Бойжеткен терезеге қарап тұр, архивтегі фото

"Жан дүнием күйреді": Пойызда зорланған әйел қазақстандықтарға үндеу жасады

1990
(Жаңартылды 10:32 05.08.2019)
Әйел сексуалдық зорлық үшін жазаны қатаңдатуға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз — Sputnik. Жолсеріктер зорлаған әйел қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, мұндай қылмыстарға жазаны қатаңдатуға шақырды. Оның үндеуін "НеМолчиKZ" зорлық-зомбылыққа қарсы қоғамдық қозғалысы" қоры өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады.

Әйел зорлықты бастан кешу өте ауыр сынаққа айналғанын айтады, дегенмен оқиғадан кейін болған жағдайлар да оңай соқпапты.

Тағы оқыңыз: Жолаушы әйелді зорлаған Тальго жолсеріктері сотталды

"Мен қайғы-қасіретті бастан кешірдім, әлі де кешіп жатырмын. Көптеген жыл бойы жеке қауіпсіз әлемімді жасадым, көп оқыдым, көп жұмыс істедім, әртүрлі елде болдым, түрлі мәдениетті көрдім және әрқашан отаныма үлкен сүйіспеншілікпен оралып жүрдім. Өз елімде, өз үйімде қорғансыз қалмайтыныма сендім. Дегенмен кез келгеніміз кез келген уақытта, кез келген жерде осындай жағдайлардың құрбаны болуымыз мүмкін екен. Мен сол түннен қорқынышты енді ештеңе болмайды деп ойладым, сол сәтте менің жан дүнием күйреді",- деп жазды әйел.

Үндеуде айтылғандай, ол тергеу барысында және сот кезінде де ауыр сынақтарға тап болған.

"Мен көрген моралдық зорлық пен қорлауды қайта зорланумен салыстыруға болады. Зорлық-зомбылық құрбандары қорғалмаған болып шықты", - деп атап өтті ол.

 Естеріңізге сала кетейік, жәбірленуші бұдан бұрын күдіктілердің туыстары қысым көрсеткенін айтқан болатын. Ол күйзеліске түскен, ал ішкі істер органдарының қызметкерлері жыныстық қатынас өзара келісіммен жасалған жоқ па деп бірнеше рет сұраған.

"Мен зорлықты бастан өткерген әйел ретінде ел басшылығына және парламент депутаттарына сексуалдық зорлықшыларға жазаны қатаңдатуды сұраймын. Зорлықты бастан кешіргендер тергеу жасауы тиіс барлық қадамды нақты білуі үшін құқық қорғау органдары қызметкерлері үшін әрекет етудің бірыңғай алгоритмін жасауды өтінемін", - деп түйіндеді зардап шеккен әйел.

Жұрттың жағасын ұстатқан оқиға

2018 жылдың қараша айында "НеМолчиKZ" зорлық-зомбылыққа қарсы қоғамдық қозғалысы" қорының басшысы Дина Таңсәрі (Смайылова) жантүршігерлік оқиға туралы жазды.

Оның айтуынша, елордадағы ғылыми конференциядан Ақтөбеге қайтып бара жатқан әйелді "Тұлпар-Тальго" пойызында екі жолсерік бірінен соң бірі зорлаған.

Үкім

Судья бұл оқиғаны жабылып зорлау деудің орнына "әдеттегі әйел зорлау" деп бағалады. Осылайша Жетес Үмбеталиев пен Қолқанат Құрманиязов Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлігінің 1-тармағы (зорлау) бойынша кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға жылға бас бостандығынан айырылды.

Кейін 29 шілде бас көлік прокуроры Ернат Сыбанқұлов, жолсеріктерге шығарылған сот үкімі қайта қаралатынын мәлімдеді.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы зорланған әйелден кешірім сұрады.    

 Осы оқиғадан кейін қазақстандықтар әлеуметтік желілерде вагондарды адамның жынысына қарай бөлу қажеттілігін қызу талқылады. "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) компаниясы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов айтуынша, пойыздардағы жеке әйелдер купесі қымбатқа түседі, компанияның оған шамасы келмейді.

"Әйелдер вагондарын енгізу дәл қазір мүмкін емес. Онсыз да вагон жетіспейді. Бұл өте қымбат. Бір вагонның бағасы миллион долларға жуықтайды. Біздің ең қымбат вагондарымыз –"Тұлпар-Тальго", - деді ол.

1990
Тақырып бойынша
Жолсеріктер пойызда әйел зорлады: бас көлік прокуроры мәлімдеме жасады
Пойызда әйел зорлады деген жолсеріктерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
ҚТЖ әйелдер купесінен бас тарту себебін түсіндірді
Загрузка...