Студенттер, архивтегі сурет

Қосымша бөлінген бес мың грант: қандай құжат қажет?

666
(Жаңартылды 13:58 07.08.2019)
Көпбалалы немесе атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары 086-У медициналық анықтамасы мен ҰБТ сертификатын тапсыруы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз — Sputnik. Көпбалалы немесе атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына қосымша бес мың грант тағайындау 10 тамызға дейін жалғасатын болады.

Тегін білім алу үшін ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде шекті балл (ұлттық университеттер – 65 балл, өзгелері – 50 ұпай, "педагогика ғылымдары" бойынша кемінде 60 балл) жинау керек.

Байқауға қатысуға қажетті құжаттар:

  • бекітілген үлгідегі бланкіде өтініш;
  • білімі туралы құжат (қабылдау комиссиясына құжат тапсыру кезінде түпнұсқасы болуы керек);
  • ҰБТ сертификаты;
  • 086-У формасындағы медициналық анықтама;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • мәртебесін растайтын құжаттар (көпбалалы немесе атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан).

Грант тізімі

Қосымша бес мың грантты жергілікті атқарушы органдар байқау негізінде тағайындайды. Облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдері байқау комиссиясын құрады.

Білім гранттарын тағайындау және ЖОО-ға түсу 25 тамызға дейін жалғасатын болады. Грант иегерлерінің тізімін жергілікті БАҚ жариялайды.

Тағы оқыңыз: Оқуға түсе алмағандарға тағы үш мың грант бөлінеді

Өңірлерде байқауды өткізуге жауаптылардың аты-жөні мен байланыс телефонын білім министрлігінің сайтынан табуға болады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмысы төмен және көпбалалы отбасының балаларына бес мың білім грантын бөлуді тапсырған болатын.

666
Кілт сөздер:
құжат, грант, балалар, көпбалалы отбасы
Тақырып бойынша
Қазақ қызы АҚШ пен Гонконг университеттерінің 11 грантын жеңіп алды
ҰБТ-дан 25 және 26 балл алған түлектер оқуға түсті
Үш қабатты коттеджі барлар да 21 мың алған: Сапарбаев шұғыл тапсырма берді
Аттестат ұпайы ескеріледі – білім гранты биыл қалай тағайындалады?
2019 жылғы білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды
Ішік

Нұр-Сұлтан тұрғыны анасының миллион теңге тұратын ішігін ұрлап, 30 мыңға сатпақ болды

80
Мас ер адам өтіп бара жатқан адамдарға қаракүзен ішігін сатып алуды ұсынған – оны учаскелік инспектор ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Алкогольге тәуелділіктен зардап шегетін ер адам анасының бір миллион теңге тұратын қаракүзен ішігін ұрлап алған.

Ол "Астаналық базардың" маңында өтіп бара жатқан адамдарға ішікті 30 мың теңгеге сатпақ болды, деп хабарлады Нұр-Сұлтанның полиция департаменті.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда қымбат телефонды ұрлап кеткен оқушының әрекеті видеоға түсіп қалды   

Тон ұстаған мас адамды учаскелік инспектор Бақтияр Байқанов байқап қалып, оны тергеу үшін полицияға жеткізген.

Нәтижесінде ішік заңды иесіне қайтарылды. Ол полиция қызметкеріне қырағылығы мен қызметтік міндетін адал атқарғаны үшін ризашылығын білдірді.   

80
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, ұрлық
Тақырып бойынша
Қарағанды облысында ұрланған көлік өртеніп кетті
Нұр-Сұлтанда қарақшылық шабуыл жасаған ағалы-інілі ұсталды
Талдықорғанда 35 жыл түрмеде отырған баукеспе ұры ұсталды
Сарыағашта ана мен баланың бірігіп жасаған қылмысы ашылды – видео
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Сарыөзек гарнизонын тексерді

Қорғаныс министрі Сарыөзек гарнизонының қысқы дайындығын қатаң сынға алды

31
(Жаңартылды 21:03 24.09.2020)
Әскери қалашық, казарма ғимараттарын жөндеуге тартылған мердігер компаниялар жұмысты аяқтау мерзімін сақтамаған

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқы дайындығын қатаң сынға алды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, Сарыөзек гарнизонындағы жылу желілері жылыту маусымына толық дайын емес. Ал қараша айына жоспарланған әскери қалашық, казарма ғимараттарын жөндеуге тартылған мердігерлер жұмысты аяқтау мерзімін сақтап отырған жоқ.

Суық күндер келе жатыр, бұған жол беруге болмайды, деп атап өтті қорғаныс ведомствосының басшысы.

  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
1 / 3
© Photo : Минобороны Казахстана
Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады

Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев қорғаныс министрлігінің мердігерлері тек қана үлгілі ұйым болуы керек екенін атап өтіп, мердігер ұйым басшыларынан нысандарды тапсыру мерзімін сақтауды талап етті.

Оқи отырыңыз: Қорғаныс министрлігі арнайы жиынға кімдерді шақырмайды 

Ал мердігерлер әскери нысандарға кіруге рұқсат алу мерзімі созылып кететінін айтып шағымданды.

Қалыптасқан жағдайға байланысты министр байқауларды өткізу тәртібі мен шарттарын жетілдіруді, командирлер, ҚР Қарулы күштері әскерлерін пәтерлерге орналастыру бас басқармасы, аудандық пайдалану бөлімдері мен мердігерлер арасында міндеттерді бөлу бойынша кешенді жүйелі ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.  

31
Кілт сөздер:
қыс, Ермекбаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Ақордадағы кеңесте алдағы өзгерістердің басты мақсатын айтты
Тоқаев былтыр жарылыс болған Арыс қаласына барды
Қыркүйекте әскерге шақырудың күзгі науқаны басталады
Маңғыстау облысында ірі ауқымды әскери оқу-жаттығу өтті