Сот балғасы, архивтегі сурет

Жолсеріктер пойызда әйел зорлады: бас көлік прокуроры мәлімдеме жасады

354
(Жаңартылды 12:36 29.07.2019)
Былтыр қараша айында Тальго жолсеріктері жолаушы әйелге қиянат жасаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде — Sputnik. Зорлау ісі бойынша айыпты деп танылған бұрынғы жолсеріктерге қатысты сот үкімінің заңдылығы мен негізділігі тексеріледі. Бұл туралы бас көлік прокуроры Ернат Сыбанқұлов хабарлады.

Бұған дейін Жетес Үмбетәлиев пен Қолқанат Құрманиязов екі жыл және алты айға бас бостандығынан айырылған болатын. Үмбетәлиев үш ай үй қамақта отырғандықтан, жазасын екі жыл үш ай ғана өтейді. Қазақстандықтар әлеуметтік желіде бұл үкімге наразылықтарын білдірді.

Тағы оқыңыз: Түркістан облысындағы интернатта оқушыны бір жыл бойы зорлаған

"Бас көлік прокуратурасы "Нұрлы жол - Ақтөбе" бағытындағы №98 пойыз вагонында жолаушыны зорлау оқиғасы бойынша қылмыстық іске қатысты сот жарыссөзі барысында прокурор айыптауды толық көлемде қолдап, кінәлі адамдарды 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын сұрағанын хабарлайды. Сот өзге шешім қабылдады. Қазіргі кезде сот үкімінің заңдылығы мен негізділігі зерттеліп жатыр", - деп жазды Сыбанқұлов Facebook парақшасында.

Дүйім жұрттың жағасын ұстатқан оқиға

Былтыр қараша айында "НеМолчиKZ" зорлық-зомбылыққа қарсы қоғамдық қозғалыс" қорының басшысы Дина Таңсәрі (Смайылова) жантүршігерлік оқиға туралы жазды.

Оның айтуынша, елордадағы ғылыми конференциядан Ақтөбеге қайтып бара жатқан әйелді "Тұлпар-Тальго" пойызында екі жолсерік бірінен соң бірі зорлаған.

Тағы оқыңыз: Жынысын ауыстырып, әйел болған қазақстандықты түрмеде зорлап тастады

Судья бұл оқиғаны жабылып зорлау деудің орнына "әдеттегі әйел зорлау" деп бағалады. Таңсәрінің сөзіне сүйенсек, сотталғандар жәбірленушіден кешірім сұрамақ түгіл, жасаған ісіне өкінбейтін көрінеді.

Қоғам назарына іліккен істен кейін қызметкерлердің кезектен тыс аттестациясы өтеді, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы".

354
Кілт сөздер:
әйел зорлау, пойыз, жолсеріктер
Тақырып бойынша
"Қырық минут бойы зорлаған": құрбысымен қонаққа барған қыздың жантүршігерлік оқиғасы
Студент қызды зорлап, өлтірген қаскөйлер сотта оқиғаның қалай болғанын айтты
Түн ортасында үйіне кіріп, әйелді зорлап тастады: Алматыда қаскөйге сот үкімі шықты
Тальго жолсеріктері пойызда жолаушы әйелді зорлады: сот үкім шығарды
Загрузка...