Кісен, архивтегі сурет

Ұлттық тестілеу орталығының экс-басшысы не үшін ұсталды - тың деректер

1116
Директордың міндетін орындаушы Дидар Смағұлов Әлімқұловтың ісіне қатысты деректермен бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз — Sputnik. Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы басшысы Рамазан Әлімқұлов әкімшілік-шаруашылық қызметтегі заңбұзушылық үшін ұсталды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін орындаушы Дидар Смағұлов хабарлады.

Оның мәліметінше, қазір Әлімқұловтың ісі бойынша тергеу жүріп жатыр, жақын арада сотқа жіберіледі.

"Бұл істің ҰБТ сынағын өткізуге, мұғалімдерді тестілеуге еш қатысы жоқ екенін атап өткім келеді. Тергеу бойынша, жасалды деген барлық жемқорлық қылмыс әкімшілік-шаруашылық қызметке байланысты", - деп хабарлады Смағұлов.

Тағы оқыңыз: Сот залынан шыққан Суханбердиеваның көңілі босап кетті - видео

Әлімқұлов қандай күдікке ілінді?

Бұл жерде қонақүй қызметінің ақысын төлеу кезінде қаражат қымқырылғаны туралы сөз болып отыр.

"Бізге іссапармен адамдар көп келеді, қонақүй қызметінің ақысын орталық төлеген. Тергеудің пайымдауынша, дәл осы процедураларда заңбұзушылық болған", - деп атап өтті Дидар Смағұлов.

Оның айтуынша, Рамазан Әлімқұлов ұсталғаннан кейін қонақтарды қонақүйлерге орналастыру бойынша мердігерлік қызмет Ұлттық тестілеу орталығының қарауынан алынып тасталды.

Тағы оқыңыз: "Намысыма тиеді": тестілеу орталығының жаңа басшысына қандай өтініштер түсіп жатыр?

Келген адамдар өздері қонақүй таңдап, ақысын да өздері төлейді.

Рамазан Әлімқұлов биыл 24 мамырда екі айға қамауға алынды. Алдын ала деректер бойынша, ол жүйелі түрде аса ірі көлемде пара алып отырған.

 

1116
Кілт сөздер:
Рамазан Әлімқұлов, Ұлттық тестілеу орталығы
Тақырып бойынша
Қомақты қаражат қымқырған шенеуніктің бастығы отставкаға кетті
"Жазаны қатаңдату керек": Тоқаев пен Назарбаева не туралы сөйлесті?
Қазақстанда бірнеше полицей сотталды
Павлодар облысында әдептен озған әкім орынбасары жұмыстан қуылды
Архивтегі фото

Депутаттар азық-түлік сатып алу үшін арнайы купондар шығаруды ұсынды

2
(Жаңартылды 16:06 23.09.2020)
Мәжіліс депутаттары "Барша қазақстандыққа арналған қолжетімді және сапалы тамақтандыру" ұлттық жобасын әзірлеуді ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Мәжілістегі "Халық коммунистері" фракциясының депутаттары отандық азық-түлік өнімдерін сатып алу үшін арнайы купондар немесе төлем карталарын шығаруды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжіліс депутаттары "Барша қазақстандыққа арналған қолжетімді және сапалы тамақтандыру" ұлттық жобасын әзірлеуді ұсынды. Жобада отандық өнімдер үшін арнайы купондар шығаруды қарастыру қажет деп санайды "Халық коммунистері".

"Азаматтарға көмек ретінде отандық азық-түлікті сатып алуға арналған арнайы купондар немесе төлем карталарын шығару керек. Бұл бір мезгілде тамақ сапасын жақсартуға және қазақстандық өндірушілерді қолдауға мүмкіндік береді", - деді депутат Айқын Қоңыров.

Ол осы жылдың қаңтар-тамызында азық-түлік тауарлары, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 10,4%-ке қымбаттағанын атап өтті.

Әсіресе, халық рационының негізгі бөлігін құрайтын және Қазақстанда өндірілетін өнімдердің бағасы қатты көтерілген.

"Нан-тоқаш өнімдерінің бағасы 14%-ке,  ұн – 22,9%-ке, жарма – 33%-ке, картоп – 26,6%-ке, жұмыртқа – 13,9%-ке, май – 15%-ке, ет және ет өнімдері 13,5%-ке өсті", - деді мәжілісмен.

Тоқаевтың тапсырмасы орындалмай жатыр: мәжіліс министрді есеп беруге шақырды

Айтуынша, екінші тоқсанда халықтың азық-түлікке жұмсайтын шығындары рекордтық көрсеткішке – 56,4%-ке жеткен. Бұл қазақстандықтардың көп тамақ жей бастағанын емес, азық-түліктің қымбаттағанын білдіреді, деп түсіндірді Қоңыров.

"Халық коммунистері" фракциясы ұлттың, әсіресе өскелең ұрпақтың денсаулығына тамақтың сапасына әсер ететінін атап өтті.  Бұл күзгі-қысқы маусымда және коронавирустың болжанып отырған екінші толқыны қарсаңында өте өзекті.

2
Кілт сөздер:
Айқын Қоңыров, азық-түлік, депутаттар
Тақырып бойынша
Қазақстанда ең қымбат және ең арзан нан қай қалада сатылатыны анықталды
Төтенше жағдай кезінде азық-түлік қаншаға қымбаттады
Азық-түлік бір айда 1,9 процентке қымбаттады – Ұлттық банк төрағасы  
"Екі есе қымбаттады": алматылықтар қандай өнімдерді жаппай сатып алып жатыр
ҚР Салық кодексі

Мемлекеттік кірістер комитеті өткен жылдың көлік салығы неге есептелгенін түсіндірді

2
Салық міндеттемелеріне түзету енгізуге түскен 1507 өтініш иесінің басым көпшілігінің көлігі 2020 жылы сатылған

АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандықтар көліктерін сатқан кезде, оны уәкілетті органның тіркеуінен алып тастамайды немесе қайта рәсімдемейді.

"Салық міндеттемелеріне түзету енгізуге түскен 1507 өтініштің 1282-сі 2020 жылы сатылған көліктерге қатысты болып тұр, бұл -  86%", - деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті.

Қалған 225 өтініш сенімхат арқылы сатылып кеткен көлік иелеріне тиесілі.

"Салық органдары салық заңнамасының нормаларына сәйкес уәкілетті органның берген мәліметі негізінде 2019 көлікке салынатын салықты 2020 жылы, ал 2020 жылдың салығын 2021 жылы есептейді", - деп хабарлады комитет.

Сонымен қатар, наурыз айында коронавирус пандемиясының басталуына байланысты салық органдарында азаматтардың жаппай шоғырлануын болдырмас үшін қазақстандықтарға салық салынбаған.

Қазір салық органдары азаматтарға 2019 жылға және өткен жылдарға тиесілі, соның ішінде 2020 жылы сатылған көліктерге қатысты салық берешегі туралы мәліметті жаппай таратып жатыр. 2019 жылғы және одан бұрынғы салықты төлемей, көлігін биыл сатып жіберген азаматтарға қарызы туралы хабарлама жіберілді.

Жеке тұлғалар салық сомасын өзі есептей алады, оны 31 желтоқсаннан кешіктірмей төлеу керек.

Көлікке салынатын салықты есептеу үшін мемлекеттік кірістер комитетінің порталындағы "Салық калькуляторы" сервисін пайдалана аласыз.

2
Кілт сөздер:
салық, кодекс