1 қыркүйек

1 қыркүйек жексенбіге түсіп тұр: Білім министрлігі мәлімдеме жасады

44828
(Жаңартылды 16:16 08.08.2019)
Жексенбіде Қазақстан мектептерінде алғашқы қоңырау соғылады, дегенмен сабақ болмайды

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз — Sputnik. Білім күні жексенбіге түсетініне қарамастан, 1 қыркүйек күні Қазақстанның барлық мектебінде салтанатты сап түзеу жиыны өтеді. Ақпаратты Sputnik Қазақстанға білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі растады.

"Сап түзеу 1 қыркүйекте өтеді, дегенмен бұл күні мектеп оқушыларына сабақ болмайды", - деп хабарлады Қазақстан білім және ғылым министрлігі.

"Білім туралы" заңға сәйкес, Қазақстанда балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап барады.

Білім министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, ата-аналардың көпшілігі балаларын мектепке алты жастан жібереді. Егер 2014 жылы алты жасар балалардың 60%-і мектепке барса, 2018 жылы олардың саны 80%-ке дейін өскен.

Жаңа оқу жылы тақап қалды: балаға қандай сөмке әперуге болмайды? 

2018-2019 оқу жылында үш миллионнан астам оқушы Қазақстандағы 7024 мектептің табалдырығын аттады, олардың 350 мыңы – бірінші сынып оқушылары. Бұған дейін Sputnik Қазақстан 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап төртінші, тоғызыншы және оныншы сынып оқушылары жаңартылған мектеп бағдарламасына көшетінін хабарлаған еді. Атап айтқанда, оныншы сынып оқушылары "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" пәнін оқиды.

44828
Кілт сөздер:
білім министрлігі, мәлімдеме
Тақырып бойынша
Қазақстанда сұранысқа ие мамандар: еңбек министрлігі 100 кәсіптің тізімін жасады
Білім министрлігі Шымкентте есірткі сатқан оқытушыға қатысты мәлімдеме жасады
Латын әліпбиіне көшу тағы 10 жылға созыла ма - министрліктің жауабы
Білім министрі биылғы оқу жылына дейінгі басты міндетті атады
Білім министрі оқытушылардың жаппай жұмыстан қуылуына қатысты түсініктеме берді
Загрузка...