Оқушы қыз, архивтегі сурет

Жаңа оқу жылы тақап қалды: балаға қандай сөмке әперуге болмайды?

2271
Бас санитарлық дәрігер оқушыға ыңғайлы әрі зияны тимейтін сөмкені сипаттап берді

НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз – Sputnik. Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мектеп сөмкесіне қатысты негізгі талаптарды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Оқушының сөмкесі, рюкзак дейміз ғой, бос сөмкенің салмағы бір келіден аспауы қажет. Арқаға тиіп тұрған жері қатты болуы шарт. Иықбаулары жалпақ, мойынға салмақ түсірмеуі тиіс. Сосын сөмкеге жарықтан шағылысатын арнайы белгілерді орнатқан жөн. Сонда түнгі уақытта көлік жүргізушілері балаларды алыстан көре алады", - деді Бекшин астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Бас санитар қолда ұстайтын портфельді алмауға кеңес беріп отыр. Себебі бала бір жаққа қарай қисайып жүреді.

Тағы оқыңыз: Білім министрлігі оқушылардың сөмкесін қалай жеңілдетеді?

"Мектеп сөмкесінің салмағы оқушының бойы мен жас ерекшелігіне сай болуы шарт. Мәселен, 1-3 сынып оқушыларының сөмкесі 2 келіден аспауы тиіс. 4-5 сыныпта – 2,5 келі, 6-7 сыныпта – 3,5 келі, ал жоғары сынып оқушылырының сөмкесі 4,5 келіден артық болмауы қажет. Ауыр рюкзактың салдарынан сколиоз, остеохондроз сияқты аурулардың туындайтынын ұмытпауымыз қажет", - деп атап көрсетті Бекшин.

Мектеп формасы қандай болуы керек?

Бас санитар мектеп формасын таңдау бойынша да кеңес берді. Оның сөзіне қарағанда, ата-аналар мектеп формасы мен аяқ киімді дұрыс таңдаса, балалар сабақ кезінде ештеңеге алаңдамайды. Сондықтан ыңғайлы әрі сапалы киімді алған дұрыс. Сонда аллергиялық реакциялар да болмайды.

Тағы оқыңыз: Мектеп формасына қойылатын талаптар - инфографика

Ең бастысы, форма табиғи талшықтардан тұратын матадан тігілуі шарт. Олар - жүн, мақта, зығыр және жібек. Бекшиннің айтуынша, сапасыз формамен балалар емін-еркін жүре алмайды, себебі ондай матадан ауа өтпейді.

2271
Кілт сөздер:
оқу жылы, сөмке, оқушы
Загрузка...