Құрбан айт, архивтегі сурет

"Жеті адам ортақтаса алады": мешітте құрбандық шалу шарттары қандай?

1364
(Жаңартылды 15:48 04.08.2019)
Елорданың Әзірет Сұлтан мешіті, Нұр-Астана мешіті және Сәдуақас Ғылмани мешітінде құрбандық шалу акциясы жүргізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik, Арман Асқар. Астанадағы мешіттер арнайы акция аясында құрбандық шалып, етті мұқтаж адамдарға таратады. Оған кез келген адам қатыса алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Раббың үшін құрбан шал!"

Әзірет Сұлтан мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаевтың айтуынша, биыл Құрбан айт аясында үш мешіт "Раббың үшін құрбан шал!" акциясын бастады. Олар – Әзірет Сұлтан мешіті, Нұр-Астана мешіті және Сәдуақас Ғылмани мешіті.

"Біз акцияны жылдағыдай ұйымдастырып жатырмыз. Соның аясында халық мешітпен бірге құрбандық шала алады. Мешіт барлығын ұйымдастырады. Бірақ біз тек ірі қараны ғана шаламыз. Негізгі мақсат – халыққа етті көп тарату. Ал кіші малда ет аз болады. Сосын ірі қараның есебі ыңғайлы", - деді Өткелбаев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.

Раббың үшін құрбат шал! акциясы
© Sputnik / Арман Асқар
"Раббың үшін құрбат шал!" акциясы

Оның сөзіне қарағанда, бір ірі қараны жеті адам құрбандыққа шала алады. Сиырдың бағасы 315 000 теңге деп белгіленді. Сонда әрбір адам 45 000 теңгеден тапсыруы керек.

Мешітке жеті адам ертіп келу керек пе?

"Бір адам отбасының атынан құрбандық шалады. Ол бір немесе бірнеше сиыр шала алады, я болмаса бірнеше адаммен бірігіп шалса да болады. Мешітке жеті адам алып келу міндетті емес. Өзі келсе, біз қалған алты адамды тауып береміз. Сосын 11 тамыз Құрбан айт күні намаздан кейін "Алтын таға" мал базарында барлық малды шаламыз. Бөлшектейміз, пакетке саламыз. Сөйтіп, мұқтаж жандарға мешіттен таратамыз", - дейді Өткелбаев.

Тағы оқыңыз: Құрбан айтта не істеуге болмайды - видео

Мешіт арқылы құрбандық шалатын адам барлық шараға өзі де қатыса алады. Сол жерде еттің үштен бір бөлігін алып кетсе де болады.

"Мал базарында біз ас ұйымдастырамыз. Сол жерде құран оқылады. Сондықтан мал шалатын адам осы шараларға қатысса да болады. Ал уақыты болмаса, өкілдікті мешітке береді. Біз сол кісінің атын атаймыз да, қасапшылар малды шалады. Негізі, мешіт құрбандық шалу шараларын атқарып қана қоймай, халықтың өзі шалған малдың етін де қабылдайды. Сөйтіп, мешіт арқылы мұқтаж жандарға үлестіріледі", - деп атап өтті наиб имам.

Раббың үшін құрбан шал! акциясының шарттары
© Sputnik / Арман Асқар
"Раббың үшін құрбан шал!" акциясының шарттары

Құрбандықты кім шалуы қажет?

Құрбандық шалу төрт шартқа ие жандарға уәжіп: мұсылман болуы, ақылды және балиғат жасына толуы, құрбан айт уақытында жолаушы болмауы және негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болуы.

Нисап мөлшері - 85 грамм алтын, яки соның құнына тең келетін ақша. 40 қойдан 119 қойға дейін иелік еткендерге де құрбандық шалу міндеттеледі. Мұндай байлық мөлшері қолында жоқ адамдарға құрбандық шалу міндет болмағанмен, жағдайы келсе құрбандық шалуына рұқсат етілген.

Тағы оқыңыз: Қасиетті Құрбан айт мерекесі туралы деректер

Құрбандыққа шалынған малдың етін үш бөлікке бөліп тарату – мұстахап. Бір бөлігі – туған-туыс, көршілеріне бай болса да сыйға тартылады, екінші бөлігі – кедей мен мұқтаж адамдарға, үшінші бөлігі – өзінің отбасына, бала-шағасына тиесілі. Бірақ шалынған малдың етін түгелдей кедей-мұқтаждарға таратуға болады.

Құрбандыққа қандай мал жарамды?

Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе секілді малдар жарамды. Қой мен ешкі ең кемі бір жасар болуы керек. Дегенмен, алты айлық қозы бір жасар қой секілді ірі, қоңды болса, құрбандыққа жарамды. Ал ешкі бір жасқа толған болуы қажет. Сиыр екі, түйе бес жасқа толғанда құрбандыққа шалуға болады. Құрбандық малының дені сау, етті және дене мүшелері түгел болуы керек. Оның бойында құрбандық ретінде шалуға кедергі келтіретін кемшіліктер болмауы шарт.

Баран
© Sputnik / Вадим Брайдов
Құрбандық малы

Қой немесе ешкіні тек қана бір адам құрбандыққа шала алады. Ал сиыр немесе түйені, яғни ірі қараны бір кісінің жалғыз өзі не жеті кісінің бірігіп шалуына болады. Құрбандықты бірге шалған уақытта әрбір адам ниетімен ортақтасуы керек. Бір кісі құрбандық үшін, ал екіншісінің ниеті басқа болса, шалынған мал ортақтасқандардың бәрі үшін құрбандық болып есептелмейді.

1364
Кілт сөздер:
құрбандық, құрбан айт, мешіт
Тақырып:
Құрбан айт 2019 (29)
Тақырып бойынша
Құрбан айтта қорадан шығып кеткен қой қала тұрғындарының зәресін алды – видео
Қазақстан мешіттері 61 мың отбасыға құрбандық етін таратты
Құрбан айтта демалыс жоқ: тамызда қазақстандықтар қанша күн демалады?
Мүфтият Құрбан айт мерекесі қай күні басталатынын хабарлады
Дәрігерлер, архивтегі сурет

Айнұр Тұрсынбаева желіде жазба жариялады - басы дауға қалған компания жауабы

860
(Жаңартылды 22:10 10.07.2020)
Бүгін Тұрсынбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында халықтан жиналған ақшаға Түркияда 125 жасанды тыныс алу аппараты сатып алынғанын жариялады. Алайда оны жеткізу мен таратуда қиындық туындағанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. "СК-Фармация" компаниясы айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның үндеуіне жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"СК-Фармацияның" баспасөз қызметі компания гуманитарлық көмекті қабылдаудың бірыңғай операторы болып саналатынын жеткізді. Алайда қайырымдылық көмек тек компания арқылы жасалуы керек деген шарт жоқ. Қайырымдылық жасайтын адамдар оны өздігімен де жасай алады. 

"СК-Фармацияны" гуманитарлық көмекті қабылдаудың бірыңғай операторы ретінде белгілеудің негізгі мақсаты – медициналық препараттар мен бұйымдарды тарату және дер кезінде жеткізу. Ондайда дәрі-дәрмектерді сақтау мен тасымалдаудың өзіндік талаптары болады. Ол үшін компанияда логистикалық желі бар. Бұдан бөлек, "СК-Фармацияның" құрылымдық бөлімшелері медициналық препараттарды кедендік рәсімдеу мен рұқсат құжаттарын алуға көмектеседі. Алайда бұның барлығы басқа адамдардың біреуге көмек көрсетуіне шектеу бола алмайды", - дейді мамандар. 

Айта кетсек, бүгін Айнұр Тұрсынбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында халықтан жиналған ақшаға Түркияда 125 жасанды тыныс алу аппараты сатып алынғанын жариялады. Алайда оны жеткізу мен таратуда қиындық туындағанын айтты. 2 тонна жүкті тұтас жеткізетін мүмкіндік болмаған. Осыған орай, айтыскер президенттен, денсаулық министрі мен қорғаныс министрінен көмек сұрады. Ол тыныс алу аппараттарын Қазақстанға жеткізгеннен кейін тарату жұмысын өздеріне тапсыруды сұрады. Себебі СК "Фармация" компаниясына сенім жоқ екенін айтты.

"Біз алған аппаратты Қазақстанға барған соң СК "Фармация" деген мекеме қабылдап алады. Ол мекемеге халық та, халықтан ақша жинаған белсенділер де сенбей отыр. Осы аппараттарды таратудың билігін өзімізге берсеңіздер екен. Қорғаныс министрлігі арнайы ұшақ жіберсе, тұтас апаруға болады", -дейді Тұрсынбаева.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айнұр Тұрсынбаева (@aidyn_nury)

Оның сөзіне қарағанда, Түркиядағы зауытпен екі аптада арзан бағаға 500 аппарат сатып алуға келісім жасалған. Оның ақшасын да жинауға мүмкіндік бар. 

Тыныс алу аппаратарына ақша жинауға көмектесіп жүрген блогер Дәулет Төлеутайұлы да өз парақшасы арқылы бейнеүндеу жолдады. Оның айтуынша, 125 аппараттың ақшасы бір күнде жиналды. Ал вице-министр Людмила Бюрабекова ондай көмекті жеткізудің тәртібін түсіндірген.  

"Маған вице-министр Людмила Витальевна хабарласты. Ол маған елдегі заңды түсіндірді, яғни, заң аясында сол "СК-Фармация" қабылдайды екен немесе әрбір елдімекеннің әкімшілігімен біз келісімшартқа отыруымыз керек екен. Бұның барлығы уақыт алады, бюрократия. Бүгінде "СК-Фармация" халықтың сенімінен айырылып отыр. Біз 125 аппаратты 125 елдімекенге таратқанда 125 әкіммен келісімшарт жасасақ, уақыт жоғалтамыз", - дейді Төлеутайұлы.  

860
Кілт сөздер:
медицина, компания, желі, Айнұр Тұрсынбаева
Тақырып бойынша
"Халық сенбей отыр": Айнұр Тұрсынбаева Тоқаевқа үндеу жолдады
Тоқаев үкіметтің бастамасы туралы: жағдайды қиындатып жіберуі мүмкін
Дәрігер дене қызуы көтеріле бастағанда не істеу керектігін айтты
Қазақстандағы "белгісіз пневмония": министр Тоқаевтың сауалына жауап берді
Пневмониясы барларға қалай дұрыс жату керек – пульмонолог кеңесі
Аурухана, архивтегі сурет

Қазақстандағы "белгісіз пневмония": министр Тоқаевтың сауалына жауап берді

522
(Жаңартылды 21:36 10.07.2020)
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой биыл елде түрлі пневмонияға шалдыққандар саны күрт артқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрінен Қазақстандағы "белгісіз пневмония жағдайлары" туралы сұрады.

"Біздің елде пневмонияның белгісіз түрі өршігені туралы ақпарат тарап жатыр. Ол біздің статистикада көрсетілмей жатқаны айтылады. Бұл қандай пневмония?" - деп сұрады Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

"2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 98 546 адам пневмонияға шалдықты. Өсім - 55,4%", - деп жауап берді Цой.

Мемлекет басшысы бұл пневмония салдарынан қанша адам қайтыс болғанын нақтылады.

"Бірінші жартыжылдықта 1772 жағдай тіркелді. Өткен жылы (бір жылда) 1 780 адам қайтыс болды", - деді Алексей Цой.

Президент бұл төтенше жағдай екенін айтты. 

"Сонда жағдай төтенше деген сөз бе? Көп адам қайтыс болды, мұны мойындау керек", - деді Тоқаев.

522

Дәріні ұшақпен қалай тасымалдау керек - видео

0
Бүгінде дәрі-дәрмек тапшылығына байланысты кейбір медициналық препараттарды табу қиын. Алыпсатарлар да көбейді

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik,Арман Асқар. Туған-туысқанына көмектесеміз деген қарапайым адамдар бір қаладан тауып алған дәріні басқа қалаға беріп жіберуге тырысады. Әуежайға барып, жолаушыларға жалынады. Sputnik Қазақстан тілшісі Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда болып, дәрі-дәрмекті тасымалдау тәртібін біліп қайтты. Жолаушылардың өзге біреудің дәрісін жеткізіп беруге қатысты ойын да сұрады. 

Ұшаққа қалай кіргізеді

Әуежайдың тексеру қызметінің бастығы Серікбол Сәдуақасовтың айтуынша, әрбір жолаушы тек өзіне қажетті дәріні ғана ұстап жүре алады. Өзге біреудің медициналық препараттарын тасымалдауға болмайды. Жолжүкте артық дәрілер анықталса, әуежай қызметкерлері хаттама толтырып, препараттарды қоймаға апарып қояды. Оны хаттаманың көшірмесімен 30 күннің ішінде алып кетуге мүмкіндік бар.  

"Негізі, медициналық препараттарды аз мөлшерде ғана алып жүруге болады. Ол адамның қолжүгінде болуы керек және нақтылануы керек. Яғни, дәрігердің нұсқауы болуы шарт. Рецептпен бірге ұстайды. Сосын "обезболивающий" дейміз ғой. Сондай препараттар аз мөлшерде, бір-екі таблетканы өткізуге болады", - дейді Сәдуақасов. 

Жеткізіп беруге дайынбыз

Жолаушылардың көбісі ережені білмейді. Бірақ өзге біреудің дәрісін жеткізіп беруге қарсы емес.

"Адамдар ауырып жатыр. Оларға көмектесу керек. Ал бір жағынан қарағанда, қазір әр түрлі махинациялар жасап жатыр ғой. Дәрілерді қымбатқа сатуда. Бәлкім, контрабанда жасайтын шығар. Оны білмейміз ғой. Негізі, көмектескен дұрыс. Бірақ оны адамдар емес, мемлекет істеу керек қой", - дейді олар.

Сұхбат берген жолаушылардың басым бөлігі дәріні жеткізіп беруге келісті. Дегенмен, шұғыл пошта қызметін қолдануға кеңес бергендер де болды.

Дәрі-дәрмек тапшылығы қашан шешіледі

Халыққа үндеу жасаған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақын күндері дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі шешілетінін мәлімдеді. Президенттің айтуынша, бүгінде медициналық препараттарды сертификаттау, жеткізу және сатып алу  жеңілдетілді. Осының арқасында қажетті дәрі-дәрмекті ауруханалар мен дәріханаларға дер кезінде жеткізуге мүмкіндік бар.

Қазірдің өзінде стационарлар үшін шамамен 30 мың науқасты емдеуге арналған дәрі-дәрмек сатып алынды. Бұл қазіргі қажеттіліктен 70 процентке көп. Бөлшек сауда желісіне де медициналық препараттар түсіп жатыр. Парацетамолдың 800 мың қаптамасы жеткізілді. Осы аптаның аяғына дейін тағы 900 мың қаптаманы әкеледі. Ал антибиотиктердің 150 мың қаптамасы дәріханалар желісіне тапсырылды. 

Мемлекет басшысы халықты дүрбелеңге салынып, дәріні артығымен алмауға үндеді. Себебі одан тапшылық басталады.

0
Кілт сөздер:
коронавирус, видео, дәрі, ұшақ
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Халық сенбей отыр": Айнұр Тұрсынбаева Тоқаевқа үндеу жолдады
Дәрігер дене қызуы көтеріле бастағанда не істеу керектігін айтты
Айнұр Тұрсынбаева желіде жазба жариялады - басы дауға қалған компания жауабы
Пневмониясы барларға қалай дұрыс жату керек – пульмонолог кеңесі
Қазақстандағы "белгісіз пневмония": министр Тоқаевтың сауалына жауап берді