займ" басшыларына қатысты қозғалған атышулы қылмыстық істерге де тоқталды.

"Бұл компаниялардың филиалы 15 өңірде қызмет етіп, олар өз жобаларына 39 мыңнан астам адамды қатыстырған. Бүгінде 9 393 адам арыз түсірді", – деді ол.

Ішкі істер министрлігінің басшылығы қылмыстық істі тергеуді өз бақылауына алған.

11
Кілт сөздер:
қаржылық қызметтер, қаржы пирамидасы
Тақырып бойынша
Әлеуметтік желіде жұртты 6 миллион теңгеге алдап соққан алаяқ ұсталды
Сотталған алаяқ түрмеде отырып-ақ 500 адамды арбауына түсірген
Қызылордада "таксистерді" ерекше әдіспен алдаған алаяқ қоғамдық резонанс туғызды
Өскемендік алаяқ жиһаз жасап беремін деп 16 адамды алдап кетті
Қарағандыда қаржы пирамидасы туралы іс тергелуде