Қоғам

Бас прокуратура қауіпсіздік сертификатына қатысты мәлімдеме жасады

© Sputnik / Владислав ВодневМобильный телефон в руке, архивное фото
Мобильный телефон в руке, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Прокурорлар сертификат арқылы аңду әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілік барын ескертті

НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз – Sputnik. Бас прокуратура қауіпсіздік сертификатына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Прокурорлар сертификаттың заңсыз контенттен ғана емес, кибершабуылдардан да қорғайтынын еске салып, ол арқылы халықты аңду әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершіліктің бар екенін ескертті.

"Бас прокуратура жеке өмірге, жеке басы мен отбасы құпиясына, хат-хабар алмасуға, телефон арқылы сөйлесуге, хабарламаларға ешкімнің қол сұқпауы туралы конституциялық құқықтардың сақталатынына мемлекет кепілдік беретініне назар аударады. Оларды бұзу қылмыстық жауапкершілікке дейін әкеп соғуы мүмкін, - делінген ресми хабараламада.

Ресми мәліметке сәйкес, электронды ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйеге заңсыз кіру немесе телекоммуникациялар желісі бойынша берілетін ақпаратты заңсыз алу үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бар. Ал Қылмыстық кодекстің 148-бабына сәйкес хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф хабарлары немесе өзге де хабарламалар құпиясын заңсыз бұзу үшін жауапкершілік қарастырылған.

Тағы оқыңыз: Қауіпсіздік сертификаты VPN-ді де бұғаттай алады

"Прокуратура органдары қадағалау қызметі шеңберінде басқа мемлекеттік органдармен бірге мұндай құқықбұзушылықтардың жолын кесіп, кінәлілерге қатысты тиісті шаралар қолданатын болады", - деп мәлімдеді прокурорлар.

Қауіпсіздік сертификаты деген не?

Қауіпсіздік сертификаты дегеніміз шифрлеуге мүмкіндік беретін хаттамалары бар, трафикті өткізуге қолданылатын электронды цифрлық символдар жинағы.

Қазақстанның ұялы операторлары мәлімдегендей, отандық Qaznet Trust Network қауіпсіздік сертификатын орнату қолданушыларды хакерлік шабуылдан және заңсыз контенттен қорғайды. Абоненттерге жасалған ескерту бойынша, қауіпсіздік сертификатын орнатпаған жағдайда, кейбір интернет ресурстарына кіру техникалық тұрғыдан шектелуі мүмкін.

Жаңалықтар
0