Сот

Түн ортасында үйіне кіріп, әйелді зорлап тастады: Алматыда қаскөйге сот үкімі шықты

3675
Зардап шегушілер қылмыскер түрмеден шыққан соң, адам тонап, зорлауды жалғастырады деп қорқып отыр

АЛМАТЫ, 24 шілде — Sputnik. Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында бірнеше мәрте тонап, зорлаған қаскөйге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

41 жастағы Гунар Токенов алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылды. Оған қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылды: 188-бабы "Ұрлық", 192-бабы "Қарақшылық", 120-бабы "Зорлау", 121-бабы "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері".

Полицияға бес тұрғыннан арыз түскен. Ер адам үйлерді тонаумен айналысқан. Ол түнгі 3 пен таңғы 5 шамасында пәтерге терезе арқылы кірген. Бетінде маска, қолында пышақ пен қолғап болатын.

Токенов Оксана Пилояннің пәтеріне өткен жылы 35 градус аяз болғанда ұрлыққа түскен.

"Біз ұйықтап жатқанда шуба, ноутбук пен теледидарды ұрлады. Бағалы бұйым мен ақшаны қолды еткен. Біз соттың оны 10-15 жылға бас бостандығына айыруын сұрадық. Алайда судья басқа шешім қабылдады. Ол мерзімінен бұрын бостандыққа шығып, әрекетін қайта бастамайтынына кім кепіл?", - дейді әйел.

Токенов басқа бір әйелдің үйіне ұрлыққа түскенде бағалы заттарды қолды етіп қана қоймай, әйелді зорлап тастаған.

Тағы оқыңыз: Алматы тауларында қыз-келіншектерге қырғидай тиетін азғын пайда болды

Ол зардап шеккендердің шығынын қайтаруға міндеттелді. Сома 3 мың мен 220 мың теңге аралығында.

Токенов бұған дейін екі рет сотталған.

 

 

3675
Кілт сөздер:
сот үкімі, Алматы, әйел, үйлер
Тақырып бойынша
"Қырық минут бойы зорлаған": құрбысымен қонаққа барған қыздың жантүршігерлік оқиғасы
Алматыда мешітке арам оймен келген жігіт ұсталды
Он жыл бұрын жұмбақ жағдайда жоғалған жігіттің денесі жұмыс орнынан табылды
Шымкенттегі 3 жасар қыздың өлімі: кішкентай Кәусарды көршісі өлтіріп алған
Аузын жауып, жүзігін шешіп алған: Түнде Нұр-Сұлтан тұрғынын тонап кетті
Загрузка...