Депутаттар, архивтегі сурет

Депутаттардың демалысын қысқарту қажет пе қаржы министрінің пікірі

787
(Жаңартылды 15:22 23.07.2019)
Бүгінде депутаттар жазда екі ай демалады. Бұдан бөлек, өңірлерді аралау бар. Бірақ оған көп уақыт қарастырылмаған

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов депутаттардың демалысын қысқартуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында журналист депутаттардың демалысын қысқартуға қатысты сауал қойды.

"Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда қазақстандықтар депутаттарға екі ай демалыс беру тым көп деп санайды. Неге депутаттар бәрімен бірдей бір айға ғана демалысқа жіберілмейді? Ал екінші айда өз ақшасына демалсын. Осыған байланысты қаржы министрі ретінде сіздің жеке ойыңызды білейік деп едік?", - деді тілші.

Бас қаржыгердің ойынша, депутаттар өз жалақысына сай жұмыс істеп жатыр.

"Негізі, парламенттің қызметіне қатысты мәселелердің бәрі арнайы конституциялық заңда жазылған. Меніңше, біздің парламентіміз өз жұмысын кәсіби әрі тиімді атқарып жатыр. Ал парламентке түсетін барлық заң уақытында қаралып қабылданады. Сондықтан олар өз жалақысына сай жұмыс істеп жатыр деп ойлаймын. Оған күмәнім жоқ", - деді Смайылов үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, депутаттар демалыс уақытында өңірлерді аралап, халықтың ұсынысы мен өтінішін тыңдайды.

"Соның нәтижесінде заңдарға тиісті өзгеріс енгізуге болады. Сондықтан депутаттарға берілген демалыс жұмысты тиімді жүргізуге ықпал етеді. Олардың демалысын қысқартатын жоспарымыз жоқ", - деді Смайылов.

787
Кілт сөздер:
демалыс, депутат, ақша
Тақырып бойынша
"Кейін көреміз оны": Нығматулин қарсы дауыс берген депутат жайлы пікір білдірді
"Маған ренжімесін": Нығматулин кімге көңілі толмайтынын айтты
Қайрат Нұртасқа депутаттар атақ берді: ол енді қоғамдық көлікте тегін жүреді
Дариға Назарбаева Елбасыға "Құрметті сенатор" төсбелгісін табыстады
Мәжіліс төрағасы үкіметтің жұмысын сынға алды
Загрузка...