Талғат Ардан

Астана LRT-ның бұрынғы басшысына халықаралық іздеу жарияланды

389
(Жаңартылды 12:46 30.07.2019)
Талғат Арданға қатысты қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. "Астана LRT" ЖШС экс-басшысы Талғат Арданды Интерпол арқылы іздеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Компанияның қазіргі басшысы Ержан Игенбердиевтің айтуынша, қылмыстық іс қозғалды. Бұрынғы басшыны қамауға алу туралы нұсқау да бар.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Астана LRT" ЖШС бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты қылмыстық істі қозғады. Қамауға алу туралы қолдаухат бар. Соттың сырттай шешімі де шығарылды. Оған халықаралық іздеу жарияланды. Қазіргі кезде осы мәселемен Интерпол айналысып жатыр", - деді Игенбердиев үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Тағы оқыңыз: Көлгінов LRT құрылысына бөлінген қаржы қалай үнемделетінін айтты

Айта кетейік, өткен жылы Талған Арданға қызметтік өкілеттілігін теріс пайдаланды деген айып тағылған болатын. Тергеу материалдарына сәйкес, төрт жыл бұрын Астана LRT-ның бюджеттік қаражатынан мердігер бір компанияға 300 миллион теңге аударылған. Сол кезде лимиттен 125 миллион теңгеге артық аударылғаны анықталды. Компания басшысы қызметін Талғат Ардан атқарған болатын.

389
Кілт сөздер:
халықаралық іздеу, басшы, Astana LRT
Тақырып бойынша
Астанадағы автобус жүргізушілерінің ереуілі - "Astana LRT" не деп жауап берді?
Тоқаев Нұр-Сұлтандағы аса қымбат жобаны сынға алды
Астанада көлік картасына ақша салудың қарапайым тәсілі пайда болды
Автопарктердің табысы 40%-ке өскен: Нұр-Сұлтанда бір жылда не өзгерді?
Тоқаевтың тапсырмасы: Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысы қашан аяқталады
Загрузка...